Обьективтік жағы 4. Субьективтік жағы

Ылмыстық құқықтың пәні және түсінігі, міндеттері

Қылмыстық құқық – жеке құқық саласы болып саналады.

Қылмыстық құқық – жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыс құқығы 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше

Жалпы бөлімде: қылмыс ұғымы, оның белгілері, қылмыс құрамы, қылмыс санаттары, қылмыс істеу сатылары, қылмыс жауаптылық негіздері, жаза туралы ұғым, жаза тағайындау және одан босату негіздері қарастырыладыы.

Ерекше бөлімде: нақты қылмыс құрамдары (түрлері) және оларды істегені үшін қандай жаза түрлері белгіленгені туралы көрсетіледі.

Жалпы және ерекше бөлімдер өзара тығыз байланыста, осы 2 бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.

Жалпы бөлімдегі барлық нормалар Ерекше бөлімнің нақты нормаларын қолданғанда, яғни қылмыс түрін анықтағанда оған басшылық етеді.

Қылмыстық құқықтың ең басты міндеттері:

1. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесін қорғау;

- жеке адамға қарсы, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

- меншікті қорғау

- қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғау

- қоршаған ортаны қорғау,

- ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қорғау

- бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігін қорғау т.б.

2. Қылмыстан алдын-алу және сақтандыру;

3. Қылмыс жасаған адамды тәрбиелеу.

Ылмыс санаттары мен қылмыс құрамы

Қылмыс санаттары -классификация(11-бап.) –қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатына және оның қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, сондай-ақ кінәнің түріне, келтірілген зиянның мөлшеріне қарай 4-ке бөледі:

Онша ауыр емес қылмыстар -жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер,   -сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер деп танылады
Ауырлығы орташа қылмыстар -жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер -сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер
Ауыр қылмыстар Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру 12 жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар  
Аса ауыр қылмыстар Жасалғаны үшiн осы Кодексте 12 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер ,
         

Қылмыс құрамы (состав преступлений) 4 элементтен тұрады:

Обьект 3. Субьект

Обьективтік жағы 4. Субьективтік жағы

Әрбір қылмыс пен қылмыстық теріс қылық ↔ б.бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді н/е зиян келтіру қаупін тудрады.

Сондықтан, Қылмыстық құқық заңы қорғайтын қоғамдық қатынастарды қылмыстың және қылмыстық теріс қылықтың ЖАЛПЫ ОБЬЕКТІСІ дейміз.

Қылмыс обьектісінің маңызы неде⁈ Ол қылмысты дұрыс анықтауға, іс-әрекеттің жалпы қылмыс қатарына жатқызуға қылмысты басқа қылмыс түрінен, басқа құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік береді. М: 188-б. Бүреудің мүлкін жасырын ұрлау, 191- бөтеннің мүлкін ашық ұрлауда – бөтеннің мүлкі, яғни меншік қатынастарға зиян келеді. Адам өлтіруде – адам өмірі.

ОБЬЕКТИВТІК ЖАҚ – іс-әрекеттің саналы, ерікті түрде істегенмінез-құлқының көрінісі. Обьективтік жақ 3 белгіден тұрады:

І. қоғамға қауіпті іс-әрекет ↔ адамның құқыққа қайшы саналы түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі.

Кез келген іс-әрекетке тән 2 белгі бар. Олар: а) іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі (қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғылуы); б) іс-әрекеттің құқыққа қайшы жасалуы (қылмыстық заң тыйым салған іс-әрекеттерді істеуі)

♣ Адамның ой-санасынан, еркінен тыс істелген дене қозғалысы қоғамға қаншалықты зиянды зардаптар келтірсе де, мұндай әрекеттер қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.М: есі дұрыс емес адамның әрекеті, табиғат апатының салдарынан адамға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмеуі соның салдарынан адамның өлуі, жыртқыш хайуан, құстардың әрекетінен зиян келуі; біреудің күш көрсету не қолданамын деп қорқытуы салдарынан істелген әрекеттер – тойтарылмайтын күш деп саналады.

