Педагогикалық пәні, оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие процесі болып табылады.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.

Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде алғаш рет педагогиканың зерттейтін пәні, оның міндеттері және негізгі ұғымдары анықталып, балалардың ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық балалардың бәрін бірдей оқыту идеясы айтылды. Я.А. Коменский алғаш рет кластық сабақ жүйесінің негізін жасады.

Педагогикалық ойлардың қалыптасуына орыстың ұлы педагогы, ойшылы, философы К.Д. Ушинский зор үлес қосты. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің сипаты әлеуметтік экономикалық жағдайларға тәуелді екендігін, тәрбиенің халықтық тәрбие болуы керектігін, оқушы тұлғасын қалыптастыруда еңбектің ролі өте жоғары екендігі айтты.

К.Д. Ушинский адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді және адамгершілік тәрбиесінің негізі дінде деп есептеді.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939)балалар ұжымын құрудың және оған педагогикалық басшылық жасаудың принциптерін ұсынып, оны практика жүзінде тексерді, еңбек тәрбиесі мен отбасы тәрбиесінің және саналы тәртіпті қалыптастырудың әдістемесін жасады.

Орыс тіліндегі «Педагогикадан» алғашқы оқу құралының авторлары П.П. Блонский (1884-1941)және А.П. Пинкевич (1884-1939) болса, қазақ тіліндегі «педагогикадан» алғашқы оқу құралының авторы М. Жұмабаев болды.

Педагогиканың объектідаму, қалыптасу үстіндегі адамзат баласы болып табылады.

Ал зерттейтін пәні саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған педагогикалық процесс болып табылады.

Педагогиканың функциясы педагогикалық процесті сипаттау, оны түсіндіру және болжау болып табылады.Педагогиканың функциясы үш түрге бөлінеді:

Жалпы теориялық (педагогикалық процестің заңдылықтарын теориялық тұрғыдан талдау), болжаушылық (педагогикалық процестің дамуын негізделген түрде алдын ала болжау), практикалық (оқу, тәрбие жүйесінде жаңа әдістерің мен тәсілдерді, құралдар мен формаларды ұсыну) функциялар.

Педагогиканың негізгі ұғымдары.

Тәрбиедеп адамзат баласының (халықтың, этностың) ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың (адамның) бойына сіңіру, оларды қоғамда еңбек етіп, өмір сүруге даярлау, қоғамның одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында аға ұрпақ пен жас ұрпақтың (педагог пен оқушылардың, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің, ата-ана мен баланың, әлеуметтік тәжірибесі мол адам мен тәжірибесіз адамның) өзара бір-бірімен әрекеттесу процесін айтамыз.

Оқытудеп оқушыларға ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдылар жүйесін (мемлекеттік білім стандартына сай ғылым негіздерін) меңгерту, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру ақыл-ой қабілеті мен күш-қуатын дамыту, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін немесе мұғалімнің басшылығы мен оқушылардың өзара бір-бірімен әрекеттесуін айтамыз.

Білім деп оқытудың нәтижесін, оқушының оқыған пәндері бойынша қалыптасқан ұғымдарының, түсініктерінің, бейнелерінің, теорияларының, меңгерген заңдары мен заңдылықтарының, ілімдерінің ғылыми фактілерінің, принциптері мен ережелерінің, әдістері мен тәсілдерінің, білік дағдыларының жүйесінің көлемін, ойлау тәсілдерін айтады.

Өзін-өзі тәрбиелеудеп адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдет пен әдепті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуін айтамыз.

Өздігінен білім алудеп адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруді мен меңгеруіне байланысты өз бетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуін айтамыз.

Қайта тәрбилеудеп осыған дейін қолданған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдістері мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгертуді айтамыз.

Дамудеп адам ағзасы мен қасиеттеріндегі сандық және сапалық өзгеру процесін және нәтижесін айтамыз.

Қалыптасу деп ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық-барлық факторлардың (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық идеологиялық, психологиялық және т.б.) ықпалы мен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуін айтамыз.

Педагогика ғылымының жүйесібірқатар педагогиканың салаларына тұрады:

Педагогика тарихы– тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Арнайы педагогика– көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Арнайы педагогиканың салалары:

Сурдопедагогика– саңырау, мылқау, керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;

Тифлопедагогика– соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;

Олигофренопедагогика– ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту м ен тәрбиелеу;

Логопедия– тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейді.

Пәндерді оқыту әдістемесі– оқыту және білім беру теориясына – жалпы дидактикаға сүйенеді.

Мектеп педагогикасы– кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.

Жоғарғы мектеп педагогикасы– жоғарғы мектептегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы– педагогикалық процес және жұмысшы кадрларының кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандардың заңдылықтарын қарастырады.

Әскери педагогика- әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындағы әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Салыстырмалы педагогика- әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді.

Этно педагогика– ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:

Философия– бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.

● Психология– адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.

● Адам физиологиясы– бала организміндегі жоғары

Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

● Мектеп гигиенасы– жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

● Әлеуметтану– жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.

● Этнография– белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.

● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.

Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Наши рекомендации