Араңыз: Әлеуметтік педагогика / В.Л. Никитина., М., 2009. 36 б.
Бұл кітап оның мәніне, мазмұнына, сапалық жағдайларына, функцияларына, ұғымдық-терминологиялық аппаратына, байланыстар, технологиялар мен әдістердің нысандық-пәндік және міндеттік-мақсаттық аясына арналып жазылған. Осы және кейбір элементтер ғылыми білімдерінің логикалық құрылымдары мен оның қалыптасу үдерістері ғылымның әдіснамасын назарға алады. Осындай тұғыр осы жұмысты басқа бірқатар арнайы ғылыми зерттеулерден ерекшелейді 1.
В.В. Краевскийдің позициясына сүйене отырып, осы жұмыстың әлеуметтік педагогика және оның әдіснамасы бойынша материалдар байланысқан.
И.А.Майзельдің білім өз бойында өзіндік өмір сүру көзін жасырып тұрмайды, бірақ адамдардың үздіксіз танымдық үдерісінің идеалды ұйытылған кесіндісі сияқты деген пікірімен келіспеуге болмайды. Ғылыми әрекет білімді жасайды, нақтырақ айтқанда, білімнің ерекше түрін жасайды. Ол ғылыми білім деп аталады. Соның арқасында ғылым динамикалық пайдаланудағы ағза, ол білімдердің тууы, оның жасалуы, өндірісінің пайда болу орны болып табылады2.
Бұл кітаптың материалы зертеудегі зерттелген мәселелер көмегі арқылы ғылыми білімдердің бірегей теориясымен ықпалдасуымен байланысты бағытын бейнелейді. Сондай талпыныстар ғылыми қауымдастықтың бір мағыналы емес реакциясын шақырады. Мәселен, Г.Н.Штинова: «Бір теория шеңберінде тұжырымдамалы түрде барлық тұғырларды біріктіру талпыныстары бірнеше рет жасалынды. Сондай талпыныстар табыссыз ғана емес, біздің ойымызша, сан қилы әлеуметтік құбылыстардың ойша бірігуіне бағытталғаны орынсыз3».
Діснамалық және арнайы ғылыми сараптаманың айырмашылықтары туралы атақты педагогика әдіснамашысы РБА академигі В.В.Краевский толық жазады. Қараңыз: Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. СНб., 2001. ВыпЛ7.С. 14-20.
Араңыз: Майзель ИЛ. Ғылыми әрекет зерттеу пәні ретінде // Ғылым және ғылыми шығармашылық әдіснамасы мәселелері. Л., 1977. С. 4—5.
Штинова Г.Н. Әлеуметтік педагогиканың әртүрлі тұжырымдамаларының салғастырмалы сараптамасы // Әлеуметтік-педагогикалық әрекет: мәселелері және перспективасы. Ғылыми-практ. конф. материалдары Самара, 2002. 43б.
Өкінішке орай, ол ғылымдағы ықпалдасу үдерістерінің «табыссыздық» немесе «орынсыздық» туралы кандай да бір дәлелдемелерін келтірмейді, бірақ әлеуметтік педагогикалық білімдер дифференциациясына (ғылымның ықпалдасу функциясына зиян келтіре отырып) тереңдеу позициясын ұстанады. Екі түрлі әлеуметтік педагогикалардың әлеуметтік педагогикалық білімдернің қатар өмір сүре алуын жемісті деп есептейді. Сондай-ақ, адам әртүрлі әлеуметтік жағдайларда бір кезеңде өмір сүреді дегенді мойындау керек және ол туралы күмәнданудың немесе ойланудың да қажеті жоқ.
Курс барлық практик-әлеуметтік педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге, елдің ЖОО сәйкес кафедраларының профессорлық оқытушылық ұжымдарына, осы жұмыста идеяларын қолданған әлеуметтік педагогика мәселелерін зерттеушілерге алғыс айтады. Бірқатар жағдайларда мәтінде қолданылған әдебиеттер тікелей көрсетілген, кей жағдайларда әлеуметтік педагогикада жалпы қалыптасқан ережелер (олар өте көп болмаса да) қолданылды. Автор Ресей Білім Академиясы институтының қызметкерлеріне, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің әлеуметтік педагогика кафедрасының профессорлық- оқытушылық ұжымына, Мәскеу, Екатеринбург, Казань, Самара, Санкт Петербург, Тамбов және әлеуметтік педагогика саласында жұмыс істеуші басқа да ғылыми мектептер өкілдерінің.
еңбектеріне сүйеніп, алынған әлеуметтік педагогикалық білімдерге мұқият қарап, олардан дәйексөз алу және оларға жоласты ескертпелер жасау, сондай-ақ кітаптың соңында ескертпелер жасау қажеттігі, кей жағдайда автордың түсіндірмесі, қарастырылып отырған мәселелер мен жұмыстар туралы ақпараттар көздерінің тізімдері берілді. Мәтінде ескертпелерге кітаптың соңында сілтемелер жасалды, олар дөңгелек жақшамен жабылған сандармен берілген. Бұл оқырманмен бір уақытта бірнеше тақырыпта «әңгімелесу» мүмкіндігі бар дегенді білдіреді, яғни жұмыс зерттеулер туралы ауқымды ақпараттармен қамтылған, және олардың кейбіреулерінің нәтижелерін жүйелеп келтірілген.
Сонымен қатар, мұндай тұғыр автордың ғылыми этикасын да көрсетеді, оны «бір жұмыстан екінші жұмысқа ақпараттар алмасуын жаңа жұмыстың ғылыми аппаратында сілтемелер, әдебиеттер тізімі, т.б. түрінде беріледі. Бұл ережеге бағынбайтын жұмыстар бірегей ғылыми үдерістің заңдылық қисыны мен этикаға қарсы келетін жеткілікті негізде қарастырылады»1.
Осы жұмыс әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелерін зерттеушілерге әдіснама саласында жүйелі білім алуға, зерттеуге қажетті уақытты мейлінше үнемдеп пайдалануға, зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді. Курс жоғары мектеп оқытушыларының, ғылыми әдістемелік жұмыспен айналысатын оқытушылардың ғылыми деңгейін біршама арттыруға жағдай жасауы мүмкін. Автор осы жұмыстың практик- әлеуметтік педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ, социумның сан алуан түрлерінде әлеуметтік педагогикалық институттарды дамыту перспективасын анықтауда және жоспарлауда әлеуметтік саланы басқару органдарының жетекшілеріне де пайдалы болады деген үмітте.