Практикалық сабақ № 9
Тақырыбы:Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Сабақтың жоспары:Мұғалімнің сабаққа дайындалуын оқып-үйрену.
Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Мұғалімнің сабаққа дайындалуына талдау жасау және студенттердің берілген талаптарды меңгеруіне байланысты білімі мен іскерлігін бағалау.
Сабақты өту формасы:дивергентті ойлау
Ысқаша теориялық мәліметтер
Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру. Оқытушының сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау) (сурет 1).
Оқытушы мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде оқытушы оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне «икемдейді», жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады.
Сурет 1. Оқытушының сабаққа әзірлену кезеңдері
Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Оқытушы балалардың мүмкіндіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, білімгерден талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды.
Болжау - тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият болжап алады.
Жобалау (жоспарлау) – бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді.
Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарған арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1-тапсырма. Мұғалімнің «Технология» сабақтарына дайындалуының ерекшеліктері.
2-тапсырма. Кәсіптік саладағы мұғалімнің сабаққа дайындалуының ерекшеліктері.
Й тапсырмаларының түрлері және тізімі
Сабаққа лайындалу бойынша реферат дайындау.
Бақылау сұрақтары
1. Сабаққа дайындалу қажеттілігі неде?
2. Оқытушының сабаққа әзірлені қанша кезеңнең тұрады?
3. Диагностикалық кезеңнің жүзеге асуы.
4. Болжау, жобалау кезеңдерінің ерекшеліктері?
СӨЖ-ге тапсырмалар
I. нұсқа (жеңіл)
1. Диагностикалық кезеңнің жүзеге асуы.
IІ. нұсқа (күрделілігі орташа)
2. Болжау, жобалау кезеңнің жүзеге асуы.
Сынылатын әдебиеттер
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Осымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж