Лекция тақырыбы. Тарих пәнін оқытудағы пән аралық және курсішілік байланыстар
Тарих – мемлекеттің, қоғамның өркениеттілігін көрсетеді. Өткен тарихын білген ұрпақ келер ұрпаққа құнды дерек немесе дүние қалдыра алады. Бүгінде өз тарихымызды жан-жақты білу мен зерделеудің, тәліміне үйреніп, сабақ алудың келешек үшін маңызы өте зор болып отыр.
Аталмыш пәннің әрдайым өзге пәндермен байланысы болады. Себебі, бұл пәннің өзіндік ерекшелігімен де тығыз байланысты. Сондай пәндерге әдебиет, география, қоғамтану, философия, әлеуметтану, экономика және т.б. жатқызамыз.
Сабақ жоспарына сай мақсат қою ерекшеліктеріне тоқталайық.
Білімділік: Христиан дінінің ортағасырлық Еуропа қоғамындағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой-пікірін, көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шіркеу мен феодалдардың жаңа жерлер басып алып, байыған үстіне баи түсуді көздеген басқыншылық саясатын ашып көрсету. Жалпы сабақтың мазмұның ашатын сұрақтар қою арқылы оқушының ойын дамыту, білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әрбір ұлттың, әрбір діннің ерекшеліктерін, әрбір халықтың өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан қабілеті мен мінез-құлқын жоғалтып алмауына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, қабырға картасы, суреттер.
Жаңа терминдер: Шіркеу, христиан, крест жорықтары.
Христиан шіркеуінің бөлінуі – бөлімін дауыстап оқыту, оқушылармен бірге талдап, толықтыру.
Сызба: «Екі шіркеу арасындағы айырмашылық»; топтық жұмыс. «А» тобы – сұрақ: Христиан қоғамындағы папалардың рөлі.
«Ә» тобы – сұрақ: Крест жорықтарының себептері.
Орындаған тапсырманы тексеру, жауаптарды бағалау.
Негізгі әдебиеттер: [8, 9, 13, 14, 15]
Қосымша әдебиеттер: [8, 10, 18]
Лекция тақырыбы. Тарих пәнінен мектептегі курстардың тәрбиелік мүмкіндіктері
Бүгінгі білім беру жүйесі мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Төмендегі мысалға назар салайық:
«І Наполеон кезіндегі Франция» тақырыбын оқытудың әдістемесі:
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: І Наполеоннның кезіндегі Францияның шет елдермен жүргізген саясаттары және оның жаулап алушылық әрекеттерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша ойлап өз пікірлерін жүзеге асыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Азаматтық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.
Көрнекілік: Карта, 1870-1914 жылға дейінгі Еуропа, 1812 жылғы Отан соғысы картасы.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу: 1 – алғыр, 2 – білгір, 3 – тапқыр. Үй тапсырмасын сұрау – 1-тур: Өткел – әр топқа 1 тапсырмадан беріледі. Бірінші топтын тапсырмасы: Ангиядағы парламенттік реформалар. Екінші топтың тапсырмасы: Чартистік қозғалыстың болған жылдары. Үшінші топтың тапсырмасы: Англиядағы саяси партиялар. Үш топқа берілген тапсрымалар орындалғаннан кейін олардың ұпай сандары жинақталады. Мұғалім үй тапсырмасын пысықтап жаңа тақырыпқа аусады.
Негізгі әдебиеттер: [6, 11, 13, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [5, 8, 14]