Сотталғандарды түзетудің негізгі құралдарын қолдануды құқықтық реттеу.
Түзеу мекемелеріндегі еңбек қазіргі «колониялық» өндіріс үшін білікті кадрлар даярлаудың міндетті түрдегі жүйесімен бірлесе отырып, сотталғандарды түзеуді мейілінше ықпалды құралы болып табылады. Қылмыстық-атқару саясатының негізгі қағидасы ретіндегі еңбекпен түзеудің маңызы оның санау бастау кезінен-ақ белгілі бола бастады. 20-шы жылдардың өзінде-ақ бас бостандығынан айыру орындарының еңбекпен түзеу мекемесі деп аталғаны белгілі. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру оларды түзу жолға түсірудің қуатты тәрбие құралы болды және сола болып қала да береді. Бұл жерде қылмыстық-атқару саясатының маңызды қағидасы гуманизм көрініс табады. Бас бостандығынан айыру орындарында толық болмаса да еңбекке деген конституциялық құқықтың бір бөлігі жүзеге асырылады. Түзеу мекемелеріндегі 46 өндіріс орындары ашылып, қайтадан жұмыс жасай бастады. 2003 жылы түзеу мекемелерінде 1 миллиард 300 миллион теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді. 30 миллион теңге пайда алынды. 1500 жұмыс орны пайда болды.
Сотталғандардың түзелуінің негізі бола отырып, еңбек қылмыстық-атқару құқығының қағидаларының бірі ретінде көрінеді де, тәрбиелік ықпал етудің басты құралы болып табылады.
Сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту нәтижесінде олар өздерін арамтамақтық сезімнен арылтады, еңбек оларды тоғышарлықтан құтқарады, күн көру үшін қажетті материалдық мәселелерді шешеді. Қоғамға пайдалы қызмет сотталған адамның шығармашылық қабілетін арттырады, ерік-жігерін шыңдайды, көпшілдікті қалыптастырады, өзгерлердің алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Бір сөзбен айтқанда, еңбексіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Еңбек, сонымен бірге, адам игіліктерінің қайнар-көзі, экономикалық мәселелерін шешудің негізі, ең қуатты да әсері тәрбиелік фактор болып табылады. Еңбекті сотталғандарды түзеудің негізгі құралы ретінде пайдалану оның объективті мүмкіндігіне, оны сотталған адамның дұрыс қабылдай білетіндей санасы мен моральдық түйсігіне байланысты.
Қоғамға пайдалы еңбек барысында адамдардың бойынша: еңбексүйгіштік, еңбекке адал ниетпен қараушылық, адал еңбек ету өмір салтын ұстай білу, қоғамдық игілікті көздің қарашығындай сақтау мен жеке меншіктілік, ұжымшылдық, өзара көмекті, адамды сыйлап құрметтеу, тәртіптілік, өзін өзі ұстай білу сияқты асыл қасиеттер қалыптасады. Сондықтан да еңбек барысында қалыптасқан адамгаршілік қасиет тек іс үстінде ғана емес одан тысқары жерде де әрқашан жоғары тұрады.
Еңбек тұлғаны зерттеп-білу құралы ретінде де, тәрбиелеу ісінің тиімділігін тексеру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Еңбек барысында тұлғаның сипаты мен қасиеттерін білуге, сондай-ақ оның кемістіктері: салақтығын, жалқаулығын, салғырттығын, өзімшілдігін және басқа да қасиеттерін білуге болады. Шындығында еңбек қызметінде адамның нағыз бейнесі мен келбеті, ішкі ойы, моральдық және қайрат-жігер қасиеттері ашылады; еңбек қызметінде байсалдылығы мен әділеттілігі, қоғамға пайдалы мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен бірбеткейлік қасиеттер қалыптасады.
Шын мәнінде сотталған адамның еңбек етіп, жұмыс істеуі жазалау болып саналмайтьындығына қарамастан, оның жағдайында жазалаушы, сондай-ақ жазалаушы емес қасиеттегі шектеулер де болады.
