СұрақПедагогикалық техниканың құралдары.

А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыҢды, жүрек сезіміңді ұққандықтан құрметтейді, сенімі артады»

1) ӨЗ ДЕНЕСІН БАСҚАРА АЛУ - физикалық денсаулық, мимика, пантомимика, жестті қолдана алу икемділігі.

Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылымы зерттейді.

Вербальды емес мәнерлілік- табысты педагогикалық үрдістің бір бөлігі. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік 60 тан 80 % дейін вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асырылатынын психологтар анықтаған, ал вербальды жолдар арқылы ақпараттық 20-40 % ғана беріледі екен.

Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабағы ашық болуы тиіс.Оқушы мұғалімнің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыңды ұғынады.

Кәсібі көпшілік алдында сөйлеумен байланысты болғандықтан мұғалім қол қимылдары мен мимиканы қолдануды, оқушылардың көңіл-күйіне назар аударып,олардың жан дүниесін, ойларын түсінуі керек.

Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін бет қимылдары арқылы таныта білу өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.Оқушылар мұғалімнің «бетінен»-ақ оқиды» Мұғалім әрқашан балаларға қарап тұруы тиіс, қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден қашу керек.

Мимика деталдары: қас пен көз. Қасты көтеру таң қалуды білдірсе, түю- бір ойға, бір мәселеге келуді, қозғалыссыз болуы- жайлылықты, үнемі қозғалыста болу- таңдануды туғызады. Ал көзі арқылы барлығын көріп, назарда ұстап тұру қажет.

Пантомимика– дене, аяқ, қолдың қозғалысы. Ол бастыны анықтауға көмектеседі. Адамның қимылына қарап, айтайын деген ойын ұғынуға болады. Аяқтың арақашықтығы 13-15 см болу керек. Алдыға қарай қозғалып айту айтылатын мәселенің маңызды екенін білдірсе, ал артқа қарай кету тыңдаушыларға еркін отыруға мүмкіндік беретін поза.

Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.

Педагог қолдарының қимылы үйлесімді және жинақы болуы керек. Жест – қол сермеуі. Қол сермеудің 2 түрі бар:

1.Қол сермеудің бейнелеу түрі- ой тізгінімен байланысты, оны адам жиі қолданады..

2.Қол сермеудің психологиялық түрі- адам сезімімен байланысты.

Қол қимылдары дененің басқа қозғалыстары сияқты ақпаратпен қоса жүреді.

2) ӨЗІНІҢ ЭМОЦИОНАЛЬДЫ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРА АЛУ - өзінің психикалық жағдайын, сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі .

Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуі. Оған мынадай тәсілдерді жатқызуға болады:

- қайырымдылық пен оптимизмге тәрбиелеу

- өз тәртібіне бақылау жасау / сөйлеу, тыныс алу т.б./

- пед.қызметте жақсарту ісінде қолдану (еңбек терапиясы, музыкотерапия, библиотерапия, әзіл, имитациялық ойын);

- өзін-өзі сендіру.

Осы бағытта В. А. Сухомлинский: ішкі жан дүние гармониясын сақтау үшін қайырымды, оптимист бол, әзілмен шешуді ұсынады.

1.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕРЦЕПЦИЯ - зейін, өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі т.б.

Педагогқа адам психикасы үшін маңызы зор-кері байланыс механизмін қолдана алу иекемділігі керек. Өйткені, мінез-құлық та, дауыс та, мимика да, қол сілтеу де біздің ішкі дүниемізге, көңіл-күйімізге әсерін тигізеді.

4) СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ – сөйлеу мәдениет, эмоциясы, дауысты қою, дем алу, интонация, сөйлеу темпі,сенім туғызуы

Мұғалімнің сөйлеу техникасы- дауыс ырғағы, тоны. Оны реттеу үшін өзімен жұмыс жасауы керек. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз— әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.

Тыныс алу ағзаға ауаны қамтамасыз ететін физиологиялық қызмет атқарады, сондай-ақ ол сөйлеудің энергетикалық базасы болып та саналады. Тілдік тыныс алу- фоноционды /грекш phono - дыбыс) дегенді білдіреді. Күнделікті өмірде адамдар көбінесе диалогтық тілдесімге түсетіндіктен тыныс алу қиындық туғызбайды. Ал сабақ барысында мұғалім ұзақ уақыт сөйлеуі үшін: түсіндіру, дәріс оқу барысында тыныс алуды жаттықтырмаса онда бет қызарады, демікпе пайда болады, қан тамырлары жылдам соғуы мүмкін.

Тыныс алудың техникасы бойынша жаттығу жасау.

1.жоғары тыныс алу: иықты көтеру, түсіру, кеудені көтеру.

2.кеуде қуысының көтерілуі

3.ішпен тыныс алу

Дауыс. Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық,энергетикалық, резонаторлық.

Дыбыс генерациясы дауыс жарғағында, ауыз қуысында болады , ол дыбыстардың тонын, шуын қамтамасыз реттейді.

-МҰҒАЛІМНІҢ ДЕНЕ БІТІМІ, ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУЫ

Педагог пен оқушылар арасындағы ара қашықтық

1.Тікелей жақындықтың арақашықтығы

oЖанасудан 0,5 метрге дейін

oЕң жақын арақашықтық

oОқыту үшін кейде ыңғайсыз

2Жеке кеңістік

•0,5 метрден басталады

•Жақын, бірақ тым жақын емес

•Оқыту үшін қолайлы

1.Әлеуметтік тілдесудің арақашықтығы:

•1 метрден 3,5 метрге дейін

•Топпен тілдесу

•Оқыту аймағы

1.Көпшіліктің алдында тұрып сөйлеудегі арақашықтық:

•3,5 метрден 7,5 метрге дейін

•Сахнада тұрып сөйлеу аймағы

•Оқыту үшін ыңғайсыз

А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыңды, жүрек сезіміңді ұққандықтан құрметтейді, сенімі артады»

Наши рекомендации