Ақтөбе облысы батырлары
Лы Отан соғысына қатысқан
Әлия Модағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Әлияның есімі қазір де біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалымдар-зерттеушілер: С.Синицкий - "Белые ночи"кітабының авторы, С.Аскаров- "Әлия"документтік очерктің авторы, Ә.Нұрмаханова - "Шығыс шынары"повесі авторы, Ж.Жұмақанов - "Әлия". – Әлия атында. 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаково бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген. Әлияның ескерткіштері: 1.Новосокольники қаласында -авторы М.Айнеков, 2.Ақтөбе – Л.Рапутов, Е.Штамм, 3.Ақтөбеде Мемориалды кешен -авторы Б.Әбішев, 4.Әліпбайсай ауылы–Б.Әбішев, 5.Мемориалдық кешен "Әлия-Мәншүк"Алматыда, 6.Мәскеуде ескерткіш - Б.Әбішев, 7.Мемориалдық музейдегі бюсті- О.Шанов. Ә.Молдағұлова атындағы көшелер: Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында бар. Суреттер: "Әлия"-С.Әлімбетов, А.Ануфриев-"Мәңгілікке сапар", "Ауыл Бұлақ"-А.Корват, "Мерген Әлия Молдағұлова"- А.Сапугов, "Мерген Әлия"/күріштен жасалған/-Ф.Терещенко, "Әлия"-О.Нұржұмаев, "Бұлақтағы Әлияның үйі"- Н.Өтегенов, "Соңғы көктем"-Т.Телеушев, Ә.Өтеген-Тана сүрет сериялар-"Майданда", "Әлия-ән", "Әлия-хат", "Әлия мәңгі". Гобелендер: "Әлия"-М.Нартов, Н.Рахманқұлов, триптих "Әлия"-Б.Атыраубаев. Әлия атты музейлер: Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.
Батыр, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, полк командирі- Иван Устинович Гринько 6.10.1922 ж., Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Кузнецовское селосында туылған.Ол 1942 ж. Орынбор әскери әуе училищесін бітірген. 1942 жылдың қарашасынан 2 – Прибалтика майданының 15 – әуе армиясы, 214-штурмдық авиация дивизиясы, 190-штурмдық авиаполктің құрамында болған, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1949 жылдың тамызына қарай капитан Гринько 129 рет әуе сапарына шығып, жаудың әскери техникасы мен әскерін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гринькоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944). 1946 жылы запасқа шықты. Кеңес әскері қатарына 1952 жылы қайта шақырылған. 1960 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды. Ленин, 3 Қызыл Ту, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, 2 рет l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Бойченко Виктор Кузьмич (21.07.1925 жылы туылған, Ақтөбе қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, барлаушы. Орыстың Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, майданға жіберілді. Бойченко 496-арнайы барлау ротасында (Оңтүстік-Батыс майдан, 46-армия, 236-атқыштар дивизиясы) барлаушы болып, бірнеше рет жау тылын барлауға барды.Ол 1943 жылы 26 қыркүйекте барлаушылар тобымен Днепро-петровск қаласы маңында Днепр өзенінің арғы бетіне өтті де, плацдармды басып алды. Бойченко оқпен және жекпе-жек шайқаста жаудың оннан аса әскерін жойды. Плацдармды кеңейту үшін жау тылына бірнеше рет барлау жасап, құнды мәліметтер әкелді. Осы ерлігі үшін Бойченкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Торалқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). 1944 жылы Офицерлік құрамның біліктілігін жетілдіру курсын (1944), Сыртқы сауда институтын (1951) бітірді. Ленин, 1,2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Халықтар достығы», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Қожабай Жазықов 1920 жылы Байғанин ауданының Көктүбек ауылында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында тәрбие алған ол Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищені тәмамдайды. 1942 жылдың қаңтарында майданға шақырылып, қызыләскер қатарына алынады. Жас командирлер мектебінен өтіп, 206-атқыштар дивизиясында бөлімше командирі болады. Майданға наурыз айында араласады. Кейін 25- дивизияда барлау взводын басқарады. Воронеж қаласынан бастаған соғысты 1944 жылы Будапештте аяқтайды.
