Ата-аналарға арналған кеңестер 4 страница

Сондай-ақ, педагог үнемі баланың материалмен және оның жекелеу ерекшеліктерін танысу дәрежесін есепке алғаны жөн. Мектепке дейінгі жаста ойлаудың үш негізгі формалары өзара тығыз байланысады:

1. көрнекілі-қимылды;

2. көрнекілі-бейнелі;

3. ауызша-логикалық.

Ойлаудың бастапқы кезеңінде қабылдауға сүйене әрекет қалыптасады. Педагог баланың практикалық іс-әрекеті жолын алдын ала бағыттайды, бір заттан екінші затқа, басқа, таныс емес жағдайларға көшу әрекетінің қалыптасуына көмектеседі. Өз әрекетін ауызша жалпылау толық бейне пайда болуына және ойдағы жоспардың жүзеге асуына әкеледі. Сабақ барысында келесі тәсілдер қолданылады: салыстыру, жалпылау, қарама-қарсы қойып салыстыру, аналогия, табиғат құбылысы мен объектілері арасына байланыс орнату, белгілі фактілерді топтастыру және жүйелеу, пікір түрінде дәлелдер және ой қорытындысын қалыптастыру.

Ойлаудың көрнекілі формасының өз уақытында қалыптасуы танымдық іс-әрекет дамуын өзгеретеді және балаларды мектепке оқуға дайындықта маңызды буын құрастырады.

Біртіндеп оқудың әсерімен ақыл-ой әрекеті қалыптасуына көшу жүзеге асады, олар күшейген көрнекілі жоспарда орындалады. Сонымен қоса балаларда бағдарлық әрекет (сынаулар) қалыптасады, олар балаларды көру бағдарынан сандық белгіге көшуге мүмкіндік береді. Балалар оқудың ықпалымен мәнді және болмашы заттардың белгілерін бөліп көрсетеді, жасалған бейне аналогиясын және шынайы заттарды орнатады. Бөліп көрсеткен белгі жалпылаудың белгілі бір деңгейінің белгісі болады. Коррекциялы-дамытушы оқыту әсерімен бала себептері мен қажеттіліктерін басқа, әлеуметтік және эстетикалық маңызды деңгейге ауыстыруға болады. Балалар ақыл-ой ерекшеліктері дамуымен тек ересектердің сұраулары мен тапсырмаларына ғана жауап бермейді, сондай-ақ өз ойындағын суретке салуға қабілетті. Тіпті сөйлеген кезде жасалған бейнеден, қандай да бір жақсы нәрсе салу шеберлігінен қанағат сезімін алады.

Балаларда ойыншықтарға және олармен жұмыс істеуде қызығушылық туады. Ересектер балалар іс-әрекетіне ұйымдастырушы және қызығып, эмоционалды қосылған ойындарды ойнау кезінде серіктес ретінде қатысады. Ойын барысында балаларды көрсетілген ойындарда шынайы процестермен, әрекеттермен және қарым-қатынаспен таныстыру:

- рөлге ену;

- ойын әрекеті мен заттарға жағымды эмоционалды қатынас құру;

- балалардың күнделікті тәжірибесіне зейін қою;

- олар өмірде қалай құрылғанын белсенді еске түсіру;

- ойын әрекеттердің логикалық жүйелілігін ұғыну.

Оқу барысында сюжетті-рөлдік ойыны кезінде шынайы заттар мен табиғи өнімдерді мақсатқа лайықты қолдану. Мектепке дейінгі балаларды ерекше оқытуда ақыл-ой дамуы сюжетті-рөлдік ойында келесі кезеңдерді есепке алады:

- алдағы ойын тақырыпты есепке ала отырып мақсатқа бағытталған бақылау өткізу;

- көргендері туралы әңгімелесу кезінде балалар қоршағандары туралы ұғымдарды айқындау және анықтау;

- алдағы сюжетті-рөлдік ойындар үшін атрибуттар дайындау;

- оңтайланған нұсқада (жеке үзінділер, эпизодтар) ойындарды өткізу;

- сюжетті ойындардың дамуы мен тереңдеуі.