Жазалаушы емес шектеулер: еңбекші, жұмысты таңдау құқығын алатын болсақ, нақты бір жағдайларды түзеу мекемелерінде сотталғандардың бәріне бірдей жұмыс тауып беруге бола бермейді, әсіресе оның кәсібі бойынша: ауырып қалған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру жолымен ақы төленбейді.
Еңбектің жазалаушы шектеулері: іс жүзінде еңбек демалысы берілмейді; ерекше режимдегі сотталғандарды ауыр жұмыстарға пайдаланады; еңбек - түзелу жолына түсудің көрсеткіші болып саналады.
Арнаулы міндеттерді орындау үшін еңбектің жекелеген шарттары сотталғандарды түзеу ісінде, жеке және жалпы ескертуде осы жоғары да аталған шектеулерді пайдаланады. Алайда оның еңбектің мынадай негізгі сипаттарына қатысы жоқ: сотталғандарды еңбек жолымен пайдалануды заң шеңберінде жүргізу, ол жан-жақты қорғалады, ұзақтығына қарай еңбек құқығы шеңберінен және қалыпты жұмыс күнінің нормасынан аспауы тиіс; тапсырылған жұмыс кәсіптік-техникалық және жалпы білімшен үйлесетін болуы керек, кең бәсекелестікке негізделуі тиіс, шығармашылық бастамашылықты дамыту керек, ол материалдық және моральдық сұранысты қанағаттандырушы қайнар-көз болып табылады. Ол мәжбүрлеуші болып саналмайды, бірақ еңбекке жарамды сотталғандар үшін міндетті болып табылады.
Сөйтіп, сотталғандар еңбегі тәрбиелік, тәртіптік рөл ғана атқармайды, сонымен бірге ол қазіргі жағдайда түзеу мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге де елеулі орын алады.
Еңбек қағидасының негізгі талаптарының бірі, ол сотталғандарға ешқандай азап шектірмейтіндей болуы тиіс. Ол бәрінен бұрын белгілі бір мақсатта болып, белгілі бір міндет қоюы керек. Атап айтқанда, сотталғандарды түзелу жолына түсуді мақсат етуі тиіс. ҚР ҚАК 7-бабы сотталғандарды түзеудің бірден бір құралы еңбек болып саналатындығы жөніндегі ережені бекіткен.
Түзеу мекемелерінің әкімшіліктері сотталғандардың еңбегін түзеу құралы ретінде пайдалана отырып, сотталғандардың сипаты мен олардың мамандығы мен кәсібіне қарай әрбір сотталған адамның еңбегін орынды әрі тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырды. Алайда, мұндай қағиданың өзінің кейбір ерекшіліктері бар. Атап айтқанда, ішкі тәртіп ережелері бойынша мына төмендегі жұмыстарға сотталғандарды тартуға тыйым салынды:
- жеке құрам, қару-жарақ пен құжаттар орналасқан штабтар мен арнайы бөлмелерде;
- дәрі-дәрмектер, жарылғыш және ұлы заттардың есебін жүргізу, оларды сақтау мен таратуға байланысты жұмыстарда;
- сотталғандарға еркін жалдамалы қызметкерлер бағынатын қызметтерде.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басты қағидасы – сотталғандарды мейлінше еңбекке жақындастыра түсу, ертең бостандыққа шыққанда еңбекті құриеттейтіндей жағдайда тәрбиелеу.
Сотталғандардың еңбегін пайдалану тәртібі ҚР ҚАК 100-бабында (Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегінің жағдайлары) реттелген. ҚР ҚАК 99-бабы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін пайдаланудың жалпы тәртібін қарастырады: түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды еңбекке жынысына, жас шамасына, қабілеттілігі мен мамандығына қарай орналастырады; соталған еркектер мен әйелдер, сондай-ақ І және ІІ- топтағы мүгедектер еңбекке Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес тартылады; жазасын түрмеде өтеуші сотталғандардың еңбегі түрме аумағында ғана ұйымдастырылады; сотталғандар тартылатын өндірістік қызмет оларды өқшаулау мен күзету талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады және түзеу мекемелерінің негізгі міндетін – сотталғандарды түзеуді орындауына кедергі келтірмеуге тиіс.
