Ата-аналарға арналған кеңестер 1 страница

Тақырыбы: «Отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі»

Кез келген отбасы күтіп жүрген балалары уақытында және дені сау болып туылуын қалайды. Сәбидің дүниеге келуі өмірге маңызды әсер етеді. Сәбиге негізгі назары ауысады, отбасының барлық мүшелері қандай да бір дәрежеде оған қажетті жағдай және дамуына жағдай жасауға айналысады.

Кейбір уақыт аралығында өмір ағысы арқылы өмір тұрақталады, сапалы жаңа деңгейде.

Дамуында ақауы бар бала туылған отбасында жағдай күрделілірек, яғни арнайы білім беруді қажет ететін отбасында. Күтіп жүрген қуаныштың орнына үйге қайғы, қорқыныш, үміт үзу келеді. Сәбилерінің мәселесі туралы білген ата-аналар сезімдері туралы, әке мен шеше болған жағдайды әртүрлі қабылдайды. Көбінесе кез келген ана көп ай бойы құрсағында көтеріп жүрген баласын өзінің бөлігі деп есептейді. Ана баласының науқас екенін бірінші болып біледі, бірінші болып баласы, күйеуі, туғандарының алдында кінә мен ұят сезімін сезінеді. Оған ең бірініш болып қоршаған ортаны оны қалай қабылдайды деп бала үшін қорқыныш үйіп-төгіледі. Бірақ ана өз баласынан бас тарта, оның денсаулығына қарамастан жалғыз тастай алмайды. Ол баласы өсіруге және «аяғына тұрғызуға» қолынан келгеннің барлығын жасайды. Психологиялық жағынан әкелер ұрпағының ден сау болып өскенді қалайды. Баласының науқас болып туғаны үшін оларда аса алаңдаушылық шақырады. Көбінесе әкелерде баласынан бас тарту ойы келеді, егер де ауытқуы анық байқалмаса, онда әкелер біраз тынышталып, барлығы өз орнына келеді деп үміттенеді.

Отбасындағы өзара қарым-қатынастың одан ары дамуы көбінесе анасының мінез-құлқы және жақын туысқандарының оның мінез-құлқына реакцияларымен анықталады. Ана баламен болған жайтқа қатты қиналады, ол үшін өзінің ойымен, сезімімен бөлісуге біреудің болғаны өте маңызды. Егер күйеуі өз сезімі мен эмоциясын жасырмай, ашық айтуға, өзінің қорқынышы мен күмәнін талқылауға мүмкіндік берсе, ол үшін бір үлкен жұбату.

Еш уақытта бір-біріне кінәлау сөздер айтылмау керек. Ата-аналарға «сену – сенбеу» сұрақтарына өзінің қатынасын тезірек анықтап және түсініп алуы қажет, себебі олар «жалғыз емес». Ата-аналар жаңа, экстремалды жағдайларға қаншалықты тез бейімделіп кетуінен отбасы өмірі, баланың ғана емес, сонымен қоса барлық отбасының болашағы байланысты. Әке баланың жанында болуы анаға сенімділік береді, себебі ол өзін жалғыз қалмайтынынан сенімді болады.

Баланың емделуімен айналысып, ата-аналар өз қажеттіліктерін ұмытпауы қажет. Оларға басқа да балалармен, туысқандарымен қарым-қатынасқа түсуі қажет. Ата-аналар достарымен кездесуге, қонаққа баруға, концерттерге барудан бас тартпауы керек. Олар тамаққа, ұйқыға, демалу, көңіл көтеру сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.

