Quot;Мен оқушы" (2 сағат).
Оқушыларды мектеп ережесімен, оқушының күн тәртібі, міндеттерімен таныстыру.
Оқу кұралдары (2 сағат).
Қолданылуы және оларды күтіп ұстай білу.
Ойыншыктар (2 сағат).
Қуыршақ, қонжык, пирамида. Олардың қолданылуы. Сенің сүйікті ойыншығың.
Жыл мезгілдері (12 сағат).
Оқушыларды жыл мезгілдерінің негізгі белгілерімен таныстыру. Экскурсия мен бакылау.
Күз: ашық, бұлтты, жаңбыр, күннің суынуы, жапырақтардың түсуі.
Қыс: аяз, кар.
Көктем: күннің жылынуы, қардың еруі, жылғалар, ағаштардың бүршік жаруы, көк шөптер.
Киім және аяк киім (4 сағат).
Киім мен аяқ киімді қарау. Ересектерге, балаларға және куыршактарға арналған киім. Қуыршақты киіндіру және шешіндіру. Киімді дұрыстап киіп, күте білу. (шкафқа ілгішке ілу, аяк киімді ұқыпты кию, киімді щеткамен тазарту).
Көкөністер мен жемістер (4 сағат).
Балаларға табиғи өнімдерді көрсету, қолдарына қарауға беру, пішіні, түсі, дәмі жағынан салыстыру. Піскен және шикі түрлері және оларды салыстыру (мысалы, сәбіз қызылша; алма-алмұрт). Көкөніс пен жемістерден дайындалатын негізгі тағамдар (салат, сорпа, шырын, тосап).
Жихаз (3 сағат).
Мектептің барлық бөлмелеріндегі жихазды қарап шығу және әрбір заттың қолданылу сипатын анықтау. Окушыларды жихаз күтімін негізгі тәсілдерімен таныстыру (шаң сүрту).
Ыдыс (3 сағат).
Шын және ойыншық ыдысты қарау. Үстелде орналастыру. Қолданылу сипаты. Ыдыс күтімі.
Отбасы (4 сағат).
Отбасы мүшелері туралы әңгіме. Үйінің мекен-жайы. Толық фамилиясы мен аты.
Й жануарлары (3 сағат).
Мысық және ит. Ит пен мысықты салыстыру. Мысық пен иттің адамдарға тигізетін пайдасы. Адамдар үй жануарларын қалай күтіп-баптайды.
Жабайы андар (3 сағат).
Қасқыр мен түлкі.
Жабайы және үй жануарлары (2 сағат).
Салыстыру. Хайуанаттар бағына экскурсия. Әр түрлі жануарлармен танысу
Адамның дене мүшелері (6 сағат).
Бас, мойын, дене, қол, аяқ. Оң және сол қол (аяқ), кеуде, қарын, арқа, иық. Саусақтардың атауы, тырнақ, қол күтімі. Үстел және партада дұрыс отыру. Шыныктыру және дене мәдениеті.
Көлік кұралдары (4 сағат).
Көлік құралдарының түрі. Олардың қолданылуы. Көлік құралдарының суреттегі бейнесін ойьшшықтармен (жеңіл автомобиль, автобус, поезд, ұшақ, кеме) салыстыру.
Біз жүргіншілерміз. Жол қозғалысының ережесі.
Адамдардың кызметі және мамандығы (4 сағат).
Мұғалімнің, тәрбиешінің, күтушінің, аспаздың, дәрігердің, аула сыпы- рушының еңбектерімен таныстыру. Ересектердің еңбегіне деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Аталған мамандықтағы адамдарды суреттер- ден тани білу.
Мерекелер мен ойын-сауықтар (2 сағат).
Негізгі мерекелік күндермен таныстыру. Туған күн. Жаңа жыл. 8 Нау- рыз. Жеңіс күні. Тәуелсіздік күні.
БІРІНШІ СЫНЫП (68 САҒАТ)
Аптасына 2 сағат).
Оқушы сөздігін байыту және нақтылау. Заттарға түсі, пішіні, мөлшері дәмі, иісі жағынан мінездеме бере отырып атау. Екі затгы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу мақсатында салыстыру. Заттарды қарапай- ым түрде топтастыру. Заттарды алдымен үлгі және қарау арқылы, кейін- нен сөздік нұсқау арқылы жіктеу.
Әңгіме кезінде өзін-өзі ұстай білу (сұрақты тыңдау, сұрақтың сөзін пайдалана жауап беру, асықпай, бір-бірін бөлмей айқын сөйлеу).
Суреттегі бейнеге, көрген қимыл қозғалыстарға қарай жай сөйлемдерді құрау.
Сұрақты-жауаптық, диалогті сөйлеуді дамыту. 2-3 сұраққа жауап беру арқылы, байланыстыра сөйлей білуге дайындау.
ЕКІНШІ СЫНЫІІ (68 САҒАТ)
Аптасына 2 сагат).
Бала сөздігін байыту және нақтылау. Заттарды атау, олардың қасиет- теріне қарай (түсі, пішіні, көлемі, дәмі, иісі) мінездеме беру. Заттарды салыстыру. Заттарды жіктеу. Заттар тобын сөзбен жинақтау. Әңгімеге араласу. Берілген сұраққа толық та, дұрыс жауап беру.
Мұғалімнің сұрағына, берілген тақырыпқа қарай қарапайым жайылмас сөйлемді құрау.
Үй, пәтер, үй мекен-жайы (2 сағат).
Мектепке және үйге дейінгі жол (3 сағат).
Қалай және қандай көлікпен бару. Көшені жер асты жолмен және бағдаршамның жасыл белгісі берілгенде өту ережесі.
Отбасы (3 сағат).
Ата-аналар және балалар.
Ата-анасының жұмысы. Отбасындағы балалар міндеттері.
Шінші сынып (68 САҒАТ).
Аптасына 2 сағат).
Баланың сөздік қорын кеңейту және нақтылау, Заттар мен құбылыстардың атауы, Олардың негізгі қасиеттерін сипаттау. Басқа заттармен, кұбылыстармен салыстыру, Заттарды жіктеу әңгімеге қатысу, Сұрақтарға дұрыс, толық және нақты жауап беру, Сұрақ қоя білу, жолдастарының жауаптарын толыктыру,
Мұғалімнің басқаруымен заттарды және табиғат құбылыстарын, бакылаудан, естіген әңгімеден кейін сипаттау.
Төртінші сынып (68 САҒАТ)
Аптасына 2 сагат).
Баланың сөздік қорын кеңейту және нақтылау. Заттар мен құбылыстар- дың атауы, олардың негізгі қасиеттерін сипаттау. Заттарды салыстыру, жіктеу, қарапайым байланысын анықгау. Әңгімеге белсенді түрде қатысу.
Заттарды, табиғат құбылыстарын белгілері мен қызметгеріне қарай топтастыру барысындағы, заттар мен құбылыстардың өзара және басқа заттармен, құбылыстармен байланысын бақылағандағы туған сөздерді қолдана отырып сипаттау.
Мұғалімнің ұсынған тақырыбына орай шағын әңгімелер құрастыру. Жолдастарының жауабын (өзінің бақылаған және оқыған материалының негізінде) толықтыру.