I. «командалар сайысы » ойыны
Бұл ойында топ 3 командаға бөлінеді. Ойын ұяшықтар алаңынан құралған (3.4) әр ұяшықта студенттер жеңіске жетуге керекті ұпайлар жасырылған. Ойын 3 кезеңнен тұрады:
1.Тест сұрақтары
2.Сөзжұмбақ
3.Билеттер
1-шартта. 3 командаға 10 тест беріліп, уақыт белгіледі. Сол уақыт ішінде қай команда жылдам тестті дұрыс шеше алса, сол команда 50 ұпай иеленеді, әр бір тест сұрағына 5 ұпайдан қойылады.
2-шарт. Мұнда да уақыт беріліп, сол уақыт ішінде 3 команда сөзжұмбақты шешуі қажет. Дұрыс шешілген сөзжұмбақ үшін 20 балл , 1 немесе 2 төркөз бос қалса 15 ұпай , 3 не одан көп торкөз бос қалса 10 ұпай жинайды.
3-шарт. М ұнда 3 командаға екі билеттен беріледі, дұрыс жауап берген билетке 15 ұпайдан қойылады, жалпы осы шарт бойынша 30 ұпай жинай алады.
Осы ойында 3 шарт бойынша қорытынды ұпай саны 100 балл болады ( кесте 2)
Кесте 2 - Ойын ұяшығы
II. «Саяхатшы» ойыны.
Бұл ойынның шарты мынадай : топ оқушыларын үш командаға (конструкторлар, тігіншілер, модельерлер) бөліп, үш команданың ойыншалары интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған карта бойынша қазынаға яғни, 100 балға ие бола алады. Картада белгіленген әріптер бойынша олар қазынаға жол тартады.
Сурет 1 - Саяхатшы ойын
Саяхатшы ойының шарттары
С-Суреттер(40балл)
Б-Билеттер(10Х3=30балл)
М-Мақалдар(10Х2=20балл)
Ж- Жұмбақтар (10 балл)
Егер дұрыс жауап берсе, көрсетілген бағыт бойынша алға қарай, бұрыс жауап берген жағдайда кері қарай жүріп отырады. Қай команда бірінші қазынаға жетсе сол команда жеңіске жетеді( 100 балды иеленеді). Ал қалған екі команда қанша ұпай жинаса, санша балл қойылады.
Мақсатты жүзеге асыру үшін дәріс беретін кәсіпке оқыту пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін дамытып қолданып сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болатынын ол үшін сабақтың түрлерін сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен қабылдау деңгейі, қызығуына сәйкес тандап алу қажет екендігін олардың ой-өрісін, пәнге қызығушылығын дамыту мақсатында ойын сабағы әртүрлі мақсатта білім мен ептілікті меңгеруге итермелейтін қозғаушы күштер болуы арқасында, қоғам қажеттілігін қысымынан жаңалықтың түпкілікті туындауы болып саналады.
Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың нәтижелілігі , біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес- оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз», «Қоянның көңіл – күйі» т.б ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету, Ыммен, мимикамен көңіл – күйді слаып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б салуға, сол арқылы адамның көңіл – күйін түсінуге аяушыфлық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.
26.«Өзін-өзі тану» сабағында қолданылу қажет педагогикалық карым-қатынас стильдерін ұсыныңыз. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік беру
Бұл тарауда педагогикалық шеберліктің негізі ретінде- қарым-қатынас стильдері, түрлерімен таныстыру.
Сонымен қатар, педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрысының формасы және оның компонеті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәні.
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. Жас педагогтің педагогикалық техникасының кемшіліктеріПедагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.