Бақылау сұрақтары. 1. Қандай шынжырларды тартқыш құрылғы ретінде пайдаланады?

1. Қандай шынжырларды тартқыш құрылғы ретінде пайдаланады?

2. Жүк көтергіш машиналардың негізгі бөліктерін атап беріңіз?

3. Арқандарды қандай көрсеткіштер бойынша таңдайды?

4. Тоқтату және тежегіш құрылғылардың айырмашылығы.

Тақырып 7. Тасымалдағыш машиналардың жалпы құрылғысы және бөлінуі.

Мақсаты: Тасымалдағыш машиналарының жалпы құрылғысы және бөлінуімен таныстыру.

Жоспар

1. Тасымалдағыш машиналардың бөлінуі.

2. Тасымалдағыш машиналар жұмысының принципиалдық негіздері.

Тасымалдағыш машиналар (үздіксіз жұмыс машиналары) қазіргі өнеркәсіпте цехаралық, цех ішінде (жем цехы, астық қоймасы, жөндеу кәсіпорындары және т.б.) және тіркесім ішінде (астық, қызылша, картофель және сурлем комбайндары және т.б.) кең пайдаланылады.

Сусымалы (астық, тыңайтқыш, араласқан жем, түйіршік жем және т.б.), түйір (жем брикеттері, тамырсабақтылар, көмір қиыршық тас және т.б.), байланған (шөп, сабан, құнарланған шөп, нәжіс және т.б.) және бірлік (бума, контейнерлер, жәшіктер және т.б.) жүктерді тмсымалдайды.

Бұл машиналардың негізгі артықшылығы: тиеу, түсіру кезінде жүктер тоқтаусыз қозғалады, жүк артушы элементтің жұмыс және бос қозғалысын біріктіру жүк тасқынының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Тасымалдағыш машиналарының өнімділігі (негізгі көрсеткіш) жоғары сенімділігімен, мықтылығымен және ұзақ уақыт пайдалануына байланысты.

Ең маңызды жүк тасқынын қамтамасыз ету үшін жалпы мақсаттағы тасымалдағыш машиналарын пайдаланады: таспалы, қалақшалы, шөмішті, бұрандалы, пневматикалық тасымалдағыштар және арнайы: астық тиегіштер, қызылша тиегіштер, нәжіс тиеушілер, жем таратушы және т.б.

Үздіксіз жұмыс машиналарын жеке өзіне тән белгілеріне қарап айырады:

Жүк түрі бойынша – сусыма, байланған, бірлік, ылғалды және т.б.;

Құрылымына қарай – тартқыш бөлігі таспа, шынжыр немесе арқан ( таспалық, скребковый, тақтайшалы, тілімді, элеваторлар және т.б.) және тартқыш бөлігінсіз (бұрандалы, лақтыратын, тербелетін, пневмотасымалдағыш және т.б.);

Жүктерді қозғау принципі бойынша – тартқыш бөлігімен қозғау (шөмішті, таспалы, шынжырлы – тақтайшалы тасымалдағыштар), итеру немесе сүйреумен (қалақшалы тасымалдағыш) жұмыс элементіне үйкелумен (бұрандалы тасымалдағыш) және екпіндія немесе ауырлық күшінің әсерімен (көлбеу жазық, сырғанау тақтасы, екпіндіялық питательдер және тасымалдағыштар мен басқа машиналар);

Қозғалыс бағытына қарай – көлденең, көлбеу, тік және күрделі кеңістік жолымен;

Жүкті қозғау берілісіне қарай – механикалық, өзі ағатын, пневматикалық және гидравликалық беріліс;

Жасалуына қарай – тұрақты орнатылған тасымалдағыштар, қайтатиейтін және қосалқы құрылғылар болып бөлінеді.

Қазіргі жағдайда тасымадағыш машиналардың пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін әмбебап ету тенденциялары байқалады.

Таспалы тасымалдағыш деп тасушы және тартушы бөліктері иілгіш таспа болып келетін, үздіксіз тасымалдайтын көп тараған машиналарды айтады. Таспалы тасымалдағыштар сусыма және бірлік заттарды қысқа орташа және алыс қашықтықтарға қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісінде, тау – кен өндіруде және металлургия өнеркәсібінде, қоймаларда, аймақтарда тасымалдау үшін пайдаланады.

Таспалы тасымалдағыштар тиеу – түсіру құрылғыларының элементі ретінде, одан басқа технологиялық функцияларды орындайтын машиналар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі кезде елімізде жұмыс істеп жатқан тасымалдағыштардың ішінде таспалы тасымалдағыштар жетекші орын алады.

Таспалы тасымалдағыштардың келесі артықшылықтары бар. Олардың өнімділігі жоғары жылдамдығы (6 – 8м/с) және таспаның жалпақтығы арқасында басқа тасымалдағыштардың өнімділігінен көп есе артық.

