Дәтүрлі емес сабақтың түрлері

Аталуы Аталуы
1. Рольдік ойындар. 19. Ойын сабағы.
2. Байқау сабағы. Сынақ сабағы.
3. Кіріктірілген сабақ. Өзара оқыту.
4. Сиқырлы конверт. Диалог сабағы.
5. Эврика. Ми шабуыл сабағы.
6. Турнир сабағы. Брифинг сабағы.
7. Диспут сабағы. Диалог сабағы.
8. білім аукционы. Рольдік модель сабағы.
9. Білімділер тергеу жүргізеді. Білім байқауы.
10. Викторина. математикалық хоккей.
11. ҚТҚ сабағы. 29. Қойылым сабағы.
12. Жарыс сабағы. Шығармашылық сабағы.
13. Ертегі мәтінін қолдану. Олимпиада сабағы.
14. Ашық ойлар сабағы. Актуальды интервью.
15. Баспасөз конференциясы. Оқушылардың ойлау моделі.
16. Дөңгелек үстел. Іскерлік рольдік ойын сабағы.
17. Іскерлік ойын Дәріс сабағы.
18. Қиял сабақ.    

Жаттықтыру сабағы.Жаттықтыру сабақтары бiлiмнiң практикалық бағыттарын үйрететiн арнаулы мақсаттарды шешiп қоймай, оқу материалын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады. Оны жүргiзудiң негiзгi әдiстерi практикалыққ, зертханалық, сарамандық жұмыстар. Оқушылар осы жұмыстарды өздiгiнен жүргiзе отырып, алған теориялық бiлiм-бiлiк дағдыларын практикада пайдалануға бiлiмделiп, үйренедi.

Семинар сабақ. Семинар сабақтары бiр-бiрiмен байланысты екi белгiлерiмен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетiмен меңгеруi және сабақтағы олардың таным қабiлеттерiнiң дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздерi дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркiн айтып дәлелдеуге үйренедi. Сонымен қатар оқушылардың таным белсендiлiктерiн дамытуда семинарлардың ролi зор, Қарым-қатынас мәдениетi қалыптасады.

Дәріс сабақ. Бұл сабақтардың негiзгi бөлiмi өтетiн тақырыптың теориялық жағын қамтиды. Оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық мақсаты мен қисынына қарай кiрiспе /күнделiктi/ және шолу дәрістері болып бөлiнедi.

Түрi мен мазмұнына қарай хабарлау, түсiндiру, әңгiме-дәріс болуы мүмкiн;

· жаңа тақырыпты өздiгiнен оқып-үйрену қиын болған жағдайда;

· өтiлетiн тақырыпты өздiгiнен оқып-үйрену қиын болған жағдайда;

· оқытуда дидактикалық бiлiктердi күрлендiре отырып теориялық бiлiмдi жүзеге асыруда, хабарламаларды күрделi блоктармен берген кезде;

· бiр немесе бiрнеше тақырыптар, бөлiмдер бойынша жаттықтыру есептердi шешуде.

Консультация, көмек сабағы. Бұл сабақтар оқушылар бiлiмiндегi кемшiлiктердi жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргiзiлмейдi, сонымен қатар бiлiм-бiлiк дағдыларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және мiндетiне қарай тақырыптық және белгiлi мақстқа арналған көмек сабақтары болады.

Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасының қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады. Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздiк және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткiзу мен қорытындылауда жүйелi жұмысқа айналуы тиiс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдерiне арналған сабақтар болуы мүмкiн.

Интеграциялық сабақ. Интеграция дегенiмiз – пәндердiң өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде iске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бiр жолы – сабақтарды бiр мұғалiм арқылы жүргiзiп, бiрнеше пәндер бойынша бiрiккен сабақтар бiлiмiнiң жинақталуы, яғни әртүрлi пәндерден алған бiлiмдерiн синтездеу. Оның жүргiзiлу әдiс-тәсiлi әртүрлi: семинарлар, конференциялар, саяхаттар және т.б.

Сайыс сабақ. Сайыс сабақтың негiзiн топтар арасында сұрақ-жауап және кезектесiп берiлетiн тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтардың өткiзудiң әртүрлi тәсiлдерi бар. Олар «Көңiлдi тапқыштар тобы», «Брейн-ринг», «Жұлдызды сағат», «Бақытты шақ», сияқты атақты ойындар негiзiнде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафеталар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзу төмендегiдей үш негiзгi кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәтi, қорытынды.

Бiлiм беру мақсаттары қойылатын сабақ. балаға бастапқы қойылатын мақсат - оқу-практикалық болып табылады. Оның алдына қоятын мiндеттерi:

· Баланың жеке тәжiрибесiнiң жоқтығын ескере отырып, үйренетiн пәндi объективизм тұрғысынан зерттеу, яғни жаттықтырушылық әрекеттi оқып, бiлiм алуға өзгерту.

· Белгiлi зат көлемiнде iс-әрекет етуге үйрету, талдау жасау, өз iс-әрекетiн бақылау.

· Оқу-сарамандық есептердi шешуде жабдықтармен қамтамасыз ету.

· әр баланы бiрге жұмыс iстеуге ұйретiп, бейiмдеу. Жоғарыда айтылып кеткен сабақтардың құрылысын былай болып келеді.

1. Оқу мақсатының қойылуы.

2. Мақсаттының шешілу жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімінің дұрыс екендігін дәлелдеу.

Осы құрылымдағы сабақ баланың дамуына, білімдерін арттыруға үлкен әсерін тигізеді. Мұғалім мұнда тек режиссер қызметін атқарып қана қоймайды, оқушыны жетелейді, бақылайды, бағыттайды.

Наши рекомендации