Пәнге берілген қысқаша сипаттама
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016ж.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың арнайы әдістемесі
пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В010500– Дефектология
Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
Талдықорған 2016ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде 5В010500 – Дефектология мамандықтарына магистр, аға оқытушы З.М. Исабаева құрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды
«_____» _____________ 2016 ж. № _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ п.ғ.к., доцент А.С. Стамбекова
«_____» _____________ 2016 ж. № _____ хаттама
педагогика және психологияфакультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ___________________К.Н.Ахмедиева
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 | Ф.4.09-26 |
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
СИЛЛАБУС
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың арнайы әдістемесі
пәні бойынша
5В010500 – Дефектология мамандығы үшін
Оқыту түрі: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы
Курс: 4
Семестр: 7
Кредиттер саны: 3
Барлық сағат саны: 135
Аудиториялық сабақтар: 45
Дәріс: 30
Практикалық сабақ: 15
ОСӨЖ: 15
СӨЖ : 75
Консультация on-line 2
Консультациялар Of-line 26
Емтихан: 6, 4 семестр
Емтихан: 3 семестр
Талдықорған 2016ж
Оқытушы туралы мәлімет: Исабаева Зауреш Муратовна –оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы, электронды пошта адресі –Zauken_88@mail ru, ұялы тел - 87011371358.
Пәннің пререквизиті:Арнайы педагогика, арнайы психология
Пәннің постреквизиті: Аталған курсты жақсы түсіну үшін студенттерге келесі пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдері қажет: Арнайы әдістемелер, Өндірістік, диплом алды іс-тәжірибе
Ұсынылатын курс студенттерде төмендегідей білімдерді қалыптастыруға ықпал етеді:
- Жаратылыстану пәнінің мақсаты, мазмұны;
- арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері;
- Жаратылыстанупәніне қойылатын талаптар;
- Жаратылыстанупәнінде дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы курсты оқып - білу барысында студенттер келесі дағдыларды игеру керек:
- психологиялық-дене және әлеуметтік-эмоционалды дамуында ауытқушылығы бар балалармен қарым қатынас орнату;
- арнайы мектептерде түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу;
- дамуында әртүрлі ауытқулары бар, тәрбиесінде қиындықтар туғызатын және педагогикалық артта қалудың алдын алу.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама
Оқу бағдарлама бойынша «Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың арнайы әдістемесі» курсы «Дефектология» бөлімінің 4 курс студенттеріне арналған. Бұл «Дефектология» мамандығы бойынша әдістеме болып саналады. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың арнайы әдістемесі» курстың ішінде арнайы мектептің 1-5 сыныптары аралығында дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.
Қазіргі уақытта ҚР - ғы негіздеме арнайы білім беру жүйесі жалпы мекемелердің міндеттерімен бірге арнайы міндеттерді шешеді, ол баланың танымдық және тұлғалық дамуына түзету жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай құрады.
Берілген бағдарлама қазіргі уақытта жұмыс істейтін арнайы оқыту жүйесімен, оны қажет ететін балалардың оқыту және тәрбиелеуде мектепке дейінгі және мектепте, коррекциялық сыныптарда жұмыс істейтін дефектологтардың жұмысымен таныстырады.
Осы курста оқу курсының объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері анықталған, коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары және мазмұны, мәні сипатталған, түрлі психофизиологиялық ауытқулары бар балалардың ерекшеліктері аталған.
Бұндай таныстыру процесінде студенттерге барлық бала дамитынын (кемістігіне қарамастан) және ерте танымдық және тұлғалық дамуын түзеу және балаға жекелей келу аса қолайлы компенсацияны жүзеге асырады.
Пәннің мақсаты:
Студенттерде әртүрлі ауытқулары бар балалар топтары туралы түсініктер қалыптастыру; дефектологияның қазіргі кездегі мәселелерімен, даму тенденцияларымен таныстыру.
Курстың міндеттері:
1. нақты заттарды тану және атау;
2. суретте бейнеленген заттарды тану және атау;
3. суретте бейнеленген жағдайларды түсініп, соларды үлгілей білу;
4. қарапайым тақырыпты суретпен жұмыс;
5. сурет бойынша өз пікірін айта білу;
6. тақырыпты суретпен жұмыс, қарапайым байланыстарды табу; өз пікірін айта білу;
7. балалардың түсінуіне оңай тақпақ, ертегі, әңгімелерді оқу; иллюстра- цияларды қарау;
8. арнайы педагогиканың Казақстан Республикасындағы және әлеуметтегі даму тенденцияларымен және қазіргі кездегі мәселелермен таныстыру. Алған білімдер жүйесі студенттерді таңдаған мамандықпен толық таныстырып және де мұғалім-дефектолог өз жұмысында қандай балалармен жұмыс істейтіндігі туралы білім береді. Сонымен, ұсынған курс студенттерде келесі білімдерді қалыптастыру керек:
- әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларды топтастыру туралы білімдер;
- мүмкіншіліктері шектеулі балалармен арнайы мекемелерде жұмыс істеу бағыттары туралы.
Және де студенттер оқу барысында келесі дағдыларды менгеру керек: әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беру.
Берілген пән бойынша студенттер төмендегі білім, дағды, іскерліктерді меңгерулері керек:
- Жаратылыстанупәнінің мақсаты, мазмұнын;
- бағдарламамен жұмыс жасай білу;
- күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарын құрастыра білу;
- арнайы білім беру мекемелеріндегі дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
- әртүрлі ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруді меңгереді.
Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:
а) түйінді құзіреттілік
· Жаратылыстануәдістемесін кәсіби деңгейде меңгеруі;
· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;
· психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.
б) пәндік құзіреттілік
· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;
· Жаратылыстанупәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;
· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.
в) арнайы құзіреттілік
· арнайы білім беру мекемелерінде нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;
· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;
· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;
· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;
· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;
· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.