III. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар.

Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.

Бірінші шағын топ— дәлелдер беру жөніңдегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;

Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатьш процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларынын кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;

Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орыңдау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б.

Құрамына үш шағын топ кіретін үшінші жіктеу тобы ең көлемді топ. Оған осы топты өзге топтардан ерекшелейтін жекелеген белгілер, атап айтқанда мыналар тән:

- олардың қатысуы сот терелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар калыптастыру қажеттігінен туындаған; олардың қызметі қосалқы сипатта болады;

- бұл қатысушыларда дербес тұтас іс жүргізу функциялары болмайды;

- олар процеске оқта-текте, мезгіл-мезгіл қатысады;

- олар сот пен тергеудің іс жүргізушілік функцияларын толық орындауы үшін соларға жәрдем көрсетеді;

- бұл қатысушылар істе әлдебір мүдде көздемейді;

- олардың құқықтық жағдайы, әдетте, олардың қатысуымен жүргізілетін іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін реттейтін нормаларда регламенттеледі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы

Егер құқық салаларының С.С. Алексеев ұсынған топтамасын ұстанатын болсақ, құқықтың іс жүргізу салалары біртұтас топ құрайды да, оған қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы кіреді (әкімшлік процеске келсек, бұл қызмет, нақты орны бар болсада, дербес Кодекске айналдырылмаған2).

Іс жүргізу салалары, материалдық құқықтың өмір нормасы бола отырып, функциялық бағытымен, нақты алғанда: материалдық құқық нормаларын қолданудың нәтижесінде қальштасатын қоғамдық қатынастардың реттелуімен біріктірілген. Ал қоғамдық қатынастарды процедуралық жолмен реттеу - сот төрелігін іске асыру түрі3.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция мен заңдарда баянды етілген барлық құқықтар мен бостандықтардың сотта қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ сотта іс жүргізудің дербес түрін белгілейді (13, 75-баптар). «Сотта іс Әкімшілік-құқықтық қатынастар мен іс жүргізу қатынастарын реттеу әдістеріндегі, құралдарындағы, затындағы айырмашылықтар соңғы кезде әкімшілік іс жүргізу қызметін процесс ретіндегі дербес салаға бөліп, оған құқықтың барлық белгілерін беру қажеттігіне негіз етіп алынуда. Қолданылып жүрген Әкімшілік құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерімен қатар
әкімшілік өндіріс процедурасына және әкімшілік нұсқауларын орындау тәртібіне арналған тараулары бар Әкімшілік процесін жүйелеу құрылымын А. П. Шергин, И. И. Веремеенко дәлелді түрде сынаған; Қазақстан Республикасында материалдық құқық пен әкімшілік іс жүргізу құқығын бөлек жүйелеу проблемалары Қазақстан Республикасында В Г. Татарянның еңбектерінде қаралған.

Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабында (4-тармақ) аталған конституциялық ереже сөзбе-сөз келтірілген: «Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады». Содан соң, 40-бапта (1-бап, 1-тармақ) судьяның тәуелсіздігі «заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен» қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген.

Құқықтың дербес салалары болып табылатын олардын екеуінде де сот төрелігін іске асырудың әдістері мен тәсілдері туралы нұсқаулар бар. Іс жүргізу құқығының энциклопедиялық анықтамасында сот процесінің екі негізгі нысаны бар, ал сот процесі — кең мағынада алғанда қылмыстық және азаматтық істерді1 (сот терелігін іске асыруға уәкілетті органдар - анықтау, тергеу органдары, прокуратура, сот қызметінің барлық кезеңдері мен сатыларын қоса) жүргізу тәртібі.Қылмыстық және азаматтық процестің бұл тұтастығы сот төрелігі мен сот негіздерінің бірлігінен байқалады, оны М.С. Строгович атап көрсеткен болатын: «Сот... заңды бұзушыларды заңға бағынуға мәжбүрлейді — азаматтық процесте қылмыстық процестегіден кем емес дәрежеде. Азаматтық процесте, қылмыстық процестегідей, сот ақиқатты іздеп, анықтайды, екі процесте де оған қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін іс жүргізу құқықтары беріліп, сол құқықтар іс жүргізу кепілдіктерімен қорғалады»2.Қылмыстық және азаматтық процесс негізіне сотта іс жүргізудің бір принциптері алынған. Ол принциптер тұрақты, процестің екі түрі үшін олардың маңызының бірдей екені конституциялық деңгейде жария етілген: «Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады» (77-бабы).Қылмыстық және азаматтық процестің функциялық бағытынын бірлігі, сотта іс жүргізудің конституциялық принциптерінің ортақтығы, сот төрелігі міндеттерінің үйлесуі олардын толық қосылуын білдірмейді. Негізгі айырмашьшық — реттелетін қатынастардың түр-сипатында (позитивті және жазалаушы). Қылмыстық іс жұргізу құқығының, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығының процедуралық жағына ерекшелік беретін міне, осы. С.С. Алексеев қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматгық іс жүргізу құқығы, әлбетте, жеке, дербес құқық салалары екенін, оларда тиісті санкциялардың қолданылуын қамтамасыз ететін ерекше мазмұн бар екенін атап көрсетеді. Сонымен, қылмыстық және азаматтық (материалдық) құқық айырмашылығы қандай болса, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығының айырмашылығы да сондай.Қылмыстық және азаматтық құқық арасындағы шеп неғұрлым айқын болса, бұл айырмашылықтар арнаулы бөлігінде солғұрлым күштірек болады.

