Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Аңтар.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Көңілді достар» Мақсаты: Қуыршақ кейіпкерлер арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу, әуенді тыңдап, сипатын ажыратуға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Ойыншықтар: орман көрінісі, аю,қоян, тиін, түлкі, барабан аспаптары. Сөздік жұмыс: Ақша қар, барабан.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық. Үнтаспадан «Кеш жарық» әні орындалады.Жетекші балаларды қорапқа салынған «Қарлармен» қарсы алады. Қараңдаршы далаға, Дала аппақ ақша қар. Тал мен үйлер, қала да, Жамылыпты ақ шатыр. Қар атысып ойнайық, Қыс қызығын тойлайық!- деп ойынға шақырады. Балалар залға кіріп,тізбектеле жүріп,шеңбер бойымен тұруға талпынады. Бір-біріне қар лақтырып,көңілді ойнайды. Жинаған қарларын шырша түбіне үйіп жинауға әрекеттенеді.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік «Қар атысып ойнаймыз» ойыны ойналады. («Кім епті» Н. Ладухин ). Ойын соңында: Шыршаға жақын барайық, Қарды үйіп қояйық. Балаларға қарды жинап,қар үйіндісін жасатады.Енді оларға отырып демалуды ұсынып,ән тыңдауға шақырады.Өзі « Ақша қар» (музыкасын жазған К. Қуатбаев,сөзін жазған Қ. Ыдырысов) әнін орындап береді. Кенет педагог шырша артынана біреуді көргендей болып, таңғалады. -Сен кімсің? Кәне, мұнда шық! – деп шақырады. Ортаға аю ойыншығын ұстап педагог шығады. Мен аюмын қорбаңбай, Қимылдаймын қорбаңдай. Омартаны көргенде, Бас қоямын ойланбай. (А.Асылбек). Мені неге ұйқымнан ояттыңдар? Жетекші: біз көңілді ойындар ойнап жүрміз. Аю: олай болса, мен де өз джостарымды шақырайын. Аю барабан соғады -Балалар, маған көмектесіңдерші, барабанымның дауысы шықпай қалды. Балаларға барабан аспаптары беріледі. Ойыншық қоян шығады: -Сәлем, достар! Мені танисыңдар ма? -Балалар , қоянға өзі туралы тақпақ айтып берейікші. Ақ қоян – ау, ақ қоян, Ұзын құлақ сақ қоян. Ақ қоян – ау, ақ қоян, Жүйрік қоян сақ қоян! Аю балаларға тағы да барабанды ойнауды ұсынады. Ортаға тиін келеді. Мен тиінмін, тиінмін, Қысқа жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің! Аю балаларға тағы да барабанды ойнауды ұсынады. Көңілді әуен ойналып, ортаға түлкі шығады. Түлкі: Аю досым, мен мұндамын.         Әнді зор ынтамен тыңдайды. Мазмұнын түсінуге талпынады. БАлалар аюды көріп қуанып, жақындай бастайды. Аюмен бірге қимылдап, билейді. Аяқтарын көтере қорбаңдап жүреді.Бір орында басын ұстап айналады.     Балалар барабан дауысына елеңдеп, қызығушылық танытады. Балалар барабанды алып көңілдене соғады. Қоянмен бірге секіріп, қуанады.   Ақ қоян тақпағын мәтініне сай қимыл – қозғалыс жасап , бірге қосыла айтады.   Балалар қол ұстасып тиінді ортаға алып, шеңбер бойымен жүреді.   Балалар барабанды соғып,көңілденеді. Аюдың келесі досын асыға күтеді. Түлкіні қуана қарсы  
  Жетекші: Сен кімсің? Түлкі: Мен сұлу түлкімін, Жай өтпес бір күнім. Ішінде жүремін, Айғай –шу, күлкінің! -Достар, бәріміз көңілді ойын ойнайық! «Қояндар мен қу түлкі» ойыны ұйымдастырылады.     Алады, қол шапалақтап ризашылықтарын білдіреді. БАлалар ойын шартынтүсініп, қуана ойнайды.Жеңіл жүгіріп, түлкіден қашып кетуге тырысады. .
Рефлекс иялық- түзетушілік. -Аю, сенің достарыңмен бізге өте көңілді болды.Сендерге көп рақмет! Бізге қонаққа келіп тұрыңдар. -Балалар қонақтармен қоштасып шығарып салайық. -Балалар, сендерге аб мен достары ұнады ма?Қоян ше?Түлкі қалай жүгіреді?Тиін қандай?- деген сұрақтар қойып әңгімелеседі. Аю мен достарына рақмет айтып, қоштасады.     Балалар шамасы келгенше жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Әнді тыңдап, мазмұнын түсіну,қимылмен көрсете білу.

Игереді: музыканың сипатын ажыратуды, ырғақты сезіне еруін қимылдауды,әннің әуенін хормен және жеке айтуды.

Меңгереді: қарды лақтыру, жинау,барабан аспабында ойнау, өз еркінше кейіпкерлердің жүрісін, қимылын салуды.

Технологиялық карталар.

