Оқу сабағының түрлеріне талдау.
Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау.
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
· Сабақ –информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі;
· Оқу сабағының түрлеріне талдау;
· Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері;
· Информатика сабағын талдау үлгілері;
Сабақ –информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
1) оқу топтарының құрамы;
2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.
Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар: l) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түciндipy сабағы); 2) Оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы); 3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық процестi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өзіндік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.
Оқу сабағының түрлеріне талдау.
Сабақ. Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерліктерін қалыптастыру; оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.
Лекция (теориялық оқыту) - қандaйда бiр проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша бiлiмдi қортындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түpiнe дайындау iскерлігін қалыптастыру.
Семинар (теориялық оқыту) - өтілген тақырып, бөлiм бойынша бiлiмдi жалпылап, жүйелеу; косымша әдебиеттермен жұмыс. Icтey iскерлiгiн жетiлдiру, әртүрлi әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалдарды сaлыстыра бiлу, өзiнің көз-қарасын айта бiлу және негiздей бiлу iскерлiгi. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар, жазу; оқылғанды конспектiлеу, көшiрме жасау, және оны өзінің бiлiмiн дәлелдеу үшiн пайдалану.
Конференция (теориялық оқыту) - өтiлген материалдар бойынша бiлiмдi тереңдетiп, кеңейту; қосымша информация көздерiмен жұмыс iстей бiлy iскерлiгiн дамыту. Oқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу (теориялық оқыту) - негізгi оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; бiлiмiндегi оқулықтарды ашу және түзетулер енгiзуі пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс icтeyгe жетелеу.
Консультация (теориялық оқыту) - Бiлiмi мен iскерлiктеріндегi олқылықтарды жою, меңгерiлген бiлiмiн нақтылау; оқу пpоцесiнде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу ic-әрекетiнің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.
Фронтальдық лабораториялық жұмыс. Оқушылардың пpограммалық қамтамасыз етумен жұмыс icтей бiлу iскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекiту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептердi орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерiн тiркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.
Практикум - Күрделi пpограммалармен және ПК-дің қосымшаларымен жұмыс icтей бiлу iскерлiгiн қалыптастыру, өз бетiмен зерттеу жүргiзе бiлy iскерлiгiн қалыптастыру.