Педагог-болашақтың кәсібі

Л-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 
 
МӨЖ

Тақырыбы:«Педагог-болашақтың кәсібі»

«Қазақстан -2050» стратегиясы

Дайындаған:Махамбет Мөлдір

Геоботаника, 1 курс

Алматы-2017ж.

Педагог-болашақтың кәсібі

Қай кезеңде болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты қалыптастырып, жетілдіру-мұғалімге жауапты міндет. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Ұстаздық тәжірибемде алдыма қойған мақсатым-баланы қалайда өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Ұлы Абай «Тегінде адам баласы бір-бірінен ілім, білімі жағынан ерекшеленіп тұрады»,- дегендей мұғалімнің құзыреттілігі, ең біріншіден, өзін-өзі дамытып, жан-жақты көрсетуіне байланысты деп ойлаймын.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-оның педагогикалық әрекетінің, педагогикалық қарым-қатынасының қалыптасуы және педагогикалық сана-сезім, мұрат, құндылықтар идеясын қолданушы мұғалім тұлғасын анықтайтын мұғалімнің білім, білік және дағдының қажетті жиынтығын игеруі ретінде түсіндіріледі

Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.
Қазіргі мектептің міндеттері:
- Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу;
- Баланың тұлғасын дамыту;
- Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі,
Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған.
Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады.
Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау.
Педагог – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.
Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.
Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.
Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі.
Педагог тәрбиеші.Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады
Қазіргі кезеңде тәрбиеші – педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім – тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады
Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады.Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады.
Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды.
Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады.
Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді мұғалім ғана оқушыға мейірім дәнін себе алады. Өзін - өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін - өзі дамытуға ынталандыра алады. Сондықтан біз оқушыларымыз күткендей мұғалім болуымыз өте қажетті.
Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс - әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет.
Шәкірт тұлғасын өз пәнін жетік білуге оқыту арқылы тәрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тәрбиелеу, жұмыс түрлерін жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Әрбір оқытушының өзінің шығармашылық лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Егер біз шәкірттеріміз пәндерден алған білімді терең меңгеріп қана қоймай, алған
білімдерінің негізінде жүйелі ойлау дағдысын игерсін десек, кәсіби тұрғыдан талаптарға сай болуымыз керек. Бұнда оқушының сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін яғни тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым, тілдесім бірлікте меңгерту басшылыққа алынса, сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсатымен тақырыбына сәйкес диалог, монолог құрай алу, пікірлесу өз ойын түсінікті жеткізу, оқушының өмірлік дағдысына берік негіз қалайтыны сөзсіз.
Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру-мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашан ізденіс үстінде болу керек. Ендеше қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті де осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойында қалыптастыру.
Ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген, соның ішінде ауыл мектебін бітірген, жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін, шаруашылықтың кез-келген саласына қажетті ортақ білік, дағдыны қалыптастырып мектептен алып шығуы тиіс.
Өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендететін білімді, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды жолға алған жөн деп ойлаймын.
«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз»,- деп айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.
Мұғалім құзыреттілігін дамыту, оқушылардың сабақтан алған білімдері арқасында шығармашылығын қалыптастырады.

«ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақататар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс.
Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі.Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.
Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз , сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады.
Жаңа ғасырдағы мектептің жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағы міндеті - егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.
«Еліміз 2030 жылы барысқа айналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақтаныш сезіммен айтқан.
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен роль атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.

Наши рекомендации