Лекция тақырыбы. Отандық тарихты оқытуда өлкетану және аймақтық материалдарды пайдалану

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отан тарихын оқу мен оқытуда оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін Өлкетану пәні арқылы оқытып үйрету жеке тұлғаның дамуына септігін тігізіп Қазақстандық патриотизмді қалыптастырады.

Мұндағы өлкетану және аймақтық материалды оқу үрдісінде қолданудағы басты мақсат:

1.Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту арқылы Отан тарихын оқып үйрену; Оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметті оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

2.Оқушы өзіндік іс-әрекет жасай білуінің нақтылы міндеттерін анықтау, білу приоритетті мақсат етіп қою;

3.Жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қабілетін дамыту;

Рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті тұлғаны қалыптастыру.

Әрине келесідей оқушылардан мынадай нәтижелер күтіледі:

-Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

-Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

-Отан тарихының құрамы ретінде өлке тарихын зерттеуді үйренеді.

-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

Ерте дүние тарихын оқытқанда пайдаланатын кейбір әдістер:

Сабақтын мақсатын анықтау: Мысалы, тақырып қола дәуіріндегі Қазақстан.

Дамытушылық: Оқушылардың дағдысын, танымын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта карта, слайд, тірек-сызбалар, тест тапсырмалары, түрлі ескерткіш-суреттері.

Сабақтын типі: Жаңа материалды игерту және өздігінен оқып үйрену сабағы.

Сабақтын түрі: Аралас сабақ.

Сабақтын өтілу әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс.

Ауызша сұрақтарға жауап алу - Кім жылдам? Кім тапқыр? Венн диаграммасын толтыру, сөз жұмбақ «Қола дәуірі».

Орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан тарихының негізгі мәселелерін оқытқанда мынаған көңіл аудару керек. Қазақ елінің жүріп өткен жолын саралай отырып, орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан мәдениетінің дамуы мен әлемдік өркениетте алатын орны, сондай-ақ мәдениеттің өркендеуі туралы түсінік беру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып танымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Оқушыларды Отанды сүюге, мәдениеттілікке және имандылық тәрбие беру. Сыныпты екі топқа бөліп, сабақ өткізуге болады. Әр топқа сұрақтар беріледі. Блиц-мониторинг. Кесте арқылы беріледі.

Негізгі әдебиеттер: [3, 10, 11, 28]

Қосымша әдебиеттер: [1, 4, 11]

Лекция тақырыбы. Тарих сабағында деректер мен құжаттарды, мұражай және мерзімді басылым материалдарын қолдану

Маман-тарихшылардаярлау ісінде тарихи деректердің маңызы ерекше. Сондықтан, тарих сабағында тақырыпқа байланысты деректерді, архивтік құжаттарды, мұражай материалдарын пайдалана отырып, тарихты объективтік тұрғыдан түсіндіру, әдістеме ғылымының басты міндеті. Тарих сабағында ақпарат құралдыраның материалдарын және көрнекіліктін әр түрін пайдалану тарихи тақырыпты ашуға көмектеседі. Көрнекі туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар: көрнекі құрал – нақты объектінің, заттың немесе құбылыстардың түрлендірілген формасы, моделі; көрнекі құрал – таным құралы. Таным процессінде нақты заттарды, құблыстарды, олардың табиғи және қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге мүмкіндік жасайды; оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала қарастырылған кез-келген заттық немесе идеялық модель көрнекі құрал бола алады.

Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 10, 28]

Қосымша әдебиеттер: [6, 12, 13, 19]

Лекция тақырыбы. Қазақстандағы білім беру тұжырымдамасы және мектептерде тарих пәнінен білім беру мәселесі жөніндегі нормативті құжаттар

Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан-2030» стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жӛніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жӛніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Дербес даму жолына түскен Қазақстан Республикасының мектептері алдында да зор міндеттер тұр. Оның ең бастысы- елдің жас азаматтарына қазіргі заман талабына сай білім,тәрбие беру, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. 1992 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Тәуелсіздік нәтижеснде қабылданған осы заң еліміздегі тарихи білім беру құрылымын дербес, ұлттық деңгейде қарастыруға негіз қалады. 1995 жылы Стратзбург қаласында Европа Кеңесі тарихты оқытудың арнайы бағдарламасын құрды. Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды: жаңа бағдарлама және стандарт дайындау; дүниежүзі және ұлттық тарих бойынша оқулық жазып және басып шығару; тарих пәні мұғалімін дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін жетілдіру. 1995 жылы ҚР тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды.

Негізгі әдебиеттер: [3, 10, 33, 34]

Қосымша әдебиеттер: [10, 11, 15, 16, 22]

Лекция тақырыбы. Қазақстандағы білім беру тұжырымдамасы. Қазақстандағы тарих пәнін оқытудың қалыптасуы және дамуы

Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қатаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Тарих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.

1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына енгізілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.

Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай:

1-КЕЗЕҢ.Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;

2-КЕЗЕҢ.1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;

3-КЕЗЕҢ.1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.

4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады.

«Методика» ежелгі грек тілінен аударғанда «таным әдісі» және «зерттеу жолы» деген екі мағынаны білдіреді. Әдіс- бұл қандайда бір мақсатқа жету жолы. Тарихты оқыту методикасы- бұл тарихты оқыту әдісі мен мазмұнының міндеті туралы педагогикалық ғылым. Ол тарихты оқыту сапасын жоғарлату үшін тарихты оқыту процессінің заңдылығын зерттейді.

Қазақстан мектептерінде ХХ ғ. 20-30 жылдары тарихты оқыту жайлары. Қазақстан мектептерінде 40-жылдар мен 50-жылдардың басында оқыту мәселелері. 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында Қазақ ҚСО тарихының жаңа оқулықтары мен бағдарламалары. Қазақ ҚСО тарихын оқыту әдістемесі одан әрі жетілдіру. Қазастан тарихын оқыту әдістемесін ғылыми негізінде теориялық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер-тарихшылар жаңа дербес пән «Қазақстан тарихы» курсын енгізуге байланысты оқыту әдістемесіндегі өзгерістер. Сұрақ және жоспар әдісі, зертханалық, драмалау, рефераттау, т.б. әдістер. ХХ ғасырдын аяғы-ХХІ ғасырдың басындағы озық әдістемелер.

Негізгі әдебиеттер: [26, 33, 34]

Қосымша әдебиеттер: [10, 20, 21,]

Наши рекомендации