АрҚаныҢ Қараша Қазына

Биік тау айналада тұрған қоршап,

Өң бойы өрім ағаш біткен самсап.

Бұлдырап таудан сулар ағып жатыр,

Көзбенен көргендерге емес жаңсақ.

Қолында жұмыскердің қайла, күрек,

Ұстаған оны бекем жуан білек.

Забойдан алтын кенін беріп жатыр,

Алдағы ташкесіне салып күреп.

Күз айы сентябрьдің түні ұзарып,

Бұлттанған қара суық күн мұнарып.

Забойда жуатұғын науасына

Төменен машина тұр су шығарып.

Аққан су терең емес, саяз шалшық,

Мен-дағы суда тұрмын күреп балшық.

Сол күні бригадирдің қосуымен

Тұр едім түстен кейін каналды ашып.

Сары уайым кенеттен төне қалды,

Көңілімді әлде неме бөле қалды.

Жері алыс сүрегі ұзақ ауып келген

Көңіліме әлде неме келе қалды.

Сүйеніп күрегіме тұрғанымда

Бір дауыс аспан жақтан келе қалды.

Келгенінен жақын келіп жанай қалды,

Қасірет көкіректен тарай қалды.

Сүйенген күрегіме бас көтеріп,

Екі көз жоғарыға қарай қалды.

Көңілді жадыратқан жаз секілді,

Тиеді жылы майда наз секілді.

Ой бөліп сол арада қарап тұрсам,

Кәдімгі қаңқылдаған қаз секілді.

Жануар келген екен болған соң жаз,

Тұруға мұнан артық уақыт аз.

Терістен Тундраны жайлап қайтқан,

Кәдімгі Сарыарқаның қараша қаз.

Қаңқылдап қанат қағып қалқып барад,

Тілініп қатарымен шалқып барад.

Аспанның адаспайтын жолыменен,

Алдында командирі тартып барад.

Дауысын жануардың естігенде,

Елжіреп бойым еріп, балқып барад.

Ойыма мұны көріп жас та келді,

Нақақсыз жазық жала басқа келді.

Мен-дағы туған елге барам ба деп

Көзімнен бұршақ-бұршақ жас та келді.

Зар жылап қалып еді менің анам,

Қасында қоса жылап қатын, балам.

Аңсаған ақ ананың мауқын басып

Мен-дағы туған елге қашан барам.

Жарықтық Сарыарқаға барады-ау деп,

Еліме Қазақстанға айттым сәлем.

Ойладым мен де осындай қашан қайтам,

Байпаңдап қара жерді басып байпаң.

Туған жер өскен елге барады-ау деп,

Жеріне Сарыарқаның айттым сәлем.

Қаңқылдап қанат қағып өте шықты,

Дегендей сәлемімді айтам-айтам.

1940 жыл, Колыма

арҚаныҢ Қараша Қазына - student2.ru

МАҒЖАН ЖҰМАБАЙ

(1893–1938)

Алаш қайраткері, қазақ поэзиясына жаңалық әкелген аса талантты ақын, педагог, көсемсөзші, әдебиеттанушы, фольклорист Мағжан Бекенұлы Жұмабай 1893 жылдың 25 маусым күні қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл ауылында дүниеге келген.

1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасынан «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» сынды шығармалары бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады.

1938 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында ату жазасына кесілген.

САҒЫНДЫМ

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным», – деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым...

Алтын Күнді, қара жерді сағындым,

Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.

Асау тайдай еркелетіп өсірген –

Ағайынды, туған елді сағындым...

Бостандықта өткен күнді сағындым,

Желдей зулап кеткен күнді сағындым.

Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,

Ойдағыны еткен күнді сағындым...

Ойыны бір құрдастарды сағындым,

Тілегі бір жолдастарды сағындым.

Келешекке бірге жоспар құрысқан –

Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толы жас жүрегім, жабықтым,

Таныс дауыс ести алмай зарықтым.

Не дегенін, не істенгенін біле алмай,

Қоры болдым ғой азат жүрген халықпын!..

Жүрегіме жақын жанды сағындым,

Жібек мінез, ақық жарды сағындым.

Айырыларда күншығыстан ағарып,

Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.

Не көрсем де, алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлым үшін өгленім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!

Қалың елім, қалың қара ағашым,

Қайраты мол айбынды ер, алашым!

Өзі-ақ құлар, сырын берме, сабыр қыл,

Ақымақтар байқамаған шамасын.

Қазағымды, қалың елді сағындым,

Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті –

Арқадағы айдын көлді сағындым.

Қуанышта: «Әй, сені ме!» – дегендер,

Күйініште мен үшін уайым жегендер.

Құтылу қиын, басқан адым аңдулы,

Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер.

Тәңірі ие, өзің алшы панаңа,

Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!

Баласынан тұтқын болып сарғайған,

Кім жеткізер сәлемімді анама?

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ой, сар даланы сағындым.

«Қарашығым, құлыным» – деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым!