Кейбір ата-аналар науқас баласы үшін бәрін құрбан етіп, бірінші кезекке емдеу тәсілін табуға міндеттіміз деген ойға келеді. Оны ата-аналар өміріндегі іс деп ойлайды, баланың еш өзгермейтіні туралы мамандардың қорытындыларына қарамастан, барлық күштерін, қаржыларын және уақыттарын дәрігер – сиқыршыны іздеуге жұмсайды. Осы сияқты отбасында алғашында барлығы анасымен келіседі, бірақ уақыт өте келе отбасында күштену ұлғая түседі. Күйеуінің назарын жоғалтқан әйелге басқа жақта іздеуге тура келеді. Психикалық және физикалық күштену ананы шаршауға, тітіркенгіштікке әкеледі. Егер шеше «құрбандыққа әкелген» жағдайынан шықпаса, онда отбасы ажырасып кетеді. Отбасының қолдауынан айырылған аналар, әдетте өздерін «азап шегуші» деп есептейді, барлығына күйеуін және басқа туысқандарын кінәлайды. Отбасынан ерлі-зайыптылардың біреуінің кетуі, әсіресе қолында науқас баласы қалған жағдайларда екіншісіне ауыр тиеді.

Егер осы жағдайдың барлығы Сіздің басыңыздан өткен болса, онда келесілерді ойлауға тырысыңыз: мүмкін Сіз өмірлік жарыңызды дұрыс таңдамаған шығарсыз.

Қандай жағдай болмасын, науқас баламен жалғыз қалу қорқынышты болса да, оны жақсы көруіңізді жалғастырыңыз, жаңа адамдармен, бұрын сізге таныс емес – дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлерімен, осы сияқты балалары бар ата-аналармен қарым-қатынасқа түсіңіз.

Жаңа таныс шеңберіңізді кеңейте, олардан қажетті білім ала отырып, Сіз балаңыздың даму мүмкіндігінмен тез бір тоқтамға келесіз. Кешірімді және көмек алуға үйреніңіз.

Бала үшін қоршаған ортасына жаңа адамның келуі тек оған пайда әкеледі. Баланы күтуге басқа адамдарды қызықтыра отырып, оларға жаңадан көп нәрселерді білуге мүмкіндік бересіз. Дамуында артта қалған баланы күтуде басқа адамдарды қызықтыру Сіздің қоршаған ортаға қатынасыңызды және дамуы артта қалған балаға қоғамда адекватты қатынасты жақсартуға көмектеседі.

Егер сізге жүйелік көмек қажет, оны туыстарыңыз және таныстарыңыз көмектесе алмаса, онда қажетті мемлекеттік мекемелерге (денсаулық сақтау органдары, әлеуметтік көмек, білім беру) немесе қоғамдық ұйымдарға баруіңізге болады, бәлкім олар қажет көмекті көрсететін шығар. Бірақ алдымен көмек сұрамас бұрын, қандай мекемелерден қажетті көмек және қандай жағдайда көрсете алатынын анықтап алғаныңыз жөн. Ол үшін Сізді толғандыратын сұраққа жауап беретін ұйымдар қызметкерлеріне ауызша немесе жазбаша түрінде, Сізге қандай көмек және қандай жағдайда көрсете алатынын сұраңыз.

Қоғамдық ұйымдарда тікелей осы мәселеге қатысы бар адамдар жұмыс істейді. Жеке әңгімелесу кезінде ұйым қызметкерлерін өз эмоцияларыңмен күштемеңіздер, олар да адам баласы және оларда да өмір қиыншылықтары басынан асады. Жағдайды, қандай көмек қажет екенін анық сипаттап беріңіз. Рақымшыл болыңыз. Рақымшылықтың үнемі есесі қайтады. Қызғаныш қызғаншақты арбайды және қоршағандардан итермелейді. Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын!

Дамуында бұзылуы бар бала туылған отбасының ең негізгі міндеті отбасы ішілік және сыртқы әлеуметтік байаныс мен қатынасын сақтау болып табылады. Мүмкін, отбасы ішілік арақатынасты туысқандары мендостарының көмегімен қайта құруға тура келеді. Алғашқы жылдардағы күрделі мәселелерді келісуде жеңе алған отбасы, жаңа деңгейге шығады және өздерінің негізгі міндеті – баланы өз бетінше өмір сүруге дайындауда нәтижелі шешуге қабілетті болады. Осындай отбасындағы бала табысты дамиды, толық құнды өмірмен өмір сүреді, қатынас шеңбері кең, өзінің жетістікерімен жақындары мен туыстарын қуантады. Мұндай баланың болашағы бар екеніне және өмірде өз орнын таба алатындығына сенімдіміз.

