БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. Х. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ ­ түрік университеті

Х. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ ­ түрік университеті

Медицина факультеті

Акушерия және гинекология кафедрасы

Дерматовенерология» пәнінен студенттерге арналған

практикалық сабақтың әдістемелік нұсқасы

Тақырып: «Көпіршікті дерматоздар».

Дисциплина коды: DM 5303

Мамандық: 5B130100­ «Жалпы медицина»

Курс­ 5

Растырған: оқытушы Букебаева Ж.К.

Түркістан 2016-2017

Тема №6: «Көпіршікті дерматоздар».

2. Сабақтың мақсаты: студенттерге көпіршікті дерматоздардың клиникалық ерекшеліктерін, патогенезін, этиологиясын тануды үйрету, бұл дерматоздардың емін және диагностика дағдысын және білімін нығайту.

3. Оқыту мақсаты: осы тақырыптағы негізгілерді оқыту

студент білуі тиіс:

- көпіршіктердің, герпетикалық формалы Дюринг дерматитінің, көп формалы экссудативті эритеманың этиопатогенетикалық теориясы;

-дерматоздардың классификасы, клиникалық формасы, симтомы және осы аурудың ағымы;

-көпіршікті дерматоздардың емдеу принциптері;

-кортикостероидты препараттарды қолданған кездегі жанама әсерлері;

Студент жасай алуы тиіс:

-науқастан дұрыс анамнез жинай білу;

-көп формалы экссудативті эритеманың маусымдық аурулармен байланысын анықтау;

-диагностикалық симптомдарын анықтау (Никольскийдің, Асбо-Ганзенің, Ядассонның);

-көпршікті дерматоздың диагнозын қою және негіздеу;

-вульгарлы көпіршікті акантоликалық емес көпіршікпен дифференциялау;

-ем тағайындау

Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1. Пемфигус. Этиологиясы, клиникалық формасының сипаттамасы, клиникалық және лабораторлы диагностиканың әдістері. Дифференциялды диагностикасы. Болжамы. Емдеу принциптері.

2. Герпетикалық формалы Дюринг дерматиті. Клиникалық ерекшеліктері. Клиникалық және лабораторлы диагностикасы. Емдеу принциптері.

3.Көп формалы Экссудативті эритема.Этиология,патогенезсі.Клиникалық түрлері,диагностикасы, емі,рецидив профилактикасы.Стивенсон-Джонсон синдромы.

4. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Оқытудың түрі: кіші топтарда оқыту (SGL),клиникалық тапсырмаларды талдау, практикалық дағдыларды жетілдіру; картограммаларды толтыру,кері байланыс.

Бағалау түрі:ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық тапсырманы жауабын табу, практикалық дағдыларды бағалау.

Суммативті бағалау: MCQ, SAQ (ситуациялық есеп), SAS (картограмма толтыру).

6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Орыс тілінде:

негізгі:

1. «Кожные и венерические болезни» Учебник+CD/под ред. Ю.К.Скрипкин-М.2000 с.264-268, с.342-352, с.353-356.

2. «Кожные и венерические болезни» Учебник+ CD/под ред. В.П.Адаскевич, В.П.Козин ­ М. 2009, c.321­329, c.331-335. c.314-317.

Қосымша:

1. Павлов С.Т. Кожные т венерологические болезни, 1987г.

2. Кожные и венерические болезни. Атлас /Под ред. М.Н.Туранова 1977г.

7. Бақылау(сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер және т.б.):

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Никольский симптомы немен түсіндіріледі?

2. Көпіршіктегі диагностикалық тест түрлері қандай?

3. Көпіршік кезінде неге кортикостероидтармен ұзақ ем жүргізіледі?

4. Акантолитикалық клеткалар қалай көрінеді?

5. Ауыз қуысының шырышты қабатының вульгарлы көпіршігін неге көп формалы экссудативті эритемамен ажырата білу керек?

6. Диагнозды негіздеу үшін неге цитологиялық зерттеу жүргізіледі?

7. Вульгарлы көпіршік түзілісінен кейін көбіктер неге тез ашылады?