ТҰТҚЫН

Кеудеде – от, іште – жалын, көзде – жас,

Күні-түні қайғы жұтқан сорлы бас.

Сабан төсек, тым қараңғы жатағы,

Наны қара, шайы қара, қарны аш!

Күн түсірмес мейірімі жоқ қара тас,

Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?

Жаныңда жоқ жаны ашитын жақын жүз,

Тас бауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле не Ай, не Күн көрсетпес,

Жақынының: «Ой, бауырымын!» естірмес.

Іс – санаулы, сөз – аңдулы, ерік жоқ,

Өз қолымен ұнамды тон піштірмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,

Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.

Ер жүректі азаматтың басына,

Бұл жалғанда нелер кетіп, не кетпес?!

арҚаныҢ Қараша Қазына - student2.ru

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

(1894–1938)

Қазақ-совет әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфоллаұлы 1894 жылдың 15 қазан күні қазіргі Қарағанды облысының Нілді ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаған. Алғашқы өлең жинағы «Өткен күндер» 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады. «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) романы мен «Аққудың айрылуы» (1925), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934) поэмаларының, «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесасының авторы. 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. Атаман Анненковтың азап вагонында, Колчактың Омбы түрмесіне қамалып, қуғын-сүргінге ұшыраған. Сталиндік репрессияның құрбаны.

1938 жылдың 25 ақпанында ату жазасына кесілген.

ТҰЛПАРЫМ

Темір торлы тас үйде

Көкірегім толды шерменен.

Қанатты, тағы тұлпарым,

Арқырап келші кермеден.

Тұмарлап баптап, айдарын,

Құйрығын сүзіп ерлеген.

Құтқаршы мені қамаудан

Шынжырлап ерік бермеген.

Мініп ап, «шу!» деп кетейін,

Жасырып соққан желменен.

Көбігің шықсын күмістей

Шомылып аққан терменен.

Аймақты жарып дүбірің,

Жаңғырсын таулар, жерменен.

Сыпыра шауып қырымды,

Амандасып көлменен,

Бұралған өзен, орманмен,

Зеңгір таумен, белменен.

Өңкей сорлы езілген

Көрісейін елменен.

1918 жыл

САҒЫНДЫМ

(Қамауда)

Туғалы қапас көрмеген,

Көкіректе кектер кернеген,

Талпынып құлаш сермеген,

Айтайын ішкі сырымды:

Қайырымды қалың елі бар,

Сарыарқа сары белі бар,

Өрісті шалқар көлі бар –

Сағындым мен қырымды.

Өзенді, көлді жайлаған,

Кермеге тұлпар байлаған,

Хабарсыз арам ойлардан –

Сағындым мен аулымды.

Жібектей шашы оралған,

Қыпша белі қыналған,

Еркесі қырдың бұралған –

Сағындым мен сәулемді.

Айналып-толғап өсірген,

Ақ сүтін беріп кешірген,

Тастамайтын есінен –

Сағындым ғаріп анамды.

Мал бағып, шауып ойнаған,

Үйреткен асау байлаған,

Көк жасыл шөбі жайнаған –

Сағындым еркін даламды.

Қымызы бал шараптай,

Жігіті бағлан манаптай,

Тұлпары тарпаң қанатты –

Сағындым бейбіт елімді.

Таулары биік қиялы,

Орманы шалғын миялы,

Жылқы , қой, сиыр, түйелі –

Сағындым Арқа жерімді

АМАУДА

Тас үйдегі тұтқынды

Аяған адам жоқ болды.

Аяды бірақ табиғат,

Көңілім соған тоқ болды.

Терезенің алдына

Торғайлар келіп ән салды.

Ызғарлы қамау тас үйге

Күйлендіріп жан салды.

Даладан көгал жас исін

Жіберді маған желменен.

Терезеде отырып,

Сөйлесті көңілім елменен.

Болса да алыс қызыл күн,

Шұғыласын шашты алтындап.

Ғашығым менің – бостандық ,

Келді алдыма жарқылдап.

Терезеден өлшеусіз

Көрсетті қыр кеңдігін,

Табиғатына дүниенің

Патша мен тұтқын теңдігін.

Демін салып майда жел,

Құшақтап сүйіп тәнімді:

Сүйгенімдей тербетіп,

Жұбатты менің жанымды.

Отырмын күзет – қамауда

Дұспаннан тәнім жеңілді.

Жеңе алмас бірақ еш пәнде

Асау, еркін көңілді.

1918 жыл

АДАСҚАНҒА

(Тұтқынның сөзі)

Нашарларға болысып,

Күзетшілер бетін қайыру,

Тырнағынан олардың

Езілгендерді айыру –

Жолында жүрген бауырыңа

Тас аттыңдар бәрің де,

Мырзаларға қосылып,

Жастарың да, кәрің де,

Адамдықтың ұшқыны –

Сендерде егер ар болса , –

Бердім соның сотына,

Халық – тәңір бар болса!

1918 жыл

Наши рекомендации