Сотталғандардың еңбегі құқықтың екі саласымен – еңбек және қылмыстық құқық нормаларымен реттеледі. Еңбек заңына сәйкес, мереке және демалыс күндері сотталғандарды жұмыстан босату тәртібі реттеледі; жұмыс уақытының ұзақтығы; жүкті әйелдер мен емізетін баласы бар аналардың еңбегі; еңбекті қоғау мен қауіпсіздік техникасы мәселелері белгіленеді.
Дегенмен, сотталғандардың еңбегі бас бостандығынан айыру орындарындағы түзеу шарттары мен кейбір нормалардың сәйкеспегендігінен, атап айтқанда, кәсіподақтың жұмысшылар атынан кәсіпорын әкімшілігімен жасасқан келісім-шарты; еңбек келісім шарты, яғни жұмысшылар мен кәсіпорын арасындағы белгілі бір жұмысты белгілі бір ақыға орындау, демалыс беру, жұмыс бойынша бір орыннан екінші орынға ауысу немесе өсу, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы келісім-шарттарына байланысты еңбекті ұйымдастыру заң нормаларымен реттеле бермейді.
Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеудің ерекшелігі мынада: сотталғандардың еңбегі бастандықтағы азаматтарға қарағанда қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен, ал бостандықтағы азаматтардың еңбегі еңбек туралы заңмен реттеледі. Бостандықтағы азаматтарға қарағанда сотталғандардың жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қылмыстық-атқару заңымен былайша белгіленеді: тәрбиелеу колониясындағы кәмелетке толмағандардың еңбек демалысы – 18 жұмыс күні, барлық үлгідегі түзеу мекемелерінде – 15 жұмыс күні, колония-қоныстағы кәмелетке толмағандарға да 15 жұмыс күні беріледі. Мұндай еңбек демалыстары жол жүрумен немесе жол жүрусіз де берілуі мүмкін (ҚР ҚАК 93-бабына сәйкес).
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі тәртіпті қарастырған ҚР ҚАК 101-бабына сәйкес, жұмыс уақытының сол кезеңге белгіленген нормасын толық істеген және өздерінің еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған сотталғандардың айлық жалақысы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы керек.
Толық емесе жұмыс күнінде немесе толық емес жұмыс аптасында еңбекке ақы төлеу жұмыс істеген уақытқа пропорциялы түрде немесе істелген жұмысқа қарай жүргізіледі.
Сотталғандарға ақысыз жұмыс істету тергеу мекемесінің аумағын безендіру мен әрлендіру немесе мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсартуға байланысты жұмыстарда ған рұқсат етіледі. Мұндай жұмыстардың ұзақтығы кестеге сәйкес және негізгі жұмысынан бос уақытында аптасына екі сағаттан аспауы керек.
Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жеке шоттарына барлық ұсталып қалғандарына қарамастан оларға есптелген жалақының, зейнетақының немесе өзге кірістің кемінде 25 пайызы, ал 60 жастан асқан еркектердің, 55 жастан асқан әйелдердің, І және ІІ топтағы мүгедектердің, кәмелетке толмағандардың, жүкті әйелдердің, балалар үйінде балалары бар әйелдердің жеке шотына оларға есептелген жалақының, зейнетақылары мен өзге де кірістерінің кемінде 50 пайызы есептеледі. Сотталғандардың кірісінен ұстап қалу Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен атқару парағы мен атқару құжаттары арқылы қалған соммадан жүргізіледі.
3 лекция.
ҚР-дағы жазаны өтеуші түлғалардың құқықтық жағдайы.
1. Сотталғандардың құқықтық жағдайының түсінігі.
2. Сотталғандардың құқықтары, заңды мүдделері және міндеттері.
3. Сотталғандардың өтініштерін қарау тәртібі.