Аңтар.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Ертегілер елінде» Мақсаты: қуыршақ театры арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, әуен сипатын ажыратып, қимылдауға, ән айтуға дағдыландыру, достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі – құралдар: «Бауырсақ» ертегісінің көрінісі, үйшік, бауырсақ, ата, әже, қасқыр, қоян, аю, түлкі ойыншықтары. Сөздік жұмыс: Бауырсақ, ертегі, достар.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғаушылық. Залдың іші «Бауырсақ» ертеісінің көрініс іне лайықты етіп безендірілген. «Илигай» (өңдеген Б.Дәлденбай) әуенімен балаларды қарсы алу. Музыка жетекшісі Бауырсақ қуыршағын немесе суретін көрсетіп, балаларды бірге көңіл – көтеруге шақырады. Мен көңілді бауырсақ, Кел, ойнайық қуыспақ! Бауырсақ қашқан болады, балаларға қуалап жүруді ұсынады. «Жүгіреміз» (Г.Фрид) әуені ойналыпбалалардың жеңіл жүгірулерін бақылайды. Балалар қол ұстасып кіріп, шеңбер бойымен жүреді. Бауырсақты көріп таңғалады, қуанады.   Жеңіл жүгіріп Бауырсақты қуып жетпекші болады.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік Әуен аяқталысымен балаларды отырғызып жайғастыру. -Балалар бүгін бізді Бауырсақ өзімен бірге ертегілер еліне қонаққа ертіп бармақшы, бірге барамыз ба? Олай болса Бауырсақ туралы ән айтып берейін, мұқият тыңдаңдар. Бұл бауырсақты кім пісірген екен? Ендеше ертегімізді бастайық! Зал ортасына үйшік қойылып, педагогтың көмегімен қуыршақтарды ертегі мазмұнына сай қимылдатып сахналайды. Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде Ата мен әже болыпты, Ұзақ өмір сүріпті. Бір күні әже атаға дәмді, тәтті бауырсақ пісірмекші болыпты.Ата: Кемпір, маған бауырсақ пісіріп берші! Әже: Жарайды! – деп сахнадан көрінбей кетеді. Әже: Міне пісті бауырсақ, Ыстық, дәмді бауырсақ. Суытып мен алайын. Мынау жерге қояйын, - деп терезе алдына қойып кетіп қалады. -Балалар, енді бауырсақ не істейді? Қалай жүгіреді? Қане бауырсақпен бірге жүгірейікші. -Алдынан не шығады? «Қасқыр» (муз. Д.Ботабаев, сөзін жазған А.Асылбек)орындалып ортаға қасқыр ойыншықты ұстап педагог шығады Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін! Бауырсақ пен балалар: -Жоқ, жей алмайсың!-деп қашып, қасқыр қуып жете алмай, өз жөнімен кетеді. (Ертегі желісі бойынша балалар басқа кейіпкерлермен кездесіп, олардың қимылдарын көрсетіп, Бауырсаққа көмектесіп, бірге көңілденеді.     Балалар келісіп көңілденеді. Әнді ынтамен тыңдап түсінуге тырысады.   «Бауырсақты әже пісірді» деп жауап беруге тырысады   Ертегіні ұйып тыңдайды.   Ата және әже қуыршақтарын көріп қуана түседі.     Бауырсақ домалап кетеді, қашып кетеді, жүгіреді – деген жауаптар айтуға тырысады.Балалар әуен ырғағымен жеңіл жүгіреді.   Қасқырдың қимылын көрсетіп жүреді.Бауырсаққа көмектеспек болып әрекеттенеді. Аю, қоян кейіпкерлерімен кездесіп, бірге қимылдарын көрсете әнге қосылуға талпынады.  
Рефлекс иялық- түзетушілік. Музыка жетекшісі түлкі әнін аәтып шыққан кезде: -Бауырсақ, балалар,абайлаңдар! Қу түлкіге алданып қалмаңдар!- деп ескертен болады. Бауырсақ: Қу түлкі мен сенен қорықпаймын, маған достарым көмектеседі. -Балалар бауырсаққа көмектескендерің жақсы болды, жарайсыңда! Түлкі: Балалар, мені кешіріңдер,мен сендерді достық биіне шақырамын!-деп жетекші балаларға шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Өздеріне таныс би қимылдарын орындап, өз беттерінше билеуге мүмкіндік жасайды. «Полька» биі (Б.Сметана) орындалады. -Балалар, Бауырсақты атасы мен әжесі күтіп қалған шығар, үйіне жеткізіп салайық. Түлкіні көріп сақтанып,Бауырсақты қорғамақ болады. Түлкіні қуып жібермек болады.     Иә, кешіреміз!   Екеуден қол ұстасып айналады.   Бауырсақты үйшікке дейін шығарып салып, көңілді қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын, кейіпкерлердің сипатын бере алу,ажырату, әнге қосылып айту.

Игереді: ертегі кейіпкерлерімен бірге араласа жүріп, мазмұнын терең түсінеді, әртүрлі сипаттағы әнді айтуға үйретеді.

Меңгереді: әркейіпкерге тән қимыл – қозғалыстарын көрсетіп, дауыс ырғақтарын салуды,әуеннің сипатын ажырата алуды.

Наши рекомендации