Ата-аналарға арналған кеңестер 3 страница

Кеңістік экологиясы – бұл да оқыту жағдайы: қоқсытпау, шуламау, ғимаратты эстетикалық безендендіру, шуылдақ емес жағдайда (сызықтардың, бояудың, стильдің үйлесімі; тазалық пен тәртіп, «артық» заттардың болмауы), дауыс қаттылығы мәдениеті (сөйлеу, музыка, теледидар және т.б.).

Егер баланың қажеттілігіне зейінмен қараса, онда намысты сезімді, қоршағандарды, олардың меншіктерін сыйлайтын адам өседі. Бала ұсынған (тек нәтижесіне ғана емес, әсіресе жігеріне, қайғысына) жігеріне зейін аудару өте маңызды, себебі ықыласты, көмектесуші, өзіне және әлемге, онда өмір сүріп жатқан тұрғындарға деген қамқор қатынасына үйрету. Қолдау әртүрлі болуы мүмкін және ол қаржылай болуы міндетті емес. Мысалы, ересектер сезімдерін дамытушы күш туралы ұмытуға болмайды. Отбасында нәтижелі қолдау баланың құқығын кеңейту жолымен болады: «ересек» баланы құрметті міндетпен, жұмыспен марапаттау. Жазалау шығармашылық сипатта болуы керек, немесе әдетте ол дұрыс емес қылық көрсетеді, олар баланы қателік әрекетке әкелетін ішкі себептерге бағытталуы керек. Көбіне баланың қылықтары жазалауды талап етпейді, ондай кезде ересектен көп шыдамдылық, даналықты талап етеді. Жазалау жиі болмау керек, себебі теріс мінез-құлықтар сақталып қалмау үшін (баланың қылығына назар қойып, біз баланың назарын өзіміз қаламайтын әрекеттеге аудартамыз). Бала ата-анасының назарын тек жазалау қылықпен аулауға болады деп ойдайды, ал тырысушылық ешбір нығаймайды (ересектер бала жақсы болуға міндетті, оны қалай жасау керектігін, үнемі тырысу және жалпы оны ешқандай еске салусыз жасай алуы керек деп сенімді). Балалар үшін ата-аналарының олардың өз-өзін жеңуіне көңілі толуы өте маңызды! Баланың өзін бірдеңеден жеңу, күресу қылығына ересектердің бағалы сыйы, мысалы, тек өзінде бір нәрсені қалдыру тілегі!

Тақырыбы: «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған ойыншықтарды таңдаймыз»

Қазіргі заман жағдайы баланың жеке басына жолдауымен, оның танымдық құзыреттілігі қалыптасуымен, гуманизациялық білім беру процесімен сипатталады. Ерекше білімге қажет ететін баланың танымдық құзыреттілігінің қалыптасуы тікелей оның ақыл-ой қабілетінің дамуымен байланысты. Ақыл-ой қабілеті баланың мектепке оқуға даярлығына әсер етеді.

Танымдық қабілеттің дамуында ойыншық маңызды рөл атқарады. Ойыншықтар – бұл кез келген жағдайда табуға болатын кәдімгі материал. Балалардың барлық ойыншықтары бала дамуына әсер етеді. Баланың дамуына қандай ойындар мен ойыншықтар алуға болады? Бала ойыншықтың көмегімен қоршаған дүние туралы білім алады. Ойыншықтар ойлауын, қиялын дамытады.

Ойыншықтар сюжетті, дидактикалық немесе дамыту, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және басқалар болып бөлінеді.

Дидактикалық ойыншықтар – бұл өзінше бір баланың ерекшеліктеріне жауап беретін оқыту тәсілі. Олар «Логикалық поезд», «Логикалық текше», «Қызықты қорап», «Пирамида», «Матрешкалар» және т.б. сияқты ойындар. Осы ойыншықтар баланың ойлауын, түсті, форманы, мөлшері қабылдауын дамытады. Ойыншықтардың көмегімен ерекше білімді қажет ететін балаларда ойлау мен қиял ерекшеліктері, эмоционалдығы, белсенділігі, қарым-қатынаста дамытушы қажеттіліктер пайда болады. Дидактикалық ойыншықтар ерекше балаларды тәрбиелеу-білім беру жұмыстарын жан-жақты әдіс-тәсілдері болып табылады. Әрбір ойыншықтың белгілі бір маңызы бар және негізгі тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған, балалардың ақыл-ой және танымдық қабілеттерін дамытады.