Тақырыбы: «Бала өміріндегі ойыншықтың орыны»

Баланың қоршаған орта туралы ойын анықтайтын дайын ойыншықтар, ойынының мазмұнын әртүрлендіреді және оның ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытуға көмектеседі. Баланың ақыл-ой әрекетін дамыту үшін арнайы жасалған ерекше категориялы ойыншықтар бар. Олармен ойнауда, ол ажыратуға, салыстыруға, түсін, формаларын, заттың көлемін көрсетуге үйренеді, заттар саны мен сапасы туралы ұғым қалыптастырады.

Осы сияқты ойыншықтар бұрын жасалған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген және жетілдірілген халық ойыншықтары: шарлары мен жұмыртқалары бар қайықтар, әртүрлі ұсақ ойышықта, кейінірек – матрешкалар, конус тәрізді түрлі түсті шеңберлі бар мұнара – «пирамидалар», бирюлькалар. Осылардың барлығы дидактикалық ойыншықтар, яғни оқытушы.

Бала дидактикалық ойыншықтармен ойнай отырып, белгілі бір іскерлікке ие болады, жаңа әрекеттерге үйренеді. Дидактикалық ойыншықтар алғаш рет балаға бір жаста сатып әпереді. Сылдырмақ оның сабынан ұстауға, сылдырлатуға, анықтап қарауға және т.б. үйретеді.

Халық дидактикалық ойыншықтарды балалар алғашында ересектермен бірге, кейінірек өз бетінше ойнай бастайды, өйткені олардың үлкен бөлігі өзіндік бақылау мүмкіндігін пайдаланады. Матрешкаларды бір-біріне кигізе, салыстыра, қаттап сала, мұнара-пирамидасының оқтамасына сақинаны кигізе отырып, балалар бірден қатені көреді немесе ойыншықтардың конструкцияларының арқасында қате жібере алмайды. Матрешканы дұрыс жинамай көрейік, бірақ өйте алмаймыз, тек кішкентайларын үлкендерге саламыз, барлық фигураларды біреуге жүйелі түрде салуға болады. Бала бірнеше ойын-тәжірибелерден кейін бұны түсінеді. Бір уақытта ол көзбен бөлшектерді өлшеп анықтай алады, қандай ойыншықтардың жартысын бірге қосуға болатынын үйренеді. Кіші мұнарамен ойнау кезіндегі әрекет қиындайды, мұнда біркелкі сақиналар жоқ, әрбіреуі бір-бірінен сәл ғана үлкен. Егер қателесіп, сақинаны дұрыс кигізбесе, ол бірден көрініп тұрады. Салыстыру – үлкен немесе кіші сондай бөлшек, қаншалықты кіші – қызықты ойын іс-әрекетінде өтеді.

Дидактикалық ойыншықтар баланың қасында ересектер болған кезде анағұрлым пайда әкеледі. Ол түстің атауын, «үлкен-кіші» ұғымын анықтауы, міндет қоя, балаға жаңа ақпарат бере алуы керек.

Бұл жерде дидактикалық ойыншықтардың әрбіреуімен қалай ойнау керектігін толық айтудың керек емес, оның қажеті жоқ, себебі арнайы әдебиеттер саны жеткілікті. Дидактикалық ойыншықтар, егер балаға ересектер көмектескен жағдайда ұсыныс, білімін, бала сөйлеуін байытады. Дидактикалық ойындарда баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, біртінділікті, оқытудың жүйелілігін сақтау өте маңызды.

3-4 жасар баламен ойнауда ересектер оның алдына бір-бірінен кіші матрешкаларды орын-орнына қояды. Ең үлкен матрешкада қызыл орамал, одан кішісінде – көк. Міне одан кіші матрешкада жасыл орамал, ал ең кішісінде - сары. Ересек орамалдар түсін айтады, ал бала оны қаталайды. Бала түсті меңгергенін ересек көргеннен кейін, оған былай дейді: «Көзіңді жұм». Бала көзін жұмады, осы кезде ересек матрешканың біреуін тығады. «Қарашы, біз ұйықтап жатқанда бір матрешка қашып кетіпті. Сенің есіңде ме қайсысы екені? Онда қандай түсті орамал болды?» Бала зейіні мен есте сақтау қабілетін күштейді, егер дұрыс жауап берсе, есіне түскеніне қуанады. Келесі жолы балаға матрешеканың бойы қандай болатын, киімдері қандай түсті болды, тіпті ол қай жерде тұрғанын есте сақтау міндетін қоюға болады. Бұл ойын қызықты, осы үдерісте бала көптеген қажетті сапаларды дамытады: зейінін, ырықты есте сақтау, ақыл-ойын күштеу қабілетін.

Орта және ересек жастағы мектепке дейінгі балалар өздеріне немесе достарына осы сияқты міндеттер қоюына болады. Олар, мысалы, мұнараның қай сақинасы алынған, саны, түсі бойынша қандай болды, қай жерде жатты сияқтыларды табады.

Бір ойыншық әртүрлі жастағы балаларға қызмет етеді, тек тапсырмалары ғана әртүрлі болады, балалардың алған білімдері, дағды және іскерліктері көлемі біртіндеп кеңейе түседі.

Дидактикалық міндет көбінесе үстел үсті ойынында қойылуы мүмкін. Лото, домино, жұп суреттер, «квартеттер» ойындары балаға санап үйренуге, заттардың қарапайым классификацияларын өңдеуге, заттарды тепе-теңдігі және ұқсастығы және т.б. арқылы салыстыруға көмектеседі.

Үстел ойындарының ережелерінде қай жастағы балаларға осы ойынды ойнауға болатыны жазылған. Әрине, ересектер балаларға ойын ережесімен таныстыру керек, олармен бірге ойнауға міндетті. Сосын балалар өздері ойнайды.

Балаларды зеріктіріп жіберген ойынды, қайтадан қызықты етіп жасауға болады. Әдетте ойындардың бірнеше нұсқасы болады. Асығып, бірден балаға барлық нұсқасын көрсету керек емес.

Әрбір ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде ересекке көмекші бола алады. Ересек ойынның ережесімен танысқаннан кейін, барлық нұсқасын баласыз өзі ойнап көрген жөн, себеі олардың әрбіреуі неліктен маңызды және қызықты екенін түсіну үшін, содан кейін барып оны балаға көрсетуге болады.

Үстел ойындарының көбін балалар үнемі ойнағылары келіп тұрады, олар оны тесіктеріне дейін «сүртіп тастайды», ал кейбіреулері үшін қызықсыз, немқұрайлы қарайды. Бұл ойынды балалар ересектерсіз жалғыз ойнауға қиын. Олармен бірге ересектер отыра салысымен, зеріктіріп жіберетін ойын бірден қызықты болып кетеді.

Мысалы, лотода болады. Бұл ойын жиі қараусыз қалып жатады, себебі балаға карточкаларды дұрыс қойғанын тексеру қиын. Бірақ ересектер келеді, бала дұрыс әрекет еткенін біледі.

Ересектер оларды ол үшін мақтайды, лото карточкаларындағы бейнеленген заттар туралы айтады, тап осы кішкентай карточка неге тек осы үлкен карточкаға жататынын түсіндіріп береді.

Лотоны балалар жиі қараусыз қалдырғандықтан кейде ересектер де осы қажетті ойынды алғылары келмейді. Ал бұл лото тек заттар классификациясын ғана меңгеруге көмектесіп қоймай, сонымен қоса бір категориялы заттардың арасындағы байланысты түсінуге, қиын дыбыстарды айтуға үйренуге, ағылшын тілін зерттеуге жақын келуге көмектеседі. Сондай-ақ лото ойыны зейінді, ойын шоғырландыруды, жылдам бағдарлануды талап етеді.