Ойындарды жоғары деңгейге ауыстыру белгілі бір жағдайларда жүзеге асады: ересектер балаларға ойын мағынасын түсінуге, рөлдерді бөлуге, оның өтілуін жоспарлауға және мүмкін сюжетті вариация қалыптастыруға көмектеседі. Балалардың назарын дұрыс ойын әрекетіне ғана емес, сонымен қатар тәрбиеде позитивті сезім мен мейрімді қатынас арасындағы өзара қарым-қатынасқа аударуы қажет. Сюжетті-рөлдік және театрлы ойындарда әлеуметтік қарым-қатынас жасау мен ұғыну іс-әрекет мақсаты мен құралы болып табылады, мектепке дейінгі жастағы балаларда тек жетекші іс-әрекет қана емес, сондай-ақ жағымды сапа мен қатынас қалыптасады.

Қоршағандармен танысу бойынша коррекциялық жұмыс түрлі заттар мен құбылыстар туралы ұғым және қабылдау, сонымен қоса адам, оның іс-әрекет түрлері мен табиғатпен өзара қатынасы туралы қалыптасуына бағытталған.

Қоршаған ортамен танысу баланың сезім тәжірибесіне байытады, барлығына зейінді болуына үйретеді. Ерекше білімді қажет ететін баланы көру және қарауға, есту мен тыңдауға, ұстап көру мен дәмін сезуге үйрету маңызды, көргендерін ауызша қорытындайды. Балаларда қоршаған туралы адекватты ұғым қалыптастыру кезінде сөз үшін сезім негізі жасалады. Бала ауызша объектілер, құбылыстар мен қатынастарды (тақпақтар, әңгімелер, ертегілер, өлеңдер) қабылдауға дайындайды.

Уақытша ұғымдар, уақытқа бағытталуды қалыптастыруға сондай-ақ қоршаған ортамен танысу енгізілген, себебі балалар өз іс-әрекеттеріндегі уақыт пен темптің маңыздылығын түсіне бастауы, бақылаудың бастапқы дағдыларымен игеруі үшін берілген. Табиғатпен танысу процесінде балаларда табиғат объектілері мен құбылыстардың өзара байланысы туралы ұғым қалыптасады, балалар байланыс себептерін көру және түсінуге үйретеді. Сонымен қатар балалардың экологиялық тәрбиесіне аса көңіл бөлінеді. Қоршаған ортамен танысу бойынша сабақ келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

- әлеуметтік өмір құбылыстарымен танысу;

- адам баласымен жасалған заттар әлемімен танысу;

- табиғат құбылысы және табиғатпен (тірі және өлі) танысу.

- айналамен танысу баланың ақыл-ой дамуыда мәнді қозғалысты қамтамасыз етуі керек.

Қоршаған ортамен танысуда балалардың ақыл-ой дамуында мәнді жылжуларды қамтамасыз ету керек.

Ересек пен баланың мазмұнды қатынас процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі үшін маңызды болып табылады. Ол жалпы және ерекше оқыту-тәрбиелік мақсатта негізделеді, дені сау, белсенді, сөйлесе, ойнай, қуанта, сурет сала, еңбек ете алатын бала өсіруге мүмкіндік береді. Спецификалық бағыттар баланың танымдық іс-әрекетінде екінші қайтара ауытқуларға нәтижелі коррекциялар жүргізу, заттық-даму ортаға, ересектердің балалармен қатынастың адекватты формасына ерекше талаптар үшін жағдай жасауға бағытталған.

Денсаулық сақтауға арналған оқыту жүйесінің екі бағыты бар:

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау, нығайты және жетілдіру үшін жағдайлар жасау, адамның денсаулығының рөлі туралы ұғым қалыптастыру.

2. Екінші – мектеп жасына дейінгі балаларда дені сау болуға қажеттілік, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулығын сақтау мен нығайтудың әдіс-тәсілдерін кейбіреуін игеруді қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі балаларда жеке мәдениет негіздері жинақталады, құрамына баланың шынайы заттық әлеміне, адамның қолынан жасалған заттар, өз өмірі мен іс-әрекеті құбылыстары, өз-өзіне, қоғам өмірінің құбылыстары және қоршаған адамдарға бағдары жатады.

