Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану.

Жоспар

1.Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану.

1.Бастауыш мектеп математикасындағы өзекті ұғымдардың бірі натурал сан болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымды эквиваленттік жиындар класының сандық сипаттамасы ретінде анықтауға болады . Сондай-ақ, натурал сан ұғымы нәрлерді санаумен ғана шектелмейді де, шамаларды өлшеумен байланыстырылады. Ол реттелген жиын элементі немесе натурал тізбек мүшесі ретінде айқындала түседі . Натурал тізбек қасиеттерін қарастырумен байланысты натурал санның мөлшерлік мәні мен реттік мәні көрсетіледі. Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипатта –оларға қолданылатын обьекті ретінде кездеседі. Сан өте ежелгі ұғымдардың бірі. Әр түрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілі бір жүйелері пайда болған . Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін таңба ( цифр ) қолданылады. Осы цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар және олар бір таңбалы теріс емес , бүтін он санының атауларына сәйкес келеді. Цифр ұғымы сандарды жазу таңбасы ретінде енгізіледі. Сан мен цифр ұғымы әр түрлі ұғымдар .

Нумерация тақырыбында төмендегі дидактикалық материалдар қолданылады:

1.Көрнекілік кестесі. Кестелер жиынтығы 32 данадан тұрады. Олар шартты түрде 7 топқа бөлінген.

Бірінші топ, математиканың алғашқы «Қарапайым түсініктер» тақырыбына 6 кесте. Бұл кестелердің мақсаты- оқушыларға сан, санау, уақыт, кеңістік т.б. туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру. Сурет арқылы беріліп отырған кестенің мазмұны оқушыларды өздеріне таныс ортамен қарым-қатынас жасауға бейімдеп, оларды сөйлеуге, үйретуге, тілін,ойын, байқағыштығын дамытуға көмектеседі. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, жаңа мағлұматтар мүмкіндігінше ертегілер арқылы беруге, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Екінші топ, «Он көлеміндегі сандар» және «Кестелік қосу мен азайту» тақырыбы 11 кестеден тұрады. Бұл кестелер осы кезеңнің мақсатына сәйкес оқушыларға о-ден 10-ға дейінгі сандар қатарының әр түрлі заттар мен заттар топтарын қарастыру арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.

2. Цифрлардың жазу үлгісі

3.Қалталы полотно

4.Нәрселер суреті

5.Геометриялық фигуралар

6.Кеспе цифрлар

7.Ертегі кейіпкерлер суреті.

Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындық деңгейін тексеріп , біліп алған мұғалім , олардың әрқайсысымен жеке-дара қарым-қатынас жасай отырып , олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты дамуына ықпал жасайды . Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұнын және сәкес іс-әрекетінің түрін , оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға көмектеседі. Осыған орай мұғалім қандай сұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін , ал қандай мәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды . Сонда ғана оқу процесі әр оқушының өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне сәйкес келіп , нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.

1.Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады.

Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:

а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады:

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек бесеу)

Қандай сан шықты? (5)

5 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау – санды шығарып алудың бір көзі және сан – санаудың нәтижесін сипаттайды.

ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru - кесіндінің ұзындығы 5 см.

Ұзындықты өлшеу арқылы қандай сан шығарып алдық? 5, яғни сан шаманы өлшеуді нәтижесін сипаттайды.

Әдістемелік әдебиеттерде Н.Б.Истомина , Г.В.Бельтюкова , М.И.Моро , Л:И Тарасова және т.б ұсынған мектеп табалдырыған алғаш атаған оқушылардың математикалық білім , білік және дағды деңгейін анықтаудың математикалық білім , білік және дағды деңгейін анықтаудың әр түрлі бағдарламалары бар .

Қалай болғанда да оқу басталғанға дейін аса мәнді мәселелерді саралап , солармен байланысты тапсырмаларды , оқушылармен жүргізілетін еркін әңгімелесу кезінде орындатқан жөн.

Мәселен :

- Сен санай білесің бе ? ( оқушылар өз білім деңгейлерін көрсетіп , сандарды ретімен атап шығады ).

- Енді тақтаға қараңдар . Ненің суретін көріп тұрсыңдар ? Балапандардың . Санаңдаршы , неше балапан бар ? ( оқушыларды тақтаға шақырып , әр балапанды көрсетіп санау керек ) Бұл жерде біреуі 5 , екіншсі 6 , 7 деп шатасуы мүмкін , себебі сандарды атай білгенмен , затты санай білмейді . Сондықтан да оқушыларға қолдарымен ұстап бір жерден екінші жерге ауыстырып қою арқылы немесе доп қағу , шапалақтау , үстелдің үстінде қарындашпен дыбыстау , т.б. іс-әрекеттері арқылы санатып көреді.

- Балапандар бесеу . Ал Арманда 6 болды , неге ?

- Арман бір балапанды екі рет санап жіберген .

- Темірланда 4 , себебі ол бір балапанды санамай қалдырып кетті .

- Балапан қанша болса , сонша дөңгелек алыңдар .( Оқушылар жеке кассалардан 5 дөңгелек көрсетулері керек ) .

- Неше дөңгелек алдыңдар ? (5)

- Дөңгелектерді оңнан солға қарай санаңдар ( солдан оңға қарай санаңдар ).

- Санамай , бірнеше шаршы , үшбұрыштар алыңдар . Қайсысы артық ? Қайсысы кем ?

- Санамай бірнеше дөңгелектің суретін сал , әрқайсысының астына бір шаршыдан сал . Қайсысы артық ? Қайсысы кем ?

Оқушылар бұл тапсырмаларды дұрыс орындаса , онда олардың дайындық деңгейінің ойдағыдай болғаны .

Осының нәтижесінде жинақтаған мәліметтерді , кейін сабақта жеке оқушылармен жұмыс жүргізген кезде пайдалана алу үшін екі дәптерге жазып қою керек .

Дайындық кезіндегі мұғалімнің басты мақсаты – санай білуге машықтандыру , сондықтан да санауға берілген жаттығулар дайындық кезеңіндегі әрбір сабаққа енгізіліп отырады . Сонда құр санау емес , сандарды тура және кері ретпен атауға ғана емес , айналадағы нәрселерді , нәрселер суреттерін , оқулықта берілген суреттерді , кескіндеоген нәрселерді , т.б. санауға да баса назар бөлінуі тиіс.

Осындай жаттығуларды орындағанда мұғалімнің көмегімен оқушылар заттарды санағанда қалдырмай санау керектігін , бір нәрсені екі қайтара санауға болмайтындығын түсінеді және санау нәтижесі санау ретіне байланысты емес екендігіне көздерін жеткізеді. Осындай нәтижеге жету үшін әр сабаққа нәрселерді санауға арналған жаттығулар енгізіледі , яғни айналадағы нәрселер : қалтаға салынған заттық суреттер , берілген суреттермен кескінделген нәрселер , геометриялық фигуралар , санау шыбықтары , таяқшалар және т.б. заттар саналады . Санау материалдары әр оқушыда міндетті түрде болуы тиісі.

Нәрселерді әр түрлі ретпен санай отырып , санау нәтижесі санаудың ретіне байланысты емес екендігін , яғни нәрселерді солдан оңға қарай және керісінше санаған кезде бір ғана сан шығатынын көрсетіп беруге болады. Сонымен бірге санағанда шығатын реттік сан есімдарді пайдалана білуге де балаларды үйрету керек. Мәселен ,егер санағанда нәрсе жетінші болса , онда соңғы нәрсе жетінші болғаны , сонымен бірге жетінші бұл бір ғана нәрсе екенін оқушылар түсінулері қажет .

Наши рекомендации