Алғашқы рулық-қауымдық дәуірдегі тасқа салынған суреттер.
Сақ-ғұн дәуіріндегі алтын-күміс және өзге де металдардан жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Түркі дәуіріндегі балбал тастар мен құлпытастар және сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Орта ғасырдағы түркі халықтарының сәндік-қолданбалы бұйымдары және миниатюралық суреттер.
Азақ хандығы дәуіріндегі сәндік-қолданбалы бұйымдар.
Азақтың қазіргі сәндік-қолданбалы бұйымдары.
Азақтың қолөнері басқа халықтар сияқты ағаштан, металлдан, сүйектен, теріден, тастан, батпақтан, жүннен жасалған бұйымдарды әшекейлеп безендіру арқылы және құрақ құрау, киім тігу, өрмек өру т.б. түрінде көрініс береді.
Сәндік-қолданбалы өнер» деген ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігіндегі «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер» «қол өнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз осы ұғымдарға берілген анықтамалардан сәндік-қолданбалы өнер өзінің бастауын қолөнерден алатынын, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады деп ой түйіндейміз.
«Қолөнер» дегеніміз:
- қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі [3];
- халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген [4];
Олөнер - халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды [6].
Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз:
- қолмен немесе құралдармен, техникамен өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымдар түрлерін ұқсатып жасаудағы идеялар мен ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі» [7];
- сәндік-қолданбалы өнер адамның тұрмыс салтын, яғни оның өмір сүру ортасы, қоғамдық және үй ішін, костюмді көркемдеп сәндеу үшін қолданылады. Соңғы кездері халықтың көркем кәсібінде сәндік-қолданбалы өнердің көптеген туындылары, өзінің алғашқы тұрмыстық қызметін жоғалтты, дегенімен олар көркемдік, эстетикалық маңызын жоғалтпады [8];
Азақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы ою-өрнектер табиғаттың нақты формаларын бейнелеумен ғана шектелмейді, ол қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын, байланысын білдіруімен де айрықшаланады.
Осыдан сәндік-қолданбалы өнердің мазмұндық ерекшеліктері қалыптасады дегенді айтады. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің мазмұндық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы Ұ.Әбдіғаппарова сәндік-қолданбалы өнер туындыларының атқаратын қызметін (практикалық, эстетикалық, ақпараттық, танымдық, сувенирлік, мерекелік) анықтайды [9].
ü Практикалық – тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды жасауды және практикалық қолданыста пайдалануды қарастырады;
ü Эстетикалық - тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды әшекейлеуге, безендіруге әдемдеу арқылы сұлулықты қабылдауға үйретеді, қуанышқа, шаттыққа кенелтеді, жақсы эмоциялық, көңілді күйді кештіреді;
ü Ақпараттық – адам ойын, арман тілегін, ризашылығын бейнелі түрде жеткізеді;
ü Танымдық - ертедегі халықтың дүниетанымын білдіреді;
ü Сувенирлік - сыйлыққа арналған ұлттық бұйымдар жасауға;
Uuml; Мерекелік - мерекелерде, той-жиындарда қолданылатын ұлттық бұйымдар мен заттар даярлауға бағдарлайды деп ой тұжырымдайды.
Сәндік-қолданбалы өнердің классификациясы:
Материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен және мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, жіптен, матадан, былғарыдан, пластикалық массадан жасалған көркемдік бұйымдар және т.б. деп бөледі.
Олданылуына қарай: күнделікті тұтынатын бұйымдары (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, мебель) және т.б.; сәндік бұйымдар (кілем, гобелендер, маталар, панно, сәндік вазалар, тәрелкелер және басқа да үй ішін жабдықтау заттары, сондай-ақ әшекей заттар: сырға, жүзік, білезік, алқа т.б.) және сыйлық заттар (медалдар, төс белгілер, брелоктар т.б.).
Дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерленген, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқылған, өрілген, тоқыма, кестеленген, үрленген, басылған, бедерленген, күйдіру, балқыту, металды өңдеп өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ сыру, оюлау, шілтер шалу, жүн сабау, арқан есу және т.б. болады.