Ойындық модельдің құрылымы
Ойындық модельдің элементтері | Конструктивті тәсілдер |
Ойынның мақсаты | Ойындық мақсатты тұжырымдау |
Ойынның сценарийі | «Апаттар» жасау Мінез-құлықтық қарама-қайшылықтар ұйымдастыру Имитация объектінде процестің іс жүзіндегі уақытына қатысты ойын уақытын қысқарту немес созу |
Рөлдер жиыны мен ойнаушылардың міндеттері | Қызығушылықтары бойынша қарама-қайшы рөлдерді енгізу Қосарланған рөлдерді енгізу (ойын процесінде рөлдердің ауысуы) Рөлдің портретін құру Рөлдерді түрлері бойынша бөлу Икс кейіпкерін ойынға кіргізу Ойын құқықтары мен ойыншылардың міндеттерін құрастыру |
Ойын ережелері | Ойын ережелерін құрастыру (іс жүзіндегісіне қосымша) |
Ойындық құжаттаманың жиыны | Құжаттаманың ойындық «бумасы» Тану белгілерін, символдар мен эмблемалар жасау Графиканы пайдаланып ойын материалдарын рәсімдеу |
Бағалау жүйесі | Өлшемдер, балдар жүйесі, бағалау нәтижесін көзбен көру |
Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары: дәстүрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде және ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде), оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекстік оқыту «таза» күйінде, бастапқы нұсқасында сирек жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы басқасының элементтерін қамтиды. Мысалы, ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен белгілік-контекстік оқыту мәселе қоюшылықты, проблемалық тапсырамаларды кіргізеді; дәстүрлі оқыту контекстіліктің элементтерін кіргізеді және т.б.
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп қосылуы білім беру процесінің негізгі сипаттамаларын шығармашы-лықтық тұрғыдан қолдануды шын мәнінде жүзеге асыра алады: оның басқаруға көнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен салыстырылуын, атап айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, бағдарламаланушылық, белсенділік, өз бетімен әрекет жасаушылық және оқушылардың жеке бастарының ерекешеліктерін ескеру.
2.2.Тұлғалық іс-әрекет - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі.
Оқытуда қолданылатын келістің жалпы анықтамасы. Оқу процесін талдау барысында «келіс» категориясы дәстүрлі түрде оқытушының, яғни мұғалімнің тұрғысынан қарастырылады. Осы контексте 80-ші жылдардың ортасында тұжырымдалған оқытуға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан келу көбінде оқушының күрделілігі мен проблематикасы әртүрлі, арнайы ұйымдастырылған оқу тапсырмаларын шешу барысында педагогтың оқушының оқу қызметін субъектік бағытталынған ұйымдастыру және басқару ретінде қарастырылған. Бұл тапсырмалар оқушылардың тек пәндік және коммуникативтік құзырлығын ғана дамытпайды, оның өзін де тұлға ретінде дамытады. Сол мезгілде тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқушы позициясынан да қарастырыла алатыны белгілі болды. Д.Б. Элькониннің оқу қызметіне берілген анықтамасына сүйене келе, оның ерекшелігі - ол осы қызмет субъектісінің дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған, тұлғалық-іс-әрекеттік келіс бағытының екі жақтылы туралы мәселе көтерілген: педагогтың позициясынан және оқушы позициясынан. Мәселені осылай көтеру көп жылдық зерттеулердің нәтижелерінде «кездеседі» (И.С. Якиманская, А.К. Маркова, А.Б. Орлов және т.б.), олар тек қана ескерудің маңыздылығын ғана емес оқыту процесінде оқушының жеке-психологиялық сипаттамаларын арнайы ұйымдасты-руды қажет екенін көрсеткен: мотивация, бейімделу, қабілеттілік, коммуникативтік, бір нәрсеге басымдылық беру деңгейі, когнитивтік стиль және т.б.
Өзінің анықтамасы бойынша «оқытудағы келіс» көпмағыналы. Бұл а) қоғамдық сананы қолданушылар ретіндегі оқыту субъектілерінің әлеуметтік ұстанымдары көрініс табатын дүниетанымдық категория; б) мұғалім (оқытушы) және оқушы (студент) педагогикалық өзара әрекеттесудің субъектілерінің өзін және білім беру процесінің барлық компоненттерін қоса отырып, білім беру процесін ғаламдық және жүйелі ұйымдастыру. Келіс категория ретінде «оқыту стратегиясы» ұғымынан кең – ол оны әдістерін, формаларын, оқыту тәсілдерін анықтай отырып өзіне кіргізеді.
Тәсілдің тұлғалық-әрекеттік негіздері психологияда Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің, Б.Г. Ананьевтің жұмыстарында көрініс тапқан, онда тұлға әрекеттің субъекті ретінде қарастырылады, ол өзі әрекетте және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып қалыптасып, осы әрекет пен қарым-қатынастың сипатын анықтайды.