2.Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А. Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъекті ретінде онда ерекше орын алатынын ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын өте орынды атап көрсетті1. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі — сот.

Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген. «Сот, соттөрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы ретінде - деп атап көрсетеді М.А. Чельцов, - іс жүргізу қызметінің басты субъектісі болып табылады». Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-жайын зерттеу жөніндегі тең құқықтар берілген).

Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:

а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;

ә) істің нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау;

б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және жазалау шарасын белгілеу;

в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;

г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.

Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:

- қылмыстық істердің соттылығын анықтау;

- нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау;

- судьяларды бөлу;

- істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу.

Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:

1) судьяның жеке өзі;

2) үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы.

Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадан көрінеді:

- сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып қарайды және шешеді;

- алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс жүргізу заңының прокурормен, тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа алады;

- жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады;

- айыптау үкімін шығара отырып, сот жаза орындалатын жерлердің әкімшілігімен қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын жүзеге асырады.

Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар.

Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіңдегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен, бірінші сатыдағы сот ұйығарған үкімге он тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады, оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады (істің апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін, оның процедурасы ҚІЖК-те қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса, оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдерді іс жүргізу барысында орнықтыру мен бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады (сот шешімдері іс жүргізу түрінде ғана жүзеге асырылады).

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылықка әкеліп соғатын мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді (ҚІЖК 59-бабының 4-бөлігі).

Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 308-бабы). Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші запастағы судьяның қатысуын қамтамасыз етеді (ҚІЖК-тің 313-бабы). Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді, қатысушылардың бәрінің заңда кажетгі тәртіп сақтауын қадағалайды, тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 61-бабы). Заң негізі соттың (судьяның) осы және өзге ұйымдық іс-әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.

Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі, сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа жетуді кездейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға қояды. Сот өз шешімінде әділ болуға тиіс, бұған оның кіршіксіз әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның өзі сот шешіміне субъективті факторлардың (мысалы, қылмыскердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектең төмен мерзімге бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге сот шешімін субъективтендіру — жазаны даралау принципі көріністерінің бірі, бұл материалдық-құқықтық қатынастар саласында өте маңызды.

Бәсекелесуші тараптар жөнінде сот бейтараптылығының маңызы мынада:

- істі толық, жан-жақты және объективті карау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- заңдылықтың сақталуына жәрдемдесу;

- процеске қатысушыларда сот әділдігіне сенім қалыптастыру;

- процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пәрменді түрде қорғау.