1944 жылдың 25 желтоқсанында барлаушылар взводы Венгрияның Сентендр қаласының маңында Дунай өзенінен өтіп барып, жаудың әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Нәтижесінде жаудың 70 жауынгерін тұтқынға алады. Олардың арасында фашистің бір рота командирі мен үш офицері бар болатын. Осындай ерлігі үшін Қожабай Жазықовқа 1945 жылдың 28 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Сонымен қатар, Ленин орденімен, екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен және ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірнеше медальмен марапатталады. Соғыстан кейін туған жерге оралып, халыққа білім беру саласында қызмет етеді. Ақтөбе педагогикалық институтын бітіреді. Мұғалім, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етеді.
Үргенішбаев Ыдырыс Ақтөбе облысының Шалкар ауданындағы Талдықум ауылында туған Ақтөбе педагогикалық училищесін бітіріп, туған ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі болып істеді.
1942 жылғы қаңтар айында Үргеншібаев Қызыл әскер қатарына шакырылды. Қысқа мерзімдік әзірлік оқуынан кейін ол Орталық майданда урысқа қатынасты. Жауынгерлік қызметі үшін 1943 жылы "Қызыл Жулдыз" орденімен марапатталды.
Фашисттердің батальонға 22 рет қарсы атака жасаған кезінде, Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. Парторг бастаған кеңес сарбаздарынаң бір шағын тобы жаумен найзаласып, әрі мылтық дүмімен де қимыл жасап, дивизияның негізгі күштері келгенше плацдармды қолдан шығармады. Бірақ тірі қалғандары аз болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен 81-атқыштвр дивизиясы 467-полкінің 2-ротасының бөлімше коммандирі, сержант Ыдырыс Үргенішбаевқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Ақтөбе облысынан шыққан батырлардың бірі- Білтабанов Иманғали Тәукешұлы (10.04.1925, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Көкөткел ауылы -26.02.1945, Польша, Ополе қ. Флосте дер.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, пулеметшілер расчетінің командирі. Қазақ. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін малшылар бригадасында, «Ударник» ұжымшарында трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. 1943 ж. Қобда ауданы әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылды. Пулеметшілер курсын бітіргеннен кейін Ленинград түбіне жіберілді. 1945 ж. 25 қаңтарда Оппельн қ. (қазіргіОполе қаласы, Польша) тұсында Одер өзенінен өтіп, арғы жағалаудағы Одерфельддер. үшін болған ұрыста пулеметімен жаудың ондаған әскері мен офицерін жойды. Осы ұрыста жау дзотынан атылған оқ Кеңес әскерлерін жер бауырлап жатуға мәжбүр етті. Балтабанов жараланғанына қарамастан жау дзотына қарай гранатаны амбразураға лақтырып, ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Білтабановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). Ол Ленин орденімен, бірнеше ме дальдармен марапатталды. Ополе қаласынан оңт.-батысқа қарай 28 шақырым жердегі Флосте деревнясында жерленді
Ешбаев Сәрсенғали 1924 жылы Байғанин ауданының Қызылбұлақ ауылдық кеңесіне қарасты мекенде дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Калинин, Ленинград, бірінші Белорусь майдандарында дербес саперлер батальонының сапында басқыншы жаумен шайқаста қаһармандықтың үлгісін көрсетеді. Сапер жауынгер бір-ақ рет қателеседі, деген мәтелді ескерсек, оның жорықтағы әрбір минуты қауіп пен қатерге толы болғанын түсіну қиын емес. Дегенмен, батыр жерлесіміз аса қырағылық танытып, қарулас жауынгерлер мен әскери техниканың жау минасына соқтықпай