Таспалы тасымалдағыштар көлденең және көлбеу бөліктері бар күрделі жолмен тасымалдай алады, сондай – ақ көлденең жазықтықта қисық жолмен де тасуы мүмкін. Құрылғысы мен пайдалануы қарапайым, жұмысты қадағалап отыруға және басқаруы автоматтандырылғанына байланысты таспалы тасымалдағыштар жоғары сенімділікке ие. Ұзын және жоғары өнімді тасымалдағыштардың бір берілісінің қуаттылығы зор. Таспалы тасымалдағыштардың ерекшелігіне таспа мен шығыршықтардың жоғары құны жатады, олар тасымалдағыштың құнының 50 және 30%-ін құрайды. Кемшіліктерінен жабысқақтық, ыстық және ауыр бірлік жүктерді тасымалдаудың қиын екенін айтса болады, сондай-ақ 18-20° жоғары көлбеуде жұмыс істеу қиын.

Таспалы тасымалдағыштарды алыс қашықтықтарға тасу шығыны теміржол және автомобиль көліктерімен тасығаннан арзан.

Таспалы тасымалдағыштарды кең және жан-жақты пайдалану олардың техникалық – экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қажет етеді, зерттеушілер алдына маңызды мәселелерді қояды: өте берік таспа жасау, тірек шығыршықтарының қызмет уақытын ұзарту, дәлденген есеп әдістемелерін қарастыру, сенімді жұмыс істейтін тиеу және қайта тиеу құрылғыларын жасау, үлкен қуатты берілістер және т.б.

Тілімді тасымалдағыштар деп жүктерді төсемде тасымалдайтындарды айтады, олар тартушы бөлікке бекітілген жеке қозғалмайтын тілімдерден тұрады (ГОСТ – 22281 - 76).

Жазық бір –біріне түйіспейтін төсемді тасымалдағыштар бірлік және талшықты жүктерді тасымалдауға арналған. Жылдамдығы аз болады, ұлғайтса жүктердің төсемнен құлау қаупі тұрады. Тасымалдағышта бір-бірімен түйіскен тілімдер бірін-бірі жауып тұрады және бірыңғай тегіс төсегіш болады.

Тасымалдағыштың төсемін толқынды қылып жасау төсемнің қаттылығы мен беріктігінің артуына ықпалын тигізеді, саңылаулардың толық жабылуын қамтамасыз етеді, жүктің төсеммен ілінісін және рұқсат етілген төсеніштің көлбеу бұрышын ұлғайтады. Бірақ мұндай төсемдер тек бірлік жүктерді тасымалдауға ғана арналған.

Қозғалмайтын жақтаулары бар тасымалдағыштарда жүктің түсіп қалуы мен төгілуі болмайды, төсеніштегі сусыма жүктің көлемі көбейеді және өнімділігі артады. Бірақ та тілімдердің арасы мен қозғалмайтын жақтаулар арасына жүктің төгілуі мен қыстырылып қалуы байқалады, сондай-ақ жүктің қозғалмайтын жақтауға үйкелуі әсерінен қосымша кедергі пайда болады.

Бұл кемшіліктер жақтауы бар түйіскен толқынды тасымалдағыштарда жойылған, бұнда бірін-бірі түбімен де, бүйірімен де жауып тұратын тілімдер сусыма жүктің көршілес тілімдердің саңылауынан сусып түсуіне жол бермейді. Осының арқасында бұндай тасымалдағыштар кез келген жүкті тасымалдауға жарамды, бірліктіні де, сусымалыны да. Толқынды қозғалмалы жақтауы бар және көлденең қаттылық қабырғаларымен бекітілген төсемдер тасымалдағыштың мүмкін көлбеу бұрышын 40º дейін көтеруге мүмкіндік береді, қорапты шөміштәрәздәлерде - 65-70º дейін. Төсемі бар тілімді, астау пішініндегі тасымалдағыштарды астаулылар деп атайды.

Элеватор жүкті үздіксіз көтеру үшін және олар шөмішті,асаушалы және тақталы болып бөлінеді. Шөмішті элеваторлар сусымалы жүкті көтеру үшін, асаушалы мен тақталы – бірлік жүктер үшін арналған. Асаушалы элеваторлардың тақталылардан айырмашылығы, біріншісі жүктерді тербеліп тұрған асаушамен тасымалдайды және желінің кез келген жерінде жүкті түсіріп кете алады, екіншісі шынжырға мықты бекітілген тақталармен тасиды.

