Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
Ойыншықтарға қызығушылықты, олармен заттық – ойын әрекетті дамыту, ойын процесіне қуана алуды және әртүрлі заттармен әрекет етуді үйрету.
Ойыншықтармен және олардың әрекеттерімен таныстыру, ойын және заттық іс-әрекеттерге эмоционалды қарқын туғызу.
Көмекші құралдарды қолдануды үйрету.
Ойыншықтарды түрлі әрекеттерін олардың физикалық қасиетіне (лақтыру, итеру, еденде сырғанату) байланысты үйрету.
Шелектен кубиктарды толтыру.
Үлкен заттарды екі қолмен ұстауды үйрету.
Кубикті кубиктің үстіне қою.
Ойыншықты арқанмен сүйрету.
Стерженге сақинаны кигізу және алу.
Бір құрамды матрешкаларды ашып жабу.
Керекті құрылыс бөлшегін таба алу дағдысын қалыптастыру.
Бірдей кубиктардан және кірпіштен пирамида тұрғызу.
Процессуалды әрекеттерді дамыту: машинаны сырғанату, оның жүгін тиеу және түсіру.
Ойынға қажетті заттарды тауып үйрету.
Ойында өзара байланысты әрекеттер қатарын жүзеге асыруды үйрету.
Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
Құрау:
Сазды, ермексазды, қамырды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Жұлуды, кесектеуді, шымшып алуды, уқалауды, сындарып алуды, жағуды және т.б. үйрету.
Үстелде, алақан арасында ермексазды жаюды үйрету (колбаса).
Ермексазды дөңгелек қозғалысымен жаюды үйрету (шарик, доп, доңғалақ).
Шарикті саусақтармен жаюды үйрету.
2 элементті біріктіруді үйрету.
Сурет салу:
Балаға қарындашты ұстатып үйрету.
Қарындашпен қолдың қозғалысын көзбен бақылап отыруды үйрету.
Дөңгелек форманы салуда жаттықтыру (шар, доңғалақ, доп).
Суретті аяқтауды үйрету: арқанды машинаға.
Қарапайым формаларды бояп үйрету.
Аппликация:
Қағазға тегіс заттарды жабыстыруды үйрету.
Қағазға заттарды орналастыруды, сүркішті, желімді, бояу жағатынды пайдалануды үйрету.
Қарапайым заттарды жабыстыруды үйрету: алма, сәбіз, үй, шыны аяқ және т.б.
Ата-аналар үшін нұсқау:
Сізге балаңыздың даму динамикасын тексеріп отыруға көмектесетін күнделік бастау қажет. Оған беретін тапсырманың нұсқауы қысқа әрі түсінікті болу керек. Балаңызбен тапсырма орындауға кіріскенде баланың ойын әрекеті ойыншықтармен әрекетіне негізделетінін есіңізден шығармаңыз. Ең оңай тапсырмаларды орындатып үйретіңіз, ақырындап күрделісіне көшесіз, материалды күнделікті өмірден алып бекітіңіз: баланы серуендетуге апарарда киіндірген кезде, тамақ уақытында және т.б. ойындар және ойындық жаттығулар көптеп қолданылады.
2 жаттығудан кем емес артикуляциялы гимнастика өткізу. Жаттығуды отырып немесе бала өзін және сізді көре алатында айна алдында тұрып орындаңыз. Сабақ барысында зейінді бір тапсырмадан екіншісіне ауыстырып отырыңыз (мысалы – кубиктерді түсі бойынша, одан кейін көлемі бойынша бөл). Көріп қабылдауын дамытыңыз: «Жұбын тап» ойыны, баланы түрлі іс-әрекет түріне ауыстырып отырыңыз, мысалы, үстел үстіндегі, едендегі ойын, екпінді ойын және т.б.
Ұсақ моторикаларды дамытыңыз:
- қол бұлғауды үйретіңіз «Сау бол»;
- заттармен әрекет етуді үйретіңіз: сырғанату, итеру, тарту, басу;
- екі қолмен сабын көпіршегін ұстауды үйретіңіз, алақанымен шапалақтатыңыз;
- сусымалы материалды саусақпен алуды үйрету, ойыншықты қолдан-қолға беру;
- сапты аяқтан, стақаннан ішкізіп, қасықпен қою тамақты жегізіп үйрету, қолды жуып оны сүртуді, үлкендердің көмегімен тісін тазалауды үйрету;
- тазалық дағдысын қалыптастырыңыз;
- шүмекке отырғызу процесіне байыппен қараңыз: дәретханаға барғысы келетінін ишаратпен білдіруді, дәретхана қағазын қолдануды үйретіңіз.
Балада ойыншықтар мен құралдардың екі тобы болуы керек: біріншісі, күнделікті ойынға, екінші тобы оқытуға арналған, бұл үлкендермен бірге болатын сабақтарда беріледі.
Сюжеттік ойындар үшін «Құрылыс», «Жеміс және көкөністер жиынтығы», «Балалар жиһазының» және т.б. жинақтары қажет.
Сурет салу үшін: түсті қағаздар, түрлі көлемдегі бояу жаққыштар (жуан, орташа, кішкентай).
Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту үшін моншақтар, сусымалы заттары бар банкі қажет. Өзін-өзі күту дағдыларын дамыту үшін балада сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, айна, ас үй заттары: өз бетінше ішуді, жеуді үйретіңіз.