Үстел үсті ойындары көбінесе жеңіс немесе жеңілісті болжайды. Үш-төрт жасқа дейінгі кішкентай балаларды жеңіс қызықтырмайды, олар үшін барлық мазмұны ойын үдерісі, әрекеті болады. Олар жұп суреттерді тапқанына, қажетті лото карточкасын немесе домино тәпіні таңдағанына қуанады. Ересектер ойыншылардың біреуі жеңді дегенде, әдетте балалар былай дейді: «Менде жеңдім. Мен де қуыршақты қойдым».

Ересек балалар жеңуге тырысады, бірнеше рет қатарынан жеңіліп қалса, ренжіп қалады, қыза, құмарлана ойнай бастайды, тіпті алдауы да мүмкін.

Балалармен ойнайтын ересектер бала неде қателесетінін байқауы керек: құмарлық кезінде ол зейінді болмай кетеді, онда ойын қарқынын ақырындату керек, ережені тәртібін түсінуде оған көмектесу, оның жеңілу себебін көрсету үшін қосымша, тіпті оны екі рет бірге ойнау.

Егер жеңіс балаға байланысты болмаса, оның тапқырлығы, зейіні, мысалы, фишкамен ойын кезінде түскен ұпай саны кездейсоқ болса, оны балаға түсіндіру қажет, оған міндетті түрде жеңетінін айту керек.

Үстел ойынының тақырыбы шамадан тыс әртүрлі. Еңбек, өнер, саяхат, спорт, бала өмірі – барлығы оларда бейне табады. Құрастырылған ойын принциптері де әртүрлі.

Лото типті ойыны кезінде ірі тақырыптық карталар және олардың әрбіреуінде бейнемен сәйкес зат карточкасы болады.

Балалар доминосы қақ ортасынан сызықпен бөлінген 28 тәпіден тұрады, екі жағында да таныс заттар (ойыншықтар, жемістер, ыдыстар, гүлдер, жануарлар және т.б.) бейнесі берілген және де әрбір зат бақса зат жұппен немесе өзінше жалғыз берілген.

Көптеген үстел ойындары осы принциптер бойынша құрылады: картон қағазды алаң торкөздерге бөлінеді немесе онымен санды белгілеулермен айналмалы жол жүреді. Балалар фишкалар және сандары бар кубиктер көмегімен ойнайды немесе белгілі сандар нүкте шекаралары, олар қай торкөзде, қандай кесінді жолында фишка ілгері жылжуын көрсетеді. Әдетте алаңда бейне болады, ол фишканың ілгері жылжуының тездету немесе баяулату, дәп сол торкөзге немесе жолындағы санға тигізген қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай фишканың жылжу тәсілі «тізбек» атауына ие. Лото ойыны типі пайдалы, бірінші жағынан, балаларды өмірдің әртүрлі жақтарымен, адамдардың түрлі іс-әрекеттерімен таныстырады, ал екінші жағынан – ойнай отырып, балалар сандарды тез оқуға, қажетті торкөз сандарын санауға, құлаған сандар ұпай санына қосуға үйренеді.

Мұндай ойындар, жұпты суреттер және «квартеттер» сияқты қызықты. Жұпты суреттер әртүрлі болуы мүмкін. Ең кішкентай балалар, екі жастан бастап, осы карточкалар ішінен екі бірдей карточканы таңдайды. Басында бұл бір-бірінен бірден ерекшеленетін мынадай заттардың жұпты бейнелері болуы мүмкін: саңырауқұлақ, доп, қуыршақ, алма, мысық және т.б. Бір-бірінен бір белгісімен ерекшеленетін заттардың жұбын табу қиынырақ, мысалы, түсімен, біраз формасы, ракурстары өзгерген және т.б. төрт-бес жастан балалар суреттегі жұпты таңдай алады, олардағы бейнелер бірдей көйлекті, бірдей бойлы әртүрлі қолдарын көтерген қыздар.