Ойыншықтар әртүрлі болуы мүмкін: әдемі киінген қуыршақтар, механикалық машиналар, роботтар немесе қаруы немесе барабандары бар сарбаздар, қарапайым, қымбат емес заттар, ол үшін тіпті дүкенге барып қажет емес: доптар, кубиктер, ағаш кесектері, қағаз, саз балшық, шырпы, сіріңке және басқалар.

Музыкалық ойыншықтар балаларда естіп қабылдауын, зейінін дамытады.

Ойыншытар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту формасының бірі болып табылады. Қызықты ойыншықтар баланың ақыл-ой белсенділігін жоғарлатады және аса қиын міндеттерді шеше алады.

Балалар ойнай отырып, білімі мен іскерлігін практикада, кез келген жағдайларда қолдана алады.

Сюжетті ойыншықтар білімнің мобилизациялауын, әрекетті өз бетінше таңдауды, қойылған мақсатты шешуді талап етеді. Олар қуыршақтар, машиналар, жануарлар және басқалар. Ойыншықтар сондай-ақ балалардың сөйлеуін дамытады және оларды қойылған мақсаттарға өз әрекетін, сезімі мен ойын бағындыруға үйретеді.

Ойыншықтар қоршағандарға туындаған қызығушылығын қанағаттандырады, олардың назарын белгілі бір құбылысқа бағыттайды, қажетті мәлімет, түсінік береді. «Шаштараз», «Дәрігер», «Жануарлар», «Дүкен» ойыншықтар қоршаған туралы қажетті ұғымды қалыптастыруға, баланың игерген білімін нығайтуға көмектеседі.

Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуы оның сөйлеуінің қалыптасуымен байланысты. Заттармен және ойыншықтармен әрекет ете бала мөлшерді, формасын, түсін және басқада заттардың белгілерін атауды және ажыратуды үйренеді. Баланың сенсорлы дамуы ойыншықтың көмегімен оның логикалық ойлауы, қабілеттілігі, сөздік қорының толықтығы, сондай-ақ есту қабілеті дамуымен тығыз байланысты жүреді.

Балалар көрнектілік принципте негізделген үстел басында-баспа ойындарды шын көңілмен ойнайды, бірақ бұл ойында заттың өзі емес, бейнесі ғана беріледі. Үстел басы ойындардың мазмұны әртүрлі болады. Олардың кейбіреулері жекелей заттармен, оның қасиеттерімен таныстырады. Басқалары табиғаттың маусымдық құбылыстары, мамандық туралы және т.б. түсініктерін анықтайды.

Ойыншықтар баланың сөздік қоры қалыптасуына бағытталуы мүмкін, оның сөздігін толықтырады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың іскерлігін жандандырады.

Балалар ойыншықтардың көмегімен салыстыру, зейінмен қарау, ойлану, өз бетінше қорытынды шығаруға үйренеді.

Бала түрлі заттарға қақтығыса көп нәрсені тұрмыс дағдысы негізінде игереді. Дидактикалық ойын алдына мынадай міндет қойылады – балаларды айтылған сөзді тыңдай және түсінуге үйрету. Естіп қабылдау дамуы үшін әртүрлі сыбызғылар, дабылдар, сылдырмақтар, күйсандық, бубналар және басқаларға ие болуға болады, фонематикалық естуіне, баланың сөйлеу және сөйлемеу даму мүмкіндігіне бағытталған.

Ойыншықтар баланың жас ерекшелігі мен жекелей мүмкіндігіне, олардың интеллектуалды және сөйлеу даму жағдайына қарай таңдалады. Ойыншықтармен әртүрлі тәсіл әрекеттерін игере отырып, ерекше бала өз ойынында не көргенін суреттей бастайды.

Ойын мен ойыншықтар да тапқырлық пен назарды талап етеді, олар кесілгендерден толық бөлік шығатын – кесілген суреттер, кубиктер, ойыншы суретке зейін қойып қарап, кесілген бөлікермен салыстырып, оларды дәл суреттегідей жасауы керек. Кейбір балаларға таныс заттар, жануарлар, өсімдіктер салынған оңай суреттер беріледі.

