ІІІ жаттығу. «Сенемін-сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып,

былай деп айтады:

— Піл ұшу біледі;

— Құстар апанда ұйықтайды;

— Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер

бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы

беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.

ІV жаттығу. «Менің – қабілетім, еңбегім»

(оқушылардың қолына әртүрлі ермексаз, түрлі –түсті қағаздар, бояу, жұмсақ

маталар т.б. қолдан жасайтын құралдар беріледі. Әр оқушы өзінің қолынан не

келетінін, не істей алатынын көрсету).

V.Жаттығу. Релаксация.

Уақыты: ( 5-мин. ).

Мақсаты:Қатысушылардың көңіл – күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру,

дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басу.

-Ал, қазір сәл бой жазып алайық, ол қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой

жазумыздың мақсаты,қорқынышты,мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу

болып табылады. Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз,

көздеріңіздіжұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл

алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар… Аспанда күн шуағын шашып

тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті … Оның шуақтары сіздің

басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға

төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз

ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді,

оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.Барлық таза емес бөліктеріңіз

қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ ел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді.

Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.

Талдау: Қалай тренинг ұнадыма? Қандай әсер алдыныз? Әр қайсысы өз ойын білдіреді.

Қорытынды:

Психолог сөзі: -Оқушылар, бүгінгі ойынымыз ұнады ма?-Жарайсыңдар, ойынның жақсы болуы сендердің арқаларыңда екендіктерін ұмытпаңдар.Әрдайым көңілдерін бүгінгідей шуаққа толы болсын!

(Оқушылардың көңіл – күйлерімен бөлісіп, жасаған жұмыстарын талдап, ойларымен бөлісіп,еңбектерінен көрме жасақтау).

Дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін

Диагностикалау

Эксперимент барысында психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылады.

Қабылдауын зерттеу;

Есте сақтауын зерттеу;

Ойлау қабілетін зерттеу;

Зейінін зерттеу.

«Кілемді немен толықтырамыз»

Бұл әдістеменін мақсаты-баланын көрнекі міндеттерді шеше отырып, аз уақыт ішінде және шапшаң көрген нәтижелердін бейнелерін есте сақтай отырып, оларды тәжірбие жүзінде пайдалана алуын тексеру. Бұл әдістеме бойынша балаға 5 сурет көрсетеміз. Оны көрсетпес бұрын балаға суретте екі кілем және кілемнін тесілген жерлерін жамау үшін маталардын кесінділері бейнеленген, кілемнін суреттері және жамаулары бір-бірінен айнымайтындай болып келеді. Осы міндетті шешу үшін суреттін төменгі бөлігінде орналасқан маталардын бірнеше кесінділерінен кілемнін суретіне анағұрлым келісімдісін таңдаймыз.

«Пішіндерді таны»

Бұл әдістеме баланың есте сақтау қабілетін тануға арналған. Әдістемеде балаларға 12 сурет бейнеленген суреттер топтамасы, келесі нұсқаулармен қоса ұсынылды:

«Сендердің алдарыңда 5 сурет қатарласа орналасқан. Сол жақтағы сурет басқаларынан қос тік сызықпен бөлінген және оң жақтағы қатарда орналасқан 4 суреттің біреуіне ұқсас. Неғұрлым тезірек ұқсас суретті тауып оны көрсету қажет». Алдымен, байқап көру үшін 0 нөмерінде бейнеленген қатардағы суреттермен шешуді ұйғарады. Ал кейін эксперимент баланың ол міндетті шешкенше жүргізіледі. Бірақ бала осы уақытқа дейін барлық міндеттерді орындай алмаса 1,5 минуттан артық жұмсауға болмайды.

«Бұл жерде не артық?»

Бұл әдістеменің мақсаты – баланың бейнелі –логикалық ойлауымен ой операцияларының, талдау және жалпылау процестерін зерттеуге арналған. Әдістемеде балаларға әр түрлі заттар бейнеленген суреттер жинағы мен келесі нұсқаулар қоса ұсынылды.

«Әрбір суреттегі бейнеленген 4 заттың біреу артық зат болып табылады. Суреттерге зейін қойып қарап, қай заттың артық және неге артық екенін анықта». Міндетті шешу үшін 3 минут уақыт беріледі.

«Тауып ал және сызып таста»

Бұл әдістеменің мақсаты – зейіннің өнімділігін және тұрақтылығын анықтауға арналған. Балаға 6 сурет көрсетіледі. Бұл суретте кездейсоқ орналасқан қарапайым пішіндердің суреттері берілген: мысалы саңырауқұлақ, үй, шелек, доп, гүл, жалау т.б. Зерттеу жүргізудің алдында бала келесі мазмұндағы нұсқауды орындауы тиіс: «Қазір біз сенімен мынадай ойын ойнаймыз: Мен саған өзіңе таныс заттардың суреттін көрсетемін, мен баста деп айтқанымда, сен осы суреттің жолымен мен атаған заттарды тауып сызып отырасың. Аталған заттарды тауып үстінен сызу мен «Тоқта» деген сөзді атағанға дейін орындалуы қажет. Содан кейін мен сенің суретіңдегі тоқтаған жеріңді белгілеймін, және қайтадан жалғастырамыз. Осылайша тапсырылған заттарды суреттеп тауып, сызып отырасың». Бұл әдістемеде бала 2,5 минут жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде оған бес рет қатарынан әрбір 30 секунд сайын «Тоқта» және «Баста» деген сөздерді айтады.

Наши рекомендации