«Квартет» ойын типі классификацияға жатады. Оның әрбір төрт карточкалары бір тақырыппен байланысты. Мұндай тақырыптар қалауынша сонша болуы мүмкін. Мысалы, «Көлік» тақырыбы: ойында төрт карточкада су көлігіне, төрт-төрттен әуе, тас төселген жолға, теміржолға және т.б. жатады. Дәл осылай «Аспаптар» тақырыбы кеңейтіледі: (үрленетіндер, ішектілер, екпінділер), немесе «Гүлдер»: (егістік, дала, орман, бақша) және т.б. Ойынның мақсаты – карточкалармен алмаса отырып, бір категориялы, яғни «квартетті» төрт данасын таңдау.

«Кімге не қажет», «Не жетіспейді» сияқты қызықты ойын-жұмбақтарда балалар карточкаларды таңдап, секіріп тұрған қызда секіртпек, іс тігіп отырған тігіншіге – іс машинасы, суретшіге – жаққыш және т.б. жетпей тұрғанын табуы керек.

Үстел ойынының ішінде балаларда бөлшектелген суреттер қызығушылықты тудырады. Төрт жасқа дейінгі бала үшін кубиктерге немесе тәпіге жабысқан, бір затты білдіретін, екі-төрт бөлікке бөлінген суреттер. Бес жасар балалар алты бөлікке бөлшектелген суреттерді орындайды, ал алты және одан жоғары жастағы балалар сюжеттер бейнеленген, 12 және 20 бөлікке бөлінген суреттерді таңдай алады. Осы ойынның барлығы бала үшін пайдалы, жалпыны және әртүрліні табады, бүтіннен бөлікті анықтайды, бөліктерді бүтінге біріктіреді, жаңа ұғымдармен танысады: «бөлік», «жиһаз», «музыкалық аспаптар» және т.б. ойын кезінде балада зейіні, жылдамдық реакциясы, тапқырлығы дамиды, жаңа білім алады. Сонымен қатар, алайда осындай ойындар бірнеше адамдардың қатысқанын талап етеді, балалар біріккен ойындарға үйренеді, белгілі бір ережелерді сақтауға үйренеді, ұжым еркіне бағынады.

Алты-жеті жасар балаларға арналған тактильды сипаттағы көптеген ойындар бар, олардың барлығы баланың тапқырлығына, оның қарсыласының жүрісін күні бұрын білу іскерлігі, жеңілу мүмкіндіктерін алдын ала ескерту, қарсыласына зор шығын алып келу үшін өз әрекетін ойластыруына байланысты. Осы әртүрлі шахматты-шашкалар типтес ойындар белгілі бір ережелерге бағынатын фигуралар жүрісі.

Мұндай ойындар біртіндеп балаларды шахмат ойынына әкеледі, олар тек мектеп жасында ғана қызыға бастайды, бірақ ересек мектеп жасына дейінгі балалар арасында «шахматшылар» аз емес.

Ақылды ойыншықтарға да және әртүрлі бас қатырмаларға да солай қарау керек. Үш жасар балалар үшін бас қатырмалар текше тәрізді, шекаралары төрт бұрандалы кесік тесіктер және біреуі кесіксіз болады. Бір шекарасында тесігі жоқ – онда текше тұрады. Бала алдымен тегіс оқтама үшін тесікті, сосын бұрандалыға табуы керек. Егер оқтама дұрыс қойылмаған болса, бұрандының біреуіне орын болмай қалады және балаға қайтадан «басынан бұзуға» тура келеді, қай жерде қате жібергенін іздеп тапқанға дейін. Бес-алты жасар балалар үшін бас қатырмалар-кішкентай машиналар, бөліктерге бөлінетін шығарылады. Оларды қатаң белгілі бір тәртіппен жинау және жүргізуші фигурасы түрінде ерекше кілтпен «бекітіп тастау» керек. Алты-жеті жасар балалар үшін түрлі лабиринт-ойындары бар, онда шарикті ортасына өткізу және оны қайтадан алып шығу қажет. Бас қатырмалардың басым бөлігі мектеп жасындағы балаларға арналады.

