Адамгершілік құндылықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Балаларды адамгершіліке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділіке, әдептіліке, еңбек сүйгіштікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық. адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, адамгершілік құндылықтарын бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік.Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:адамгершілікке байланысты суреттер: «жаман жолдас», «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Аналарды сыйлау», «Құстарға қамқорлық», «Еңбек түрлері»

Сабақтың әдісі: әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Балалардыжұмыстың жүргізілуіне байланысты топтастырып отырғызу.

Жаңа сабақ.

1. «Адамгершілік құндылықтар» суреттерді топқа бөліп беру, сол бойынша әңгімелесу.

1 – топ. «Жаман жолдас»”.

2 – топ. «Үлкенді құрметтеу».

3 – топ. «Құстарды атпау».

4 – топ. «Кішіге қамқорлық»

5 – топ, «Автобус ішіндегі бала».

6 – топ. «Аналарды сыйлау».

Оқулықпен жұмыс.

Рухани байлық адам жанының ерекше қасиеті. Рухани дүниесі бай адам үшін достық пен махаббат, парыз бен ақиқат өте маңызды. Оны табиғат тылсымдары, өнер, кітап оқу, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болу әрқашан қызықтырады. Ол білім алуға, данышпандылыққа құштар, өзінің ойы мен қабілетін дамытып, жақсы қасиеттерін тәрбиелейді, қайырымдылықты жасаудан аянбайды.

Адамнаң рухани саулығының басты белгілерінің бірі – адамгершілік. Оған қайырымдылықпен бірге басқаның қайғысына ортақтасу, шыншылдық, адалдық сияқты жалпы адам баласына тән жақсы қасиеттер жатады.

Ол отбасы мүшелерімен, жолдастарымен, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзара қарым – қатынас жасау барысында көрініс береді.

Қайырымдылық дегеніміз – адамның басқаларға кеңес беруі, жақсы тілек тілей білуі. Қайырымдылық – ерекше қасиет. Қайырымды адам өзгелерді өзіне тартып алады. Ол айналасындағы адамдарға өзінің жүрек жылуын, ықыласын аямайды. Біздің әр қайсысымыз айналамыздағы адамдарға ізгі ниетімізді сыйлай білуіміз керек. Қайырымды адам өзгелерден жалтармайды, жақын адамдарынан алыстамайды.Туыстарыңа қамқорлық көрсет, олардан жылы сөздеріңді, жәрдемінді аяма, сонда көңілің көтеріліп, айналаң әдемі бола түседі. Барлық жақсылыққа қуанып, өзіңнің немесе өзгенің қуанышын бөлісе біл!

Зін – өзі тексеру үшін сұрақтар

- Сен өзіңді мейрімді санайсың ба ?

- Айналадағылар саған қалай қарайды ?

- Жақсы,

- Жаман,

- Енжар.

- Айналадағы адамдарға сен қалай қарайсың ?

- Мейріммен,

- Сенің мінезің қандай ?

- Сенің мінезің де нені өзгерту керек ?

- Досың бар ма ?

- Ата – анаңмен қарым – қатынасың қалай ?

- Мейрімді,

- Жақсылық тілеуімен шектелу.

- Менің кейіпкерім немесе үлгі тұтарым кім ?

Осы сұрақтарға жауап бергізу, талдау жасау. Бұл сұрақтар өзіңнің кім екеніңді тануға көмектеседі.

Қорыту. Ой толғаныс.

Адамгершілік

 
  Адамгершілік құндылықтар - student2.ru

Адамгершілік құндылықтар - student2.ru қайырымдылықинабаттылыққа кішіпейілділік

       
  Адамгершілік құндылықтар - student2.ru
    Адамгершілік құндылықтар - student2.ru
 

қамқорлық сыйластық ізеттілік

Ой тұжырымы.

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық ?

- Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз ?

***

Тренинг жоспары.

Кіріспе бөлімі. Тренингті өткізу мақсаты, өту кезеңдері, тапсырма түрлері:

а) «Бір – бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау» ойынын ұйымдастыру;

ә)Топқа бөлу. (Әр топ Аттарын тағайындау, таныстыру.)

Нұсқау бөлімі.

Әр топқа нұсқау ретінде суреттер берілді, сол бойынша әңгіме құрастыру, туындаған сұраққа жауап жазу, талқылау орындалады.

Әр топқа Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің мәтінін тарату, әңгіме желісі бойынша ессе толтыру, туындаған сұраққа жауап жазу, тыңдау.

Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ» әңгімесі оқылады.

Наши рекомендации