Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын қамтудың міндеттерімен таныстыру, олардың мағынасына түсінік беру. Бағдарламалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жоспар

· Балаладың сөздік қорын толықтыру.

· Баланың сөздік қорын нақтылау.

· Сөздік қорды жандандыру.

· Бала тілінің тазалығын сақтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың төмендегідей міндеттері бар:

1. Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.

Топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тіл дамыту сабақтарында 1- 4 сөзге дейін үйретілуі тиіс.

Бала көрген, таныған заттарын сипаттап, салыстырып айту үшін оның сынын, сапасын білдіретін сөздерді меңгеруі тиіс. Сондай – ақ бала синоним, омоним, онтоним, теңеу, эпитет сөздермен де танысулары керек. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, болжам сөздерді тыңдау арқылы тұрақты сөз тіркестерін де естіп, үйренеді. Мысалы, қас қарайды, төбе шашы тік тұрды т.б.

Сонымен балаларға үйретілетін жаңа сөздер көбіне табы жағынан – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеулер болып келеді.

2. Баланың сөздік қорын нақтылау.

Бұл міндеттің негізгі мақасты – бала тілінің стиліне, мәнерлілікке, сөз мағынасын қаншалықты түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:

а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, шие, өрік т.б. бәріне ортақ жалпы бір атау, өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа да киім түрлері (тіпті жыл мезгілдеріне байланысты киілетін киім түрлерін) еніп отыр.

ә) балалаларға жаңа сөздердің мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы, екінші сәбилер тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға деп ұғынса, ересектер тобындағы балалар ол сөздің бүкіл халықтық мәнін (республика күні т.б.) түсінеді.

б) сөздің тура және ауыспалы мағыналарына назар аудару. Мәселен, Таңертең де түсте де

Күнге бетін бұрады.

Тостағанын кішкене

Тосады да тұрады.(А.Асылбеков)

Кіп-кішкене, момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам: «Қозым деп»,

«Қошақаным — өзің» — деп (М.Әлімбаев)

в) Жаңа сөздерді қайталау. Балаларға үйретілген жаңа сөздерді тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен күннің екінші жартысында қайталатып, естеріне түсіріп отыруы тиіс. Сонда баланың сөздік қоры молайып, актив сөздерінің саны артады.

3. Сөздік қорды жандандыру.

Бұл қай топта болмасын жүргізілетін негізгі күрделі жұмыс. Өйткені, балалар сөйлегенде сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, тәрбиеші түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. «Балбөбек» және т.б. балама бағдарламаларында балалардың сөздік қорын жандандыруға ерекше мән берілген.

Сонымен балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз – олардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мағыналас сөздерді (синоним сөздерді) көп білу. Олардың сөйлегенде сөз реңктерін ажырата білуге көмектеседі. Ал заттардың, құбылыстардың кеңістіктегі көлемін, қасиеттерін салыстыруға үйрету де қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) пайдалануға болады.

4. Бала тілінің тазалығын сақтау.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен тәрбиеші өзі мәдениетті сөйлеуі керек. Сонда ғана тәрбиеші өз тобындағы балалар тілінің таза да түсінікті болуына жете көңіл бөледі.

Балабақшадағы сөздік жұмысының аталған міндеттері тіл дамытудың басқа да талаптарымен тығыз бірлікте жүргізіледі. «Балбөбек» және «Балабақшада білім беру және тәрбиелеу» бағдарламаларында әр топта жүргізілетін сөздік жұмысының мазмұны, көлемі анық көрсетілген. Мысалы, І- сәбилер тобы (3 жасқа қараған балалар) күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, ағаштар, өсімдіктер т.б. аттарын белсенді түрде қолдана білуге үйрету және іс- әрекетке қатысты, сандық сапалық, мезгілдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керектігі айтылған.

Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмысының да өзіндік ерекшеліктері бар:

а) заттар мен құбылыстарды біртұтас қабылдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

ә) заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, сапасын, бөлшектерін білдіретін сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды молайту.

б) заттар мен құбылыстардың табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдарды меңгерту.

Бұл жұмыстар баланың ақыл – ойы мен тілі қатар дамығанда нәтижелі болады.

Бағдарламадағы қоғамдық өмір құбылыстары және айналамен танысу тақырыптарын төмендегіше топтауға болады:

Тұрмыстық заттар жайында түсінік беру, қоғамдық өмірмен таныстыру, адамдар еңбегі, табиғат жөнінде алғашқы түсініктерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру т.б.

Бұл тақырыптар бағдарламада баланың жасы өскен сайын күрделене түседі. Енді жоғарыда аталған тақырыптың біреуін алып, әр топқа байланысты өзгерісті қарастырып көрелік.

Тұрмыстық заттар туралы түсінік беру

І. Сәбилер тобы. Заттардың не үшін қолданылатынын білдіру. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай таңдауға және топтауға үйрету, өз тобында бөлмелерді бағдарлай білуге баулу (ұйықтайтын, ауыздағы бөлме т.б.) өзінің ата-анасының, тәрбиешінің аты-жөнін есте сақтауға дағдыландыру.

ІІ. Сәбилер тобы. Өз үйінің мекен-жайын, күтушінің, медбикенің, музыка маманының аты-жөнін білуі тиіс. Топ бөлмесіндегі ойыншықтардың, кітаптардың, ыдыс-аяқтың қайда тұратынын, қайда сақталатынын білу.

Естиярлар тобы. Заттардың неден жасалғанын оның құрылысын, қажеттігін айта білулері керек. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай топтауға үйретіледі. Балабақша мекен-жайын есте ұстаулары тиіс.

Осылайша топ жоғарылаған сайын балалардың айнала қоршаған орта туралы ұғымдары, түсініктері де күрделене түседі. Ал түсініктерінің кеңеюі олардың сөздік қорларының молаюына ықпал етеді.

Студенттерге берілетін тапсырма:

1. Балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері:

а) сөздік қорды толықтыру.

ә) сөздік қорды жандандыру.

б) сөздік қорды нақтылау

в) бала тілінің тазалығын сақтау

Наши рекомендации