Ата-аналар үстел ойынын сатып алуда, берілген нұсқауындағы жас ерекшілігін ескермей, баласының жасынан үлкендерге арналғанды ескермейтін жағдайларда болады. «Бойға» деп аталатын ойындарды сатып алады. Нәтижесінде бала ойынға қандай да бір қиын және қызықсыз түрінде қарайды.

Үш жасқа дейінгі балаларға бөлшектелген суретті кубиктерді, сондай-ақ кіші мектеп жасына дейінгілерге көп бөлшектерге бөлінген кесілген суреттерді алудың қажеті жоқ, себебі олардан сурет құрастыру, кубиктерден және тәпілерден құрылыс материалын айналдыра алмайды. Сосын осы қажетті ойынға баланың қатынасын өзгерту қиын болады.

Дидактикалық сипаттағы үстел ойындарының педагогикалық міндеті – тексеру, анықтау, баланың білімін кеңейту, оларда есте сақтауды, зейінді, тапқырлықты дамыту.

Дидактикалық ойындар міндетті түрде балалардың ойыншықтар «шаруашылығында» болуы тиіс.

Тақырыбы: «Ерекше балалары бар ата-аналарының кейбір мәселелері»

Отбасында «стандартты емес» баланы тәрбиелеу мәселесі ата-аналар үшін кардиналды болып табылады. Бұл ең басты сұрақ, оған барлық ата-аналар жауап алғысы келеді. Бірақ бұл сұраққа жауап беру оңай емес және мамандарға да. Шындығында, қарапайым жауап болмайды, оның барлығы нақты жағдайға байланысты.

Мұндай баланы тәрбиелеудің жалпы принципі – бұл мүмкіндігінше оған кәдімгі бала ретінде қарау. Отбасында өскен бала мен арнайы мекемеде тәрбиеленген бала қатты ерекшеленеді, тіпті бұзылулары ұқсас болса да. Ауыр бұзылулары бар балалары бар кейбір ата-аналар барлық жерде өздерімен бірге алып жүре алады, мысалы, достарына қонаққа, кафеде тамақтануға, және бұл балалардың мінез-құлқы әлеуметтік қалыпты болады. Осы кезде қоғамнан оқшауланған осы секілді балалардың мінез-құлқы және осы жағдайда әлеуметтік тәжірибесі жоқтарға қалыпты емес болады. Кейін ересек болғанда осы балалар өздерін адекватты емес ұстауын жалғастырады. Белгілі ағылшын ғалымы Бриан Кирман мынадай мысал келтіреді: мекемеде тұрып жатқан ақыл-ойы артта қалған ересек әйел өзінің амалы-салмалы жағын мақтанып, бәріне көрсетеді. Әлбетте, балалық мінез көрсетудің басым бөлігі интеллектуалды жетіспеушілікпен байланысты. Егер ол отбасымен бірге тұрғанда және бөтен адамдармен сөйлесе алу тәжірибесі болған жағдайда өзін басқаша ұстайтын еді, бұл қылығы басқаларды қызықтырмайтынын түсінетін еді. Тағы бір мысал әлеуметтік бейімделуі сәтсіз болған, мекемеде тәрбиеленген жас адам. Кейін дүкенге жұмысқа тұрған ол, әдетінше барлығынан сатып алушылардан шылым сұрауын жалғастырған. Өз міндетін жақсы атқара алса да, әлбетте кейін ол жұмыстан шығарылды. Егер оның басқа өмірлік тәжірибесі болған жағдайда мінез-құлқы басқа болар еді.

Наши рекомендации