өтуін қамтамасыз етіп отырған. Қарапайым қазақ баласының осы сұрапыл соғыста үш бірдей «Даңқ» орденін омырауына тағуы оның өшпес ерлігінің айғағы. Қаһарлы жылдар жайлы естелік айтылғанда, майдангер ағаның есімі алдымен аталары сөзсіз. Бүгінгі және келешек ұрпақтың әлденеше буыны зор мақтаныш сезімімен еске алатын болады. Батыр жерлесіміз елге 1947 жылы оралып, халық шаруашылығының әртүрлі саласында еңбек етеді. Елуінші жылдардың орта шенінде Ащы ауылдық кеңесінің төрағасы болады. Кейіннен сауда саласындағы қызметке ауысып, Ноғайты жұмысшылар кооперациясы басқармасы төрағасының орынбасары, Қопа, Жарқамыс жұмысшылар кооперациясы басқармаларының төрағасы қызметтерін атқарады. Осында зейнеткерлікке шығады. Еңбек майданындағы жақсы жұмысы үшін ол 1975 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталады
Ақтөбе жерінен майданға аттанған батырларымыздың бірі — Малкеждар Бөкенбаев. Ол 1924 жылы Ақтөбе облысының Жұрын ауданына қарасты Соцжол ауылында дүниеге келген. Орталау мектепті бітірген соң, аудандық газетте қызмет істейді, кейін аудандық халықтық сотта сот орындаушысы болады. 1942 жылдың шілде айында майданға шақырылып, 1943 жылы кіші лейтенанттық курсты бітіріп, офицер атанады. Полтава қаласы маңында бес «тілді» қолға түсіргені үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Майдан даласында төрт рет жарақат алады. Малкеждар 1-ші Белорусь майданында 1081-ші атқыштар полкінің 312-ші атқыштар дивизиясыда взвод басқарады. Малкеждар басқарған взвод Белоруссияны азат етуге байланысты ұйымдастырылған әйгілі «Багратион» операциясына қатысады. Бұл операцияның нәтижесінде Белоруссия түгелдей жаудан азат етіліп, Латвия мен Литваның жартысындағы және Польшаның шығыс бөлігіндегі жау әскерлерінің беті қайтады. Шайқас кезінде фашистің 400 мың әскері өліп, 200 мың адам тұтқынға алынады. Белоруссияны жаудан азат ету мақсатында біздің әскерлер табандаған 68 күн жаумен кескілесіп, шайқасады. Осы майданда 900 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алады. Солардың бірі жерлесіміз — Малкеждар Бөкенбаев. Лейтенант Бөкенбаевқа жаумен шайқаста ержүректілік пен табандылық танытқаны үшін, 1945 жылдың 27 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы запастағы лейтенант елге оралады. 1947 жылы партия қатарына өтеді, 1949 жылы партиялық мектепті бітіріп, саяси жұмыстарға араласады. Соғыстан кейінгі жылдары елдің дамуына үлес қосқан батыр, 2002 жылы туған жерінде көз жұмады.
Ұлы Жеңіске біздің жерлестеріміз де үлкен үлес қосты. Соғыс жылдарында Кеңес әскері қатарында, партизан отрядтарында, Мәскеу маңында, Сталинград окоптарында, Днепр өткелінде, бүкіл Шығыс Еуропа елдерінде 122 423 ақтөбелік ерлікпен шайқасты. Олардың 40 мыңға жуығы майдан даласында мерт болды.
Біздің жерлестеріміз 312-атқыштар дивизиясының және 101-атқыштар бригадасының құрамында соғысты. Соғыстың алғашқы жылдарындағы ең қиын кезде осы құрамдардағы жауынгерлер жаумен бетпе-бет шайқасып, ерлік көрсетті.
Көптеген майдангерлер сұрапыл соғыстан оралмады. Тірі келгендері елдің дамуына белсене үлес қосты.
Жыл өткен сайын ардагерлер саны сиреп келеді. Жеңістің 50 жылдығында 4054 ардагер болса, 60 жылдығында 1204 адам болды, ал 65 жылдықты бар болғаны 534 ардагер қарсы алғалы отыр.
Бүгінде сұрапыл соғыста ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары — біздер әкелеріміздің рухы алдында бас иіп, оларға шексіз құрмет көрсетеміз. Қазіргі жас ұрпақ олардың ерліктеріне тағзым етулері керек. Әрдайым қамқорлық жасап отырулары тиіс.