Нәрселердің өлшемдерін мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы

Мектеп жасына дейінгі үш-жеті жасар балалар өздеріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдері айыра алады. Үш-төрт жасар балалар үлкен допты ие болмаса ұзын таяқты әкел дегенді дұрыс түсінеді. Олар бұл сөздерді ашық айтпағанымен іштей біледі сондай-ақ ұзындық параметрлерінің айырмашылығы жөнінде де түсінігі болады. Балалар ересек адам мен баланың фигурасын алыстан-ақ ажырата алады. Міне, осының барлығы өздері көптеп тәжірибесінде өлшемдерді алуан түрлі болып келетін бірдей нәрселер ғана ұшырауын қамтамасыз ету қажет.

И.М.Сеченов көрсеткендей-ақ, нәрсенің өлшемдерін қабылдауда нәрсе ұзындығының қандай бір белгісін білдіретін сөздің атқарар рөлі үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлкен – кіші деген сөздер қабылданатын өлшемнің толық анықтамасы болмақ. Нәрсенің ұзыны не ені, биіктігі не қалыңдығы өзгере ме немесе бірден бірнеше өлшемі өзгере ме –бұлардың барлығын да балалар үлкен – кіші ,артық-кем деп қана түсінеді. Төрт жасар балалардың іштей айтатын сөзінде өлшем деген сөз мәнісінің түсінігі болмайды. Көріп тұрған лентанын, мұнараның, кітаптың өлшемі қандай деген сұраққа төрт жасар балалардың көпшілігі жауап қайыра алмаған. Олар:”Өлшем дегені қалай?”-деп танырқап сұрапты. «Мен оны түсінбеймін», - депті. Сұраққа жауап бере отырып, олар өздеріне көрсеткен нәрселердің түсін, олардың санын атаған, бірақ өлшемін атамаған.

Алайда ұзындық өлшемінің қай түрінің болмасын дәл атауын (ұзын –қысқа, кен –тар, биік-аласа т.б.) айта білмесе де мектеп жасына дейінгі балалар оларды тәжірибе жүзінде айыра біледі.Солай бола тұра, сөйлеудің,дәл сөздің рөлінің, психалогиялық зерттеулер (Б.Г.Ананьев, Л.А.Венгер, А.А.Люблинская т.б.).көрсетіп отырғандай-ақ, қабылдау процесіне көрсетер ықпалы зор.Сөз болса, бірлі-жарымның ішінен көпке ортақты бөліп көрсете алады. Сөз-белгілі бір ұғымға ие. Сондықтан «қабылдаудың даму барысында сөйлеу ролі сөздің өрнектейтін логикалық компоненттерді қабылдау процесіне енгізу ретінде байқалады,-деп жазады.Л.А.Ленгер,-ойлау операцияларының және категорияларының перцепциялық іс әрекет пен оның нәтижелеріне әсері ретінде байқалады»

1.Балаларды ұзындықтың алуан түрлерімен таныстырғанда тәрбиешілер өзінің айтып тұрған сөзінің дәл мәнісін ескере бермейді және ұзындық параметрлерінің дәл атауының орнына үлкен-кіші (биік деудің орнына үлкен шырша ,ұзын не жуан деудің орнына үлкен қарындаш, биік деудің орнына үлкен үстел т.б) деп жиі айтып жүреді .

Айта берсек, нәрселердің өлшемдерін салыстырғанда тіпті тапсырманың өзін дұрыс тұжырымдап айтпайтын жағдай жиі ұшырасады. «Ұзындығы (ені т.б) сондай нәрсені көрсет деудің орнына тәрбиеші былай дейді : «Осымен бірдейді көрсет».Ал нәрсе дегеннің көптеген белгісі болғандықтан,бала ол тапсырманы өзінің білетін белгісіне лайықтап орындайтын болады. (Түсі жағынан ,нәрсенің атқарар қызметі жағынан т.б)Бірдей деген көп мәнді мәнді сөз,сондықтан ол –тәрбиешінің ойын ашып көсете алмайды. Солай бола тұра ,перцепциялық іс-әрекетке дәл сөз енетін болуы тиіс. Осындай дәл мәнді сөз айтылмағанда балалар әдетте және әрі қарай да тапсырма алғаш рет айьылған деңгейде қала береді.

Өлшемдерді тауып білуде тағы да бір аса маңызды фактор –бұл алынған ұғымның салыстырмалы сипаты ескерілмей қалып отыр. Ұзын-қысқа, кең-тар тағы басқа параметрлер –салыстырмалы ұғымдар, сондықтан оларды түсіну үшін екі нәрсенің өлшемдерін салыстырып, салғасытырып отыру керек болады. Балаларды ұзын немесе қысқа деген сөзбен таныстыру үшін ең алдымен ұзынырақ қысқарақ деген ұғымның мән-мағынасын ашып көрсету қажет болады.Көптеген зерттеулердің көрсетіп отырғандай (Л.А.Венгор,Е.В.Проскуро,Р.Л.Березена т.б.), салыстыруға негізделгенде ғана ұзындықтың алуан түрлі параметрлерін дефференциялауға болады.Ал осы қабылданған тәсілдің өзін біртіндеп күрделендіруге тиістіміз: екі-екі нәрседен сұрыптауды, үш-үштен және оданда көптен сұрыптаумен алмастырамыз, арттық нәтижеде балалар ұзындықтың қандай да бір параметірін біртіндеп күшейтуді (үлкейтуді) және өлшемдердің салыстырмалылығын түсінетін болады. Оқыту ісі дұрыс жолға қойылған болса, балалар нәрселерді олардың өлшемдеріне қарап реттеп қоюы табыста-ақ шығады.

Нәрселерді қандай да бір параметірінің өсуіне (кемуіне) қарай бір қатарға тізе отырып,балалар санау әрекетіндегі тетелес сандарда кездесетін өзара-кері қатынас анологиясы бойынша реттік қатынастарды игеретін болады. Алайда, екі обьектінің қарапайым қатынастарын қабылданғандағыдай, қатар қатынастарын игеруді де, оқыту қажет болды, бұл жайтбірқатар зерттеулерде аса айқын көрсетіп отыр.

Сонымен нәрсенің өлшемдерін қабылдау дегеніміз нәрселерді ұзындық түрлері бойынша әрқашан салыстыру және олардың ішінен қайсысы теңдеу – тарлау, ұзындау-қысқалау, биіктеу-аласалау, жуандау-жіңішкелеу, үлкендеу-кішілеу (барлық не кейбір параметіріне қарай) екен анықтау.

Наши рекомендации