8. Вульгарлы көпіршікке, көп формалы экссудативті эритеманың және тек ауыз қуысының акантолитикалық емес көпіршіктерінің шырышты қабатына қандай симптомдар тән?

9. Кортикостероидтардың жоғарғы дозасын тағайындаған кезде неліктен калий препараттарын бір мезгілде тағайындау керек?

10. Кортикостероидтарды қабылдайтын, көпіршікпен ауыратын науқастар диетасы неге ақуызға бай болуы керек?

11. Бөртпенің тері жамылғысының көп бөлігіне таралуы неге өліммен аяқталуы мүмкін?

12. Көп формалы экссудативті эритема кезінде қандай патогенетикалық факторлар жиі анықталады?

13. Көп формалы экссудативті эритеманың жиі таралатын аймағы.

14. Көп формалы экссудативті эритеманы емдеудің негізгі принциптері.

15. Көп формалы экссудативті эритемамен ауыратын науқастарға қандай алдын ­ алу шаралары ұсынылады?

16. Неліктен көп формалы экссудативті эритеманың дифференциялды диагностикасын вульгарлы көпіршікпен жүргізу қажет?

17. Көп формалы экссудативті эритеманың маусымдық ауруы немен негізделген?

18. Көп формалы экссудативті эритема кезінде «құс көз» дегеніміз не?

19. Көп формалы экссудативті эритеманы емдеуде неліктен кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер қолданады?

20. Неге көп формалы экссудативті эритема кезінде Никольский симптомы теріс мәнді?

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№1 есеп.56 ­ жастағы науқаста көпіршік үстін тартқанда анықталатын Никольский симптомы, ашық ­ қызғылт түсті эрозия, кеуде және іштің өзгермейтін терісінде тез ашылатын көбіктер пайда болған.

Науқасты тексеріңіз, диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.

№2 есеп.Тәулігіне 30 мг преднизолон алғаннан кейін гипертензия, жіліншіктердің ісінуі, тахикардия дамыған вульгарлы көпіршікпен ауыратын нақастың емдеу әдісіне түзетулер енгізіңіз.

№3 есеп.Науқас 49 жаста, тағам қабылдағанда ауырсынатын қызыл иек пен жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында эрозия пайда болуына байланысты шағымданып келді. Объективті: Никольский симптомы оң мәнді, ауыз қуысы шырышты қабатының ашық­қызғылт түсті өзгермеген эрозиясы.

Науқасты тексеріңіз, салыстырмалы түрде диагноз қойыңыз.

№4 есеп.Науқас58 жаста, 3 ай бойы ауыз қуысы шырышты қабатында эрозия пайда болғанын айтады. Тіс дәрігерінде емделген, түрлі дезинфекциялайтын ерітінділермен аузын шайған, димедрол, поливитаминдер алған, бірақ нәтижесіз болған. Соңғы аптада оң мәнді Никольский симптомы байқалған, өзгермеген шырыштар фонында аймақтық дұрыс емес кескіндер орналасқан, жаңа қызыл түсті эрозиялар көптеп пайда болған.

Науқасты тексеріңіз, диагноз қойыңыз және емдеуде түзетулер енгізіңз?

№5 есеп.Науқаста күз және көктемде орталыққа шабатын қызыл­қызғылт түсті табанда және тырнақ қырында папулалар пайда болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғаннан бұрын әлсіздік, буындарда ревматоидты ауырсынулар, дене қызуының жоғарылауы болғанын айтады. Анамнезінде ­ ревматизм, созылмалы тонзилит.

Диагноз қойыңыз және ем тағайындаңыз.

№6 есеп.Науқас күзде кенеттен буындары ауырып, дене қызуы 39ᵒC көтерілген. Келесі күні ауыз қуысының шырышты қабатында және еріннің қызыл жиегі эритематозды фонында үлкен көпіршікті беті сыдырылған, оңай қанайтын эрозия аймағы ауырсынады, сары ­ қоңыр қабатпен қапталған, еріннің қызыл жиегі аймағында қанағыш қыртыстар анықталады.

Дифференциалды диагностика жүргізе отырып диагноз қойыңыз.

ТЕСТТЕР

Наши рекомендации