Үстел басында-баспа ойындары қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді, олардың қабілеттерін дамытады. Олар балаларды мынаған үйретеді:

- бейнені шынайы объектімен, оны басқа топтардан ерекшелеп, біріктіру;

- адам әуестігін әлеммен таныстыра, суреттегі бейнелерді жағдайды сөздермен түсіндіру;

- заттарды жалпы белгілері: түсі, формасы, мөлшері және т.б. бойынша біріктіріп, заттар арасында логикалық байланыс орнату;

- уақытына бейімделу, бағытталу.

Кесу үшін арнайы ойыншықтар болады, олар балаларға бүтін және жартысын анықтауға көмектеседі: бүтін лимон, жарты лимон, бүтін саңырауқұлақ – пышақпен кескеннен кейін, қалпақ және т.б.

Үстел үсті-баспа ойындары «Домино», «Лото» зейінді, қабылдауды, есте сақтауды, өз бетінше шешім қабылдау іскерлігі мен басқа балалармен ойнауды дамытады.

Мозаиканың алуан түрлері және конструкторлар баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Сенсорлы мүмкіндіктің дамуы үшін әртүрлі мөлшерлі ағаш пазлдар, әріптері, суреттері бар кубиктер, тесіктері бар кішкентай үйлер, каталка, логикалық текшелер, пирамидалар және басқаларды алуға болады. Осы ойыншықтардың барлығы балаңызды қызықтырады, оның танымдық қабілеттерін дамытады.

Балалар үшін доп, секіртпе, кегли, шығыршықтың өз үлестері бар.

Ойыншықтар қызығушылық пен жеке ерекшеліктері белсенді көрінуіне көмектеседі және балаға өз-өзін айналдыру іскерлігіне ие болады.

Тақырыбы: «Кохлеарлы имплантация құлағы естімейтін балаларға көмек құралы ретінде»

Құлақ естуінің бұзылуы адамның қалыптасқан жеке басына және отбасына күрделі әсер етеді.

Есту қабілетінен айыруына байланысты дамудың қайнар көзі әлеумет пен мәдениетпен байланысты бұзылулар болады. Ата-ана мен балада ерте даму кезеңінен байланыс бұзылады, себебі кәдімгідей дамып келе жатқан балаға қарағанда, әлеуметтік тәжірибе, құндылығын және мәдениетті алып жүруші ересек балаға аяқ асты бере алмайды. Есту қабілеті осындай процесте маңызды рөл атқарады. Сондықтан тумыстан есту қабілетін жоғалтқан бала арнайы оқытусыз мылқау болып қалады, ал 2-3 жасында айырылған бала ету негізнде қалыптасқан сөйлеу қабілетін тез жоғалтады. Егер мектеп жасында немесе кейін есту қабілетінен айырылған болса, онда адам толық қарым-қатынас жасай, оған айтылған ауызша сөздерді түсіне алмайды.

Барлық өмір бойында есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда олардың есту қабілетін жақсарта алатын қолайлы құралды іздеумен айналысты.

1878 жылдары неміс зерттеушісі В.Симене естуі нашар адамдарға арналған есту құралын бірінші болып жасады. 20 ғасырдың басында электроакустикалардың қарқынды дамуы бұрынғы жеке және топпен қолдануға болатын есту трубкалардың электронды дыбыс күшейткіш құралды қолдануды ығыстыруна әкелді.

Уақыт өте есту құралдары азайып, қалта және құлақ сыртына типті құралдары пайда болды, олармен күні бойы қолдануға болады. ХХ ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін барлық есту құралдар ұқсас болды, яғни олардың қызметі микрофоннан алынған қарапайым белгінің күшеюне шектелген. Жаңа ұрпақтың белгіні сандық өңдеуі бар есту құралдары бұрынғы технологиялардың қолы жетпеген, жасанды естуге жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жекелей есту құралдары, басқа да дыбысты күшейтетін құралдар сияқты қазіргі уақытта жетілуі жалғасуда. Олар құлағы нашар еститін балалар мен ересектерге сөзді жоғары анық естуді қамтамасыз етеді. Әдетте тіпті ең заманауи есту құралдары керең адамға сөзді толық естуіне көмектесе алмайды. Олар негізінде сөзді естіп-көру қабылдауына көмектеседі (бала бір уақытта сөйлеген адамның аузын көріп, естігенде) және қоршаған әлем дыбыстары туралы ұғымын кеңейтеді.

