Бақылау сұрақтары. 1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ

  1. Есептерді теңдеу құру арқылы шығару жоспарын ата.
  2. Есепті теңдеулер құру арқылы шығару тақырыбындағы көрнекі құралдарды ата.

Әдебиеттер:

1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын окулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. Алматы: «Атамұра», 2005.

2. М.И. Палий. Наглядность при изучении математике – М., 1995.

3. Л.М. Фридман. Наглядность и моделирование в обучении. – М., 1999.

4. М.А Пышкало., Е.Г. Гаврилов. Наглядные пособия по математике – М., 1996.

5. Оспанов Т.Қ. және т.б Математика. 1 -4-сыныптар..Алматы: «Атамұра», 2011

6. Т.Қ.Оспанов Т.К, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» баспасы, Астана-2007

7. Н.Н. Никитин. Наглядные пособия по математике в начальной школе – М., 1998.

8. Оспанов Т.Қ Математика. Дидактикалық материалдар.4-сынып. Алматы: «Атамұра», 2010.

Лекция 22

Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеулер құру арқылы шығару тақырыбындағы

Көрнекі құралдар

Жоспар

1. Математика сабағында ойын есептерді шығаруға қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі

1.Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздылық, тапқырлығы, ой белсенділігі саналы ойлана білуін дамыту – жетілдіру мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Дидактикалық ойындарды пайдалану жиілігін анықтау және шығармашылықпен түрлендіру әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Балаларға тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, оларды ұтымды пайдалану керек.

Кез-келген сабақтың нәтижесі, оқушының білім сапасымен өлшенеді. Оқушының алған білімін есіне сақтап қалу үшін көбінесе ойын сабақтарының маңызы зор. Ойын – бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет. Олар біртіндеп іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделеді.

Оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар – көп саналы, күрделі педагогикалық құбылыс. Он балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде ойын әдісі ретінде екі түрлі мақсатта қолданылады: ойын түрінде және дидактикалық немесе автодидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын математика сабақтарында ғана қолданылып қоймайды, табиғаттану, қоршаған ортамен таныстыру мақсаттарында да қолданылады.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі түрлі мақсатта қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі – ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнап отырып үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлері:

1. Дидактикалық ойындар.

2. Сөздік-дидактикалық ойындар.

3. Рольді сюжетті ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5. Шығармашылық ойындар.

6. Әдеби-музыкалық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мзмұны мақсатына сай лайықтап таңдап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген алты жасар балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға ойналады. Ойынның дамуымен оның орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Дидактикалық ойын түрлері көп. Дидактикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларын оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

1. Ойын – саяхаттар: Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі.

2. Ойын – тапсырмалар: Бұл ойындардың негізін заттармен әрекет, сөздік тапсырмалары құрайды. Ойын міндетін, әрекетін бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын – болжамдар: Бұл ойындар «Не болар еді?», Мен не істер едім, егер...? сұрақтарға негізделеді.

4. Ойын – жұмбақтар: жұмбақтардң бір ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді және т.б., яғни бұл ойындар балалардың белсенділігін қалыптастырады.

«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет?» (сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

 
  Бақылау сұрақтары. 1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ - student2.ru

цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кесте, оқулықта, тақтада, дәптерде);

қол қозғалысының бағыт игеруі: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;

цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.

Мәселен, саусақ санау ойындарының бірі – «Қуырмашты» 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуға дайындық кезеңінде қолдануға болады. Мұғалім оқушыларды ойынның мақсатымен, мазмұнымен таныстырады да, оларды екі топқа – басқарушылар мен орындаушыларға бөледі. Басқарушылардан санамақты жаңылмай айту, ал орындаушылардан саусақтарын дұрыс санау талап етіледі. Соңында дұрыс орындаған оқушылардың басқарушы қолын алып:

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар ...

Мына жерде қытық бар ...

Қытық, қытық! –

деп ойынды аяқтайды.

б) Балалар ойынның қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаштар тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып келеді. Оларды математиканы оқытудың дидактикалық мақсатын сәйкес төмендегідеу топтарға жіктеуге болады:

- заттарды салыстыруға үйрететін жаңылтпаштар:

Ақ қақпақты көк қобди, Ақ тай ақ па?

Көк қақпақты ақ қобди Қара тай ақ па?

Екеуінің жасы шамалас.

Бірінің шашы – қара шаш,

Бірінің шашы – ақ шаш аралас.

- сандардың атауларын дұрыс, анық айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар:

Төсек үстінде төрт бөрік, Пеш ішінде бес мысық,

Төртеуі де көк бөрік, Пеш үстінде бес мысық,

Төртеуінде көк бөрік т.б. Бес күзетші бес мысық.

Мұндай жаңылтпаштар математиканы оқытуда бала тілін ширатудың құралы бола отырып, балаларға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді, сонымен бірге оларды айналасындағы әсем көріністермен таныстырады, сөздің мағынасына, мәнерлігіне көңіл аударуғ үйретеді.

«Үндемес»

Дидактикалық мақсаты. Сандарға 1-ді қосу және олардан 1-ді азайту амалдарын оқушыларға үйрету.

Оқыту құралдары. 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар.

Ойын мазмұны. Тақтаға 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар ілінеді.

       
    Бақылау сұрақтары. 1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ - student2.ru
  Бақылау сұрақтары. 1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ - student2.ru
 

Мұғалім балаларға берілген плакаттардағы сандарға 1-ді қосып және 1-ді алу керектігін түсіндіреді. Мұғалім үндемей сандарды көрсетеді.

Ойын «Кім тез есептегіш».

а) Аулада 5 үйрек.

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды.

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек.

5+3=8;

8-1-1=6.

ә) Ал балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Екі ешкінің мүйізі,

Кәне кімдер табады.

Сонда қанша болады?

2+2=4.

б) Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

10-3=7.

Наши рекомендации