Соттың өзіне бөлінген функцияны орындауы іс жүргізушілік кепілдіктері жүйесімен қамтамасыз етіледі, солардың ішіндегі ең елеулілері:

- соттың айыпталушыға тағылған айыптан оның заңда көзделген құралдармен және әдістермен қорғануына мүмкіндік беру міндеттілігі;

- айыпталушының жеке және мүліктік құқықтарын заңмен қорғау (соттың бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мүлкін күзету жөнінде шаралар қолдануға соттың міндеттілігі; сотталған адамның балаларын қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа беру, ҚІЖК-тің 388-бабы);

- заңның қылмыс жасалуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау жөніндегі талабы;

- соттың дәлелдерді өзінің ішкі сезімі бойынша бағалауымен солардың жиынтығы бойынша істі дұрыс шешу;

- іс бойынша барлық дәлелдер маңызының бірдей болуы;

- соттың іс жүргізушілік жауапкершілікті заң нұсқамаларын бұзған адамға жүктеу құқығы;

- соттың негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу санкцияларын қолдану құқығы (мысалы, кассациялық соттың үкім күшін жазаның жұмсақтығы үшін жоюы немесе ақтау үкімінің күшін жоюы);

- сот шешімін негізінен алқалы түрде шешу (сот істердің жекелеген категориялары бойыншашешімді жеке-дара қабылдайды);

- істің нәтижесіне судья тікелей немесе жанама мүдделі болған жағдайда қарсылық білдіру үшін негіз болуы (ҚІЖК-тің 90-бабы);

- судьяны істі қараудан шетгету үшін негіздер болуы (ҚІЖК-тің 89-бабы);

- судьяның шешім шығару кезінде ерекше пікірде болу құқығы.

3. Күдікті— қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бабы).

Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай:

— ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне катысушы болып танылады;

— күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы);

— ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-, бабы);

— күдікті уакытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137-бабы);

— қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезенде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы.

Күдіктіге қатысты мынадай қылмыс жолын кесу шаралары қолданылуы мүмкін:

— кетіп қалмау туралы қолхат, жеке кепілдік, бақылауға тапсыру немесе қорғау, кепілдеме алу, үйде тұтқынға алу, тұтқынға алу.

Күдікті өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуі қажет және өзінің іс жүргізу құқтарын пайдалануы қажет (өтініш беру, қорғаушы талап ету, т.б.).

Ұсталған күдіктінің құқықтары:

1) телефон немесе басқа да тәсілдер арқылы өзінің тұрғылықты жеріне не жұмысына ұсталғаны жөнінде және ұстап отырған жері туралы тез хабар беруге;

2) өзінің не үшін күдікті болғаны туралы білуге құқылы және оған қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы қаулының көшірмесін алуға немесе ұстау туралы, қылмыстың жолын кесу шараларын қолдану туралы қаулы хаттамаларының көшірмесін алуға құқылы;

3) оған қарсы қойылған күдіктерге қатысты дәлелдемелер мен жауап түсініктерді беруге немесе ол туралы түсінік пен жауап бермеуге құқылы;

4) айғақты дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;

5) өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;

6) түсініктеме мен жауапты туған ана тілінде немесе өзі білетін тілінде беруге құқылы;

7) аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға құқылы;

8) өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысуға және сол хаттамаға қатысты ескертпелер айтуға құқылы;

9) өзінің өтінішіне немесе қорғаушының, заңды өкілдің өтініші бойынша жүргізіліп отырған тергеу істеріне катысты тергеушінің не анықтаушының шешіміне катысуға құқылы;

10) соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға құқылы; оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алу жүргізілуге құқылы.

Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын шектеуге немесе жоюға негіз бола алмайды.

Айыпталушы— жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын кылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бабы).

Айыпталушы қылмыстық процестің негізгі қатысушысы болып танылады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады алдын ала тергеу ісі жүргізіледі және сот талқылауы жүргізіледі, сот үкімі шешіледі.

Айыпталушының құқықтары:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға құқылы;

2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;

3) қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға құқылы;

4) қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге құқылы;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге құқылы;

7) айғақ беруден бас тартуға құқылы;

8) дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге құқылы;

9)ана тілінде және өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге құқылы;

10) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

11) қорғаушысы болуға;

12) ҚР КІЖК-нде көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;

13) Тергеушінің немесе занды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне катысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;

14) Сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;

15) Тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

16) Айыптау қорытындысының және оның косымшаларының көшірмелерін алуға;

17) Соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының (іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге);

18) Ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;

19) Жария сөз талқылауын талап етуге құқылы;

20) Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сондай-ақ ақырғы сөз құқығына ие болуға құқылы.

Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған сәттен бастап айыпталушы — сотталушы деп танылады, ал өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы — сотталған адам, өзіне катысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы — ақталушы деп танылады (ҚР ҚІЖК 69-бабы).