Осыған байланысты сурдотехника облыста ғылыми өңдеулер мен зерттеулер жалғасуда, әртүрлі облыс мамандарын тартумен, кереңдерге жетілген көмек техникалық құралды іздеуге бағытталған. Сондай нәтижелі құрал кохлеарлы имплантация болып шықты.

Кохлеарлы имплантация – бұл есту қабілетінен мүлде айырылған балалар мен ересектердің толық әлеуметтік бейімделуіне бағытталған шаралардың кешенді жүйесі. Ол есту жүйке талшықтарының электрлік стимуляция жолымен есту түйсігін қайта қалпына келтіру мақсатымен пациенттерді сұрыптау және хирургиялық араласуды жатқызады. Соңғы, әрі маңызды және ұзақ кезең реабилитация болып табылады, оның негізгі міндеті сөйлеу процессорын қосу және әртүрлі бағыттағы имплатацияланған педагогикалық жұмыста, сондай-ақ құлағы еститін адамдармен сөйлесуге дайындықтан тұрады.

Көптеген елдердің ғалымдары жануарлар мен адамдардың құлақ құрыштарына электродты жасандандыру тәсілін табуға тырысты.

Кохлеарлы имплантацияның дамуына Кларк өз үлесін қосты, ол ұзақ жылдар бойы Австралияда көп өзекті құрылғылар жасау мәселесімен жұмыс жасады. Құлағы естімейтін әкесі болған зерттеуші өз алдына мақсаты қойды – есту қабілеті бұзылған адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін тәсілді іздеу. Өткізілген нақты зерттеулер имплатацияланған көп өзекті құрылғыны алғашқы рет құрастыруға мүмкіндік алды, оның ішкі және сыртқы бөлімдер болды. Алғаш имплантпен «bionic ear» операция 1978 жылы 46 жасында есту қабілетінен айырылған адамға жасалды.

Кохлеарлы имплантация– бұл зақымдалған немесе құлақ құрышы жасушасының түгі жоқ қызметін орындаушы, жүйке талшықтарында сақталған электрлік стимуляцияларды қамтамасыз етуге жауап беруші электронды құрылғы.

Бағытталған микрофон қоршаған әлем дыбыстарын ұстап қалады және сөйлеу процессорына беретін (қазіргі моделде бір ғимаратта кохлеарлы имплатант микрофоны және сөйлеу процессоры бірлескен) электрлік белгілерді қайта жасайды. Сөйлеу процессорында белгіні жиі талдау және таңдалға стратегиялармен сәйкес оны кодтауда жүзеге асырылады. Кодталған дыбыс ақпараты сөйлеу процессорынан катушка тапсырушыға беріледі. Оның белгілерінен радиотолқыны түрінде тері арқылы қабылдағышқа беріледі/стимулятор, олар электрлік импульстарге өзгереді. Содан осы импульстар электродты тор арқылы ішкі құлаққа келіп түседі, онда есту жүйке талшықтарының стимуляциясы жүзеге асады.

Есту жүйкесі арқылы дыбыс ақпараты дыбыс ретінде қабылданатын бас миына беріледі. Сонымен қатар, қоршаған әлем дыбыстарын ғана емес, сондай-ақ сөзді де қабылдау мүмкін болады.

Кохлеарлы имплантация кез келген керең пациентке өткізілмеген. Көптеген операцияға дейін диагностикалық зерттеулерден өту қажет, себебі пациентке имплантация өткізуге бола ала ма, соны анықтауға мүмкіндік береді.

Диагностика түрлі облыс мамандарының қатысуымен өткізіледі: кеңестер

o отологиялық тексеру және қажетті аудиологиялық және электрофизиологиялық зерттеулер өткізу үшін сурдолог;

o вестибуляторлы құралдың жағдайы және кохлеарлы имплантациялар көрсеткіштері туралы қорытынды алу үшін отоневролог;

o электроэнцефалографиялық зерттеу өткізумен пациенттің неврологиялық статусын анықтау үшін невропатолог;

o пациенттің соматикалық жағдайын анықтау – терапевт;

o отохирург (операция өткізумен байланысты сұрақтарды талқылау, мүмкін шиеленіскен және тәуекел);

o анестезиолог – наркозды қабылдаумен байланысты сұрақтарды талқылау.