Барлық әлеуметтік даму бойынша жұмыстар толығымен әртүрлі жастағы қоршаған адамдармен балалардың продуктивті өзара әрекеті дағдылар қалыптасуына бағытталған, олардың мектепке оқуға дайындығы, ал қорытындылай – қоғамдағы өмірге бейімделуі.

Балалардың сөйлеуінің дамуы мен коммуникативті қабілеттерін қалыптастыру балалардың барлық іс-әрекетінде, күнделікті өмірінде, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас процесінде, сондай-ақ арнайы сөйлеуді дамыту сабақтарында болады. Балалардың сенсорлық тәрбие, ойлауын қалыптастыру сабақтары барысында қоршаған орта туралы көзқарас және қабылдау бейнелері жасалынады, заттардың қасиетін және сапалар бейнелейтін сөздерді меңгеру жүзеге асырылады, жағдайлардың бірізділігі меңгеріледі. Барлық меңгерілген әлеуметтік және эмоционалды тәжірибе сөзде бекітіледі және жалпыланады, ал сөйлеу мазмұнды негізге ие болады.

Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде балаларда вербалды емес қарым-қатынас формаларын дамытуға көп көңіл бөлінеді – ересек адамның бетіне тік қарау, сілтеме, шақыру қимылын түсіну, эмоционалды қарым-қатынас формасы ретінде сәлемдесу және қоштасу қимылдарын орындау. Кейінде бұл формалар вербалды қарым-қатынастың қалыптасуымен өз мағынасын жоғалтпайды, ал дамыта және жетілдіре түседі.

Сөйлеуді дамытуға арналған арнайы сабақтар барысында балалардың басқа іс-әрекет түрлерін меңгерілген сөздік материалы жүйеленеді және жалпыланады, сөздігі кеңейтіледі және нақтыланады, байланысты сөйлеуі белсендендіріледі. Сонымен қатар коррекциялық міндеттер жүзеге асырылады: сөйлеудің негізгі атқаратын қызметтері қалыптасады – тіркеуші, көмек көрсетуші, танымдық, реттеуші және коммуникативті, сонымен қатар балалардың дыбысты дұрыс айту коррекциясы бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Құрылымды көп құзырлы ұйымдастырылған іс-әрекет балаға оқыту әсерінен құрбылары және ересектермен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейіне өтуге, өзінің ең жақсы тұлғалық қасиеттерін дамытуға және әлеуметтік белсенді әрекет жасаушы, толық құқылы мүшесі болуға мүмкіндік береді. Білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды коррекциялық-дамыту бағытының жоғарыда аталған бағыттарымен қатар балаларды жазуға даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жазу дағдыларын меңгертуге байланысты даярлығын қалыптастыру бойынша коррекциялық жұмыстың мазмұны келесі бағыттардан тұрады:

1. Қолдың жалпы және ұсақ моторикасын көру - моторлық координацияны дамыту.

2. Көру зейіні және көріп қабылдауды қалыптастыру.

3. Кеңістікте бағдарлауды қалыптастыру және дамыту.

4. Есту зейіні және есту – моторлық координацияны дамыту.

5. Қарпайым негізгі графикалық іскерлік және дағдыларды дамыту.

Балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың жоғарыда аталған бағыттары оқытудың әрбір жылында балалардың жас ерекшелік қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескеру арқылы ауыстырылып отырады. Оқытудың бірінші жылында қолдың жалпы моторикасының дамуына, қол саусақтарының функционалды мүмкіндіктерін, көру-моторлық координацияны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Оқытудың екінші жылында көру зейіні және көріп қабылдаудың, сонымен қатар кеңістікте бағдарлауды дамытуға негізгі көңіл бөлінеді.

Оқытудың үшінші жылы сабақ барысында есту зейіні және есту-моторлық координацияны дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Оқытудың төртінші жылы балаларда негізгі графикалық іскерліктер және дағдыларды қалыптастыруға, тапсырмаларды бір парақ қағазда дәптерлерде орындау іскерлігін қалыптастыруға арналады.

Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жазу дағдыларын меңгеруге даярлауға бағытталған, коррекциялық жұмысты кезеңмен өткізу материалды меңгерудің бірізділігін, жүйелілілгін қамтамасыз етеді және толықтырушы сипаттағы мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогикалық үрдісінің негізгі бөлімі болып табылады.

Наши рекомендации