Сусымалы жүктерді үздіксіз тасу үшін шөмішті элеваторлар пайдаланылады, олар тартушы бөлікке (таспа не шынжыр) бекітілген шөміштен тұрады. Таспа қозғалысқа беріліске жалғағыш арқылы жалғанған дабылмен келтіріледі. Таспаның дабылға тығыз қысылуы тасымалдағыштың қозғалу бөлігіне үстіндегі жүктің түсіретін ауырлық күші арқылы іске асады, сондай-ақ тарту құрылғысының күшімен іске асады. Сусыма жүк элеватордың башмагына тиеу патрубогі арқылы түседі, шөміштерге салынып жоғары көтеріледі және бас жағында түсіру патрубогі арқылы беріледі. Элеватордың қаптамасында жұмыс бөліктерін көру және жөндеу үшін істелген есікшелер бар. Жүктің ауырлық күшінің әсерінен толтырылған шөміштердің өздігінен кері қарай қозғалмауы үшін элеватор берілісі тежегішпен жабдықталған.

Шанақ құрылғыларында гравитациялық тасымалдағыш құралдар қолданылады, оларға түсіруші науа, астаулар және түтіктер, және бұрандалы түсіргіштер жатады. Түсіруші құрылғылар шанақтардан сусыма жүктерді беруге арналған.

Науалар ашық және жабық болады. Ашық науалар шаңдамайтын бөлшек, түйір және ұсақ материалдарды тасымлдауға арналған. Шаңдайтын жүктерді тасымалдау үшін, сондай ақ шң түсіруге болмайтын және жұмыскерлер денсаулығына зиян келтіретін заттарды тасымалдау үшін түсіру түтіктерін немесе жабық науаны пайдаланады. Жабық науаның қимасытүсіруші түтіктегі сияқты. Алынатын қақпақ науаны тексеру мен жөндеуді жеңілдетеді.

Иілгіш тасымалдағыштың негізгі бөлшегі – беріліс және тарту механизмдері. Тарту бөлігі жоқ тасымалдағыштар беріліс құрылғылармен жабдықталған. Гравитациялық тасымалдағыштарда бұл механизмдер жоқ.

Беріліс механизмдері күшті тарту немесе жұмыс бөлігіне беру тәсіліне қарай үйкелісті (8 а,б,в,г суреттері) және ілінуші (8 д,е,ж суреттері) болып бөлінеді. Оларды тасымалдағыштың кез-келген жеріне орналастыруға болады. Орналастыру орны құрудың ыңғайлылығына, күтуге және тарту төлігінің тарту күшін азайтуға байланысты.

Бақылау сұрақтары. 1. Қандай шынжырларды тартқыш құрылғы ретінде пайдаланады? - student2.ru

8 сурет. Тартушы бөліктің беріліс сүлбесі.

а,б,в,г – үйкелісті, д,е,ж – ілініспен; з – керілу диаграммасы

Керілу механизмдері тартушы бөліктің жұмыс қабылеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті. Керілу механизмжері периодты (бұрандалы, тақтайшалы, 9 а,б суреті) және үзіліссіз (серіппелі, жүкті, 9в,г,д суреті) жұмыс істейтін болып бөлінеді.

Соңғыларын ұзын тасымалдағыштарда пайдаланады.

Мұнда kσ=1,1 – қорап немесе Fсб және Fнб дабылдағы шығын коэффициенті; Fсб және Fнб – қашушы және озушы тармақтардың тартылуы; F0-=gmkпд - қозғалысқа қарсылық коэффициенті kпд=f – болғанда массасы m қозғалмалы бөліктер қозғалуының күші.

Керілу күші

Fн=kσ(Fсб+Fнб+F0),

Бұл теңдеуден мынадай шешімге келесін: Fсб және Fнб неғұрлым аз болса Fн де соншалықты аз болады, тарту және беру станциялары оңтайлары орналасады. Беріліс механизмін тиеулі тармақ соңында орналастырған дұрыс, ал тарту құрылғысын басында.

Бақылау сұрақтары. 1. Қандай шынжырларды тартқыш құрылғы ретінде пайдаланады? - student2.ru

9 сурет. Керілу құрылғыларының сүлбесі.

А – бұрандалы,б – тісті – тақтайшалы, в – серіппелі, г,д – жүкті.

Бұндай нұсқада Fmax жетекші тармақ тартылуы және Fн тарту күші ең аз болады. Бұл артықшылықтарды ауыл шаруашылық мақсатындағы тасымалдаушы құрылғыларда бірыңғай пайдалануға болмайды. Сол себепті кейбір жағдайларда берілісті орнату машинаның құрылымының ерекшеліктеріне байланысты, сондай – ақ берілісті ыңғайлы жерге орнатпай, күрделі машиналарға орнатылған тасымалдау құрылғыларының мүмкіндігіне байланысты.

Дебиет

1.Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.

2. Александров М.П. Грузоподъемные машины. М., Высшая школа. 1986 – 400 с.

3. Зенков Р.Л. Машины непрерывного транспорта. М.: Машиностроение. 1984 – 367 с.

4. Спиваковский А.О. Транспортирующие машины. М.: Машиностроение. 1968-504с.

Наши рекомендации