Операция барлық зерттеу жиынтықтар бойынша қарсы көрсетілімдер болмаған және дәлелдер болған жағдайда жасалады.

4-6 аптадан соң операциядан кейін сөйлеу процессорын қосылу жасалады. Сөйлеу процессорын орнату кезінде ақау параметрі деңгейі анықталады, онда адам ыңғайлы дәрежеде ести бастайды (жайсыздықтан қатты дыбыстарды түйсіну пайда болады). Күн тәртібін анықтау үшін балада келесі іскерліктерді қалыптастыру керек: дыбыс күштерін анықтау (қатты/тыныш), дыбыс саны, дыбыс ұзақтығы (ұзақ/қысқа), дыбыс жоғарлығы (жоғары/төмен) және т.б.

Кейін әрбір күйге келтіру кезінде стимуляцияның ақау және жайлы деңгейі анықтайды, айтылған сөзді анықтауға көмектеседі.

Сөйлеу процессорын қосқаннан және абсолютті күйге келтіруден кейін балаға қоршаған әлем барлық дыбыстары қолайлы болады.

Операциядан кейінгі реабилитация процессі пациенттің әртүрлі категориясына қатысты ерекшеліктері бар. Ерте кохлеарлы имплантация баланы әлем дыбыстарына алып келеді және құлағы естімейтін баланың күнделікті өмір ағысына жақындасуға мүмкіндік туғызады.

Кохлеарлы имплонтация баланың қалыптасуы және ауызша сөйлеу дамуы процесін бірыңғайлауға мүмкін береді. Құлағы еститін бала мен керең имплантатты баланың дамуы салыстыруда кейбір кешігулер болады. Ерте имплантатты баланың дамуына болжам тек операция уақытына ғана емес, сондай-ақ жекелек ерекшелітеріне де байланысты. Баланың дамуына ересектермен жұмыс істеу және оның танымдық белсенділігін қалыптастыру іскерлігі жағымды әсер етеді. Тәрбие мен оқытуда отбасы басты рөл атқарады. Тек ата-аналар басты мұғалімдер болып табылады. Көптеген ата-аналар кохлеарлы имплантация өткізгеннен кейін құлағы естімейтін балалардың барлық мәселелері құлағы еститін балалар сияқты дамиды деп ойлайды. Бала өзі ести бастады – демек ол өзі сөйлей бастайды.

Әдетте бұл тек мақсатқа бағытталған коррекциялық әсер ету жағдайында мүмкін. Баланың дамуы, тапсырманы орындауға дайындығы, жұмыстың әдіс-тәсілдерін игеру, мамандардың айтқанын орындау сияқты жауапкершілікті ата-аналардың ұғынуы имплантты баланың жемісті және үлесімді дамуына маңызды және міндетті жағдайлар болып табылады.

Бала үшін сөйлесу ортасы мен мамандармен бірге күнделікті коррекциялық сабақтар өткізу маңызды.

Керең балаларда, 4-5 жаста және кейін жасалған кохлеарлы имплантацияда реабилитациялы жұмыстардың нәтижесінде кейбір айырмашылықтар болады.

Керең, сөйлеу деңгейі төмен дамыған балаларға кохлеарлы имплантацияны баласының даму процесіне толық қатыспаған ата-аналарға жасатқысы келеді.

Кохлеарлы имплантация жасату кезінде көптеген балалар қарым-қатынас құралы ретінде ауызша сөйлеуді қолданбайды, үнемі жасанды немесе арнайы жесттерді қолданады.

Сондықтан, алдымен кохлеарлы имплантация жасауға шешім қабылдамас бұрын, кейін отбасына қолайлы болатын баланы оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастыру формаларын анықтау керек.

Мектеп жасына дейінгі балаға қатысты бұл имплантты көмек орталығы, сурдолого-педикалық кабинет, қысқа мерзімде болатын топтарда міндетті коррекциялық сабақтарды өткізетін мамандардың жетекшілігімен отбасында тәрбие болуы мүмкін. Сонымен қатар баланы оқыту мен тәрбиелеуге ата-анасы күнделікті белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

Аралас мектепке дейінгі топтарда имплантты баланы оқыту кез келген сөйлеу дамуы деңгейін ұйымдастыру. Мұндай жағдайда, егер мектеп жасына дейінгі бала тіпті сөйлеу алмаса да, құлағы еститін балалар арасында күнделікті мамандардан коррекциялық көмек алуы керек.