Сотталған немесе ақталған адамның құқықтары:

1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға;

3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылыктардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.

Қорғаушы— заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (ҚР ҚІЖК 70-бап).

Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында былай делінген: «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы».

Қорғаушы ретінде мыналар қатыса алады: адвокаттар; кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері; айыпталушы мен күдіктінің жақын туыстары мен занды өкілдері; шетел адвокаттары, егер ол Қазақстан Республикасының тиісілі мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, зандарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол беріледі. Қорғаушы сот өндірісінің барлық кезендеріне қатысуға құқылы: іс қозғау және алдын ала тергеу ісіне, соттың талқылауына, апелляциялық және кадағалау инстанцияларына қатысуға құқылы. Адамды күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп айып тағылған сәттен бастап қорғаушы іске қатысуға жіберіледі.

Ескерте кету керек, қорғаушының сот талқылауына қатысуы мынадай жағдайларда ғана міндетті деп танылады: (ҚР ҚІЖК71-бап):

— сот талқылауында прокурор қатысқан жағдайда;

— кәмелекте толмаған болса;

— мылқау, саңырау, соқыр, басқа да кемістігі бар адамдар қатысса, яғни өзінің дене және психикалық кемістігінен қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;

— сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам болса;

— өмір бойы бас бостандығынан айырылу немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса;

— айыпталушыны, сотталушыны тұтқынға алу шарасы қолданылса;

— күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса;

Егер осы аталған мән-жайлар болған кезде қорғаушыны айыпталушы, оның занды өкілі немесе олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, тергеуші, прокурор немесе сот істе қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар жасайды.

Жәбірленуші— қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіріді деп ұйғарған анықтаушы, тергеуші органдардың, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың қаулысы шыққан адам (ҚР КДЖК 75-бап).

Жәбірленушінің өлімімен аяқталған қылмыстар туралы іс бойынша жәбірленушінің құқықтарын оның жақын туыстары пайдалануға құқылы.

Ескерте кету керек, занды тұлға өзіне қатысты тікелей кылмыспен мүліктік зала келтіреді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар деп таныса, азаматтық талапкер ретінде қатыса алады (ҚР ҚІЖК 77-бап).

ҚР ҚІЖК 76-бабында жәбірленушінің жариялы және жеке-жариялы айыптау, яғни өз бетінше сот айыбын қолдау ісі бойынша қосымша іс жүргізу құқықтарын ерекше айқындайды. Айыптауды қолдау тек сот жарыссөзіне қатысу кезінде ғана емес, бүкіл сот талқылауы барысында өтініш-арыз жолымен, айғақ дәлелдемелерді ұсыну жолымен жүзеге асатынын ескерген жөн. Жеке айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.

Жәбірленушінің құқықтары:

1) өзіне келтірілген моральдық және зиянды өтеу туралы талап қоюына кұқылы;

2) Егер мұндай талап қылмыстық істе қойылмаса не қараусыз қалса, онда оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы;

3) Айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге, дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;

4) Ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

5) Аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілі болуына құкылы;

6) Одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық ізге түсу органы алып койған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған оған тиесілі мүлікті алуға, оған тиесілі құжаттардың түп нұсқаларын алуға құқылы;

7) Тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға;

8) Занда кезделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға;

9) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқылы;

10) Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау корытындысының көшірмелерін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға құқылы;

11) Бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға құқылы;

12) Сот жарыссөздерінде сөйлеуге, айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға құқылы;

13) Сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге құқылы;

14) Қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекетіне шағым әкелуге;

15) Соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға;

16) Іс бойынша әкелінген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтар туралы білуге жөне оған қарсылық білдіруге;

17) Мәлімделген шығамдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.

Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда — оның құқықтық мүрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

Көрсетілген жағдайларда қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

Жәбірленушінің міндеттері:

1) Қылмыстық процесіті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті, іс бойынша белгілі барлық, мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті;

2)өзіне іс бойынша белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті;

3)тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Жәбірленуші дәлелсіз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол ҚР КІЖК-нің 158-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және зандарға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны үшін және қасақана жалған айғақ бергені үшін зандарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

Зардабы адамның қайтыс болуына жеткізген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады.

Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген занды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін занды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi . Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады.

Наши рекомендации