Іс-әрекет 2 түрлі жолмен жасалады:

а) белсенді әрекет – ұрып-соғу, жала жабу, ұрлау, өлтіру, пара алу, қарақшылық

б) әрекетсіздік – адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулықтар, жарлық, бұйрықтар, ережелер бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамау болып табылады.М: қылмыс туралы хабарламау, науқасқа көмек көрсетпеу, 152-б. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу; 156-б. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу

ІІ. Зардаптың болуы – қоғамдық қатынастарға іс-әрекеттер арқылы келтірген зиянда айтады. Яғни, қылмыстың нәтижесі.

- материалдық зардаптар,

- адам өмірі

- денсаулыққа келтірілген әртүрлі –жеңіл, орташа, ауыр жарақаттар т.б.

ІІІ. Себепті байланыс –қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс дейміз. Іс-әрекеттен туындайтын зардаптың сөзсіз болуы себепті байланыстың белгісі.

Қоғамға қауіпті зиян, зардаптарға ↔сол қылмыс істеген адамның іс-әрекеті осы зардаппен себепті байланыста болғанда ғана оған жауаптылық бар. М: адам денесіне пышақ салу салдарынан адамның қайтыс болуы не мүгедек болуы, түрлі жарақат аллуы. \ІV. \

СУБЬЕКТ – қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам.

Субьектінің белгілері:

1) белгілі бір жасқа толуы,

2) өз іс-әрекетіне есеп бере алатын есі дұрыс адам.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың - адам өлтiргенi; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi; зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi, адам ұрлағаны; әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырған; ҚР Президентінің өміріне қолсұғушылық; диверсия; ұрлық (188-баптың 2,3,4), тонау (191-баптың 2,3,4), қарақшылық; терроризм актісі; адамды кепiлге алғаны; ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың 2,3), т.б. үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Кейбір қылмыстардың ерекшелігіне байланысты кәмелетке толған адамар – 18 жастан бастап жауаптылық жүктелінеді. М: -әскери қылмыстар; -132-бап. Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы; 133-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту; 134-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту; 135-бап. Кәмелетке толмағандар саудасы; 312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту;

Есi дұрыс еместiк

Қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.

Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.

Арнаулы субьект

- мем. құпияны сақтауға міндетті адам;

- әскери қызметіне қарай: әскери қызметші;

- сыб.жемқ.–лауазымды тұлғалар;

- Тыңшылық- шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса;

- Мемлекетке опасыздық жасау – ҚР азаматы

- жынысына қарай: зорлау- ер адам; Жаңа туған баланы анасының өлтiруi

- ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер ҚР-ның заңымен жүктелген өзге де адам

- жас мөлшеріне қарай: 18 жас

- отбасылық туыстық қатынастар бойынша: Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару; Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану

- денсаулық жағдайына байланысты: соз, вич аруы бар адамның соз ауруларын жұқтыруы;

- кәсіби міндетіне қарай: дәрігерлер, мед.қызметкерлері; жеке күзет қызметкері; жекеше нотариустар, бағалаушылар, жеке сот орындаушылар, медиаторлар және аудиторлар; сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөнiндегi комиссияның мүшесi

- арнаулы мем жүйеде қызмет атқаратын тұлғалар: прокурор, сот, тергеуші, адвокаттар.

СУБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫ.Белгілері:

1. Кінә – адамның қылмысты істеуге байланысты тікелей психикалық қатынасы

Қасақана Абайсыз
Кінәлі адамның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті мәнін түсінуі, сезінуі және өз іс-әрекетінен болатын зиянды, залалдың болуын болжауы немесе болу мүмкіндігін білуі Қылмыстар ұқыпсыздық, салақтық, өз ісіне мән бермеушілік, немқұрайдылық, менменсу, жауапсыздық салдарынан болады

Мақсаты мен ниеті

Мақсаты – адамның қылмыс істеу арқылы болашақта б.бір нәтижеге жетуі.

Ниеті – қандай бір қажеттілік пен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде ұылмыс жасауын айтамыз.

Қылмысқа қатысушылардың түрлері:

Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады

1. Қылмысты орындаушы 2. Қылмысты ұйымдастырушы

3.Қылмысқа айдап салушы 4. Қылмысқа көмектесуші

1.3. ЖАЗА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Наши рекомендации