Имплантты баланы құлағы нашар еститін (керең емес) топтарда тәрбиелеу қажет емес. Мұндай жағдайды, құлағы еститін балаларға арналған аралас топтар бар мектепке дейінгі мекемелерге беру керек. Әдетте, имплантты бала үшін интеграция «үлесі» оның сөйлеу дамуы деңгейіне байланысты. Егер де бала қысқаша сөйлеуді игерген болса, онда құлағы еститін балалармен үнемі бірге бола алады. Ал егер де сөйлеу даму деңгейі төмен болса, онда арнайы топ тәрбиеленушілері құлағы еститін балалармен тек мейрам, ойын, серуендеу кезінде бірге бола алады.

Егер бала мектепке дейінгі мекемеде арнайы топта тәрбиеленсе, яғни құлағы естимейтін топта болса, онда ата-аналары баласын күнделікті бала бақшадан үйіне, дұрыс сөйлейтін ортаға алып кетуге тырысу керек.

Имплантты баланы дұрыс сөйлейтін ортада мектепке оқуға беру үшін, оны мектепке дайындауға тырысу керек. Егер ондай жағдай болмаса, құлағы еститін оқушылар ортасында олардың интегрциясы арқылы мақсатқа бағытталған жұмыстар өткізу кезінде имплантты баланы арнайы сыныпқа оқуға беру керек. Сондай-ақ имплантты балаларды құлағы нашар еститін, бірақ жақсы сөйлейтін оқушылармен оқытуға болады.

Л.С. Выготский былай деген, балалар «ортақ қызығушылығы, икемділігі, балалар кезеңінің заңдылығы және сөйлеуді игеруі дамуы процесінде дамуы және тәрбиеленуі керек».

Кохлеарлы имплантация – бұл, керең бала үшін құлағы жақсы еститін балалармен жақындасуға, бірден болмаса да, бірнеше жыл өткеннен кейін олардан ешбір айырмашлығы жоқ болуыға жалғыз мүмкіндік. Ең бастысы – күнделікті сабақтарда, әр минут сайын баламен мақсатқа бағытталған қарым-қатынас жасау жолымен жүзеге асыру. Бұл жол қиын, бірақ мүмкін. Оған марапатта баршылық – керең адам үшін құлағы еститін әлемде өмір сүру мүмкіндігі.

Тақырыбы: «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде коррекциялық-дамыту жүйесі»

Педагогикалық жүйе дамуында ауытқуы бар балалар үшін құрылған, білім беру процесінде баланы коррекциялық-педагогикалық тапсырманы, баланың жас мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес танымдық сферасы мен іс-әрекеті дамуымен тығыз байланысқан әлеуметтік сұрақтарды шешуі қажет.

Коррекциялық әсер ету – психологиялық және педагогикалық болып екі негізгі бағытта жүзеге асады.

Мектепке дейінгі әлеуметтік педагогикада сенсорлы тәрбие жүйесі және сенсорлы даму жүйесі болып табылады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде оқыту келесі дамуы үшін негіздер бекітеді, жеке қабілеттіліктердің қалыптасуына алғы шарттар және оқу дағдыларын жасайды.

Коррекциялық-педагогикалық жұмыста жоғары психикалық қызметтерді (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу) қалыптастыру және параллельді мақсатқа бағытталған оқыту арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларда барлық балалар іс-әрекетін қалыптастыру керек.

Көрнекілі және ауызша әдістерді дұрыс үйлестіру осы категориялада балалармен коррекциялық-тәрбиелік жұмыстарды нәтижелі өткізудің негізгі шарты болады. Ересектердің еліктеу әрекеті мақсатқа бағытталған ұйымдастыру арқылы дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту тәсілі болып табылады, дәлелделген, балалар қоршаған әлем заттарын таниды, заттарды қолдану тәсілін игереді.

Сөйлеу конструкциясы бойынша жұмысқа көшу кезінде балалар үшін «маңызды сөзді» меңгеру маңызды, себебі объектіні таңдау немесе онымен әрекет бағыттары анықталады. Оқу процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың алдында оқу емес, ойын тапсырмалары болуы керек, себебі оның тапсырмаға қызығушылық туғызады.

Наши рекомендации