Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы

1) Сенсорлық даму:

· көріп қабылдау және зейіннің дамуы: ересек адаммен көз арқылы байланысты қолдау және ынталандыру: көзі және ауызына қарау;

· өзін, таныс балаларды және ересек адамдарды фотосуреттен табуға; «қай жерде...?» сұрағына жауап беруді үйрету;

· таныс емес заттардың ішінен таныс заттарды және ойыншықтарды тануды үйрету (доп қайда ?);

· үстел үстінде, бөлменің әртүрлі жерлерінде заттардың жұбын табуды үйрету;

· көлемді формаларды ажыратуды (шар, кубик, қырлы ағаш), сәйкес келетін кескіндерге салуды үйрету;

· қарама-қарсы жалпақ геометриялық фигураларды (шеңбер, квадрат) ажыратуды, үлгі бойынша топтастыруды үйрету;

· түстерді ажыратуды, заттарды белгілі түсі бойынша біріктіруді (қызыл, сары) үйрету.

2) Естіп қабылдау, есте сақтау, зейіннің дамуы

· дыбыс немесе дауысқа реакция туғызу;

· ересек адамның дауысын, ойыншықтардың дыбысын, музыкалық аспаптар дыбысын тыңдауға, дыбыстың неден шығып тұрғанын анықтауға үйрету;

· музыкалық ойыншықтардың дыбысына қозғалыс реакцияларымен жауап беруді қалыптастыру;

· ересек адамның дауыс интонацияларын ажыратуды (мейірімді, қатаң, ынталандырушы, сұраулы) үйрету;

· сыбырлап айтылған сөзді тыңдауға үйрету.

3) Айналадағы қоршаған дүниемен таныстыру

· баланы қоршаған адамдар туралы көзқарас қалыптастыру;

· өз есіміне жауап беріп қарауды үйрету;

· айналадағы қоршаған орта туралы түсінік қалыптастыру;

· қоршаған дүние заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыс заттары (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.).

3. Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:

1) Айтылған сөзді түсінуді дамыту:

· «Қай жерде» сұрағына жауап ретінде баланың алдында тұрған;

· ойыншықты көрсету немесе көзбен табуды үйрету;

· баланың және ересек адамдардың есімдерімен, ойыншықтардың;

· аттарымен таныстыру;

· жиі қолданылатын тұрмыс заттарының аттарымен таныстыру (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз);

· тұрмыстық және ойын әрекеттерін білдіретін сөздерді түсінуді үйрету (бер, жина, сүйрет, ал, жап);

· белгілі тапсырмаларды түсінуді және орындауды үйрету: «машинаны бер», «бері кел», «бер, қуыршақты алып кел».

2) Белсенді сөйлеуді дамыту:

· баламен шақырысу айтып айтылған дыбыстарын қолдау;

· сөздерді айтуға ынталандыру;

· балаға жақын адамдарды атау: ана, әке, апа;

· өтініштерді айту: бер, ал;

· өз күйін одағай сөздер арқылы білдіру: ой, ах, уф;

· жануарлар дауысына еліктеу: мяу, му, пи-пи, ав-ав;

· музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына еліктеу: бам-бам, ля-ля-ля;

· көлік шуларына еліктеу: в-в-в-в.

3) Коммуникациялық дағдылардың дамуы:

· ересектермен эмоционалды қарым-қатынасқа түсу алғышарттарын дамыту;

· баланың эмоционалды-жағымды реакцияларын ересек адамның күлімсіреуімен қолдау;

· баланың дыбыстар «жиынтығын» қайта жаңғыртумен байланысты ойындар қолдану;

· күлкі және қозғалысты жандандыруды дамытуға арналған ойын-сабақтар өткізу (ауа шарларымен, сабын көпіршіктері, тосын сый қобдишаларымен ойындар); қозғалыс ойындары «қуып жетемін-қуып жетемін».

4) Қоршағандардың сөзін қабылдауды дамыту:

· ересек адамдардың сөзін түсіну, сұраққа жауап беру іскерлігін дамыту;

· қоршағандардың сөзін зейінмен тыңдауды, әңгімелеушінің көзіне қарауды, оның сөзін бөлмеуді, сұрақ қоюды үйрету;

· сұрақтарға жауап беруді үйрету: Апай қайда? Сенің есімің кім? Анаңның есімі калай?;

· ажыратуды және сұрақтарға жауап беруді үйрету: Бұл кім? Мынау не?;

5) Заттық-ойын іс-әрекетін дамыту:

· жасап көру әдісін проблемалық-практикалық мәселелерді шешудің негізгі әдісі ретінде қалыптастыру;

· ойыншықтардың физикалық қасиеттеріне байланысты әртүрлі әрекет жасауды үйрету;

· лақтыру, үйрету, допты еден бойынша сүйрету, доптарды, кубиктерді шелектен шашу, екі қолымен төңкеру, ұсақ заттарды, кубиктерді биікке саусақтарымен қою, шариктер жасау, арбаны жібінен сүйрету, каталки қозғалту;

· сақиналарды желіден шешу және тағу, оны сақина көлеміне қарамастан толтыру;

· столдағы тесіктерге сәйкес төлкені кіргізу (таяқшалар, саңырауқұлақтар);

· бір құрамды матрешкаларды, қорапшаларды ашу және жабу.

4. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін дамыту:

1) Қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру:

· осындай бер: үлгі бойынша қажетті құрылыс элементін таба алу іскерлігін қалыптастыру (3-5 элемент);

· бірдей куб немесе кірпіштерден мұнара құруды үйрету;

· бір мезгілде екі әрекет орындауға ынталандыру (бір қолымен бір затты ұстап, ал екіншісімен басқа затты алу);

· көтеруді, созуды, ойыншықтарды лақтыруды, олардың формасы және көлеміне байланысты ұстап алуды үйрету;

· сабын көпіршіктері екі қолымен ұстап алуға ынталандыру;

· шапалақтауға ынталандыру;

· ойыншықты бір қолынан екінші қолына беруді үйрету;

· затты үлкен, көрсетпе және ортаңғы саусақтармен ұстап алуды үйрету;

· затты көрсетпе саусағымен көрсетуге ынталандыру;

· саусақтарымен борпылдақ материалдарды алуды үйрету;

· кәмпиттің қағаздарын ашуды үйрету;

2) Қарапайым сурет салу дағдыларын қалыптастыру:

· баланы қағаз және әртүрлі бейнелеу құралдарымен таныстыру: түрлі-түсті дақтарды саусақтарымен, алақаны, қылқаламмен салу;

· ұсақ моториканы дамыту;

· қолдарының жалпы қозғалғыштығын дамыту;

· күшті қозғалыстарды дамыту;

· жеке қозғалыстарды дамыту. Саусақпен іліп алуды қалыптастыру;

· заттармен күштеу қозғалыстарын жасауды үйрету: сүйрету, итеру, қысу, созу, басу.

Наши рекомендации