Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу. 5 страница
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, түзеу мекемелері қылмыстық жазаларды атқара және қылмыстың қайталанудың криминогенді факторларына ықпал ете отырып, тікелей ескертудің негізін қалыптастырады. Қамау саласына бағытталған және аумақтық ішкі істер органдарымен шешілетін шаралар көмекші сипатқа ие болады.
Түзеу мекемелерінің әкімшілігі үшін бұл – қылмыс жасаған, адамның қылмыстық жауаптылығын жүзеге асырудың соңғы, қорытынды кезеңін қамтитын жалғыз ғана процесс.
Қылмыстық-атқару заңнамалары мен ведомстволық актілерге сәйкес, бұл процесті бірнеше кезеңге бөлуге болады, ол кезеңдердің әрқайсысы төмендегідей нақты бір алдын алу шаралардан тұрады.
І. Жазаны атқару, бас бостандығынан айыруға сотталған адамды түзеу, олардың тұлғаларын зерттеу, жаза өтеуге себеп болған қылмысының себептері мен жағдайларын ашу:
ІІ. Босатылардан алты ай бұрын басталатын жалпы дайындық, ең бастысы босатылатын сотталғандардың әлеуметтік психологиялық және құқықтық дайындық.
ІІІ. Міндетті үш сағаттық дайындық – түзелу нәтижесінің соңғы бағасы, қорытынды мінездеме жазу, олардың тәртібін, еңбекке орналастыру мен тұрмыстық жайғастырудың алдын ала шешімдері бойынша жұмыстарды бағдарлау, әкімшілік қадғалауға жататын босатылатындар тобын анықтау, олардың соттық және басқа да тиісті құжаттарын дайындау, босатылатын адамның таңдаған тұрғылықты орнынан ақпарат алу және жіберу.
ІV. Босатуға 1-3 күн қалғанда басталатын соңғы қорытынды дайындық (босатылғандардың өндіріспен есеп айырысуы мен оларға материальдық көмек көрсету, бас бостандығынан айыру орнынан босату рәсімін өткізу; босатылғандарды таңдаған жеріне жіберуді ұйымдастыру).
V. Түзеу мекемелері әкімшілігінің босатылғандардың босағаннан кейінгі тәртібі мен мінез құлқын бақылау, соотталғандарды түзету ықпалының нәтижелерін бекіту бойынша жұмыстар.
Осы аталған кезеңдердің нәтижелі жүзеге асырылуы барлық құқық қорғау жүйесінің қайталанып жасалатын қылмыспен күрестегі қызметінің деңгейін көтерудің шарттары болып саналатын түзеу мекемелері мен ішкі істер органдарының мамандануы мен тиісті дәрежеде өзара әрекеттесе қимыл жасауын тереңдете түседі.
Әкімшілік қадағалау дегеніміз бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан және әлі де қоғамға қауіптілігі бар адамдардың сыртынан әлеуметтік бақылау жүргізіп отыру нысаны болып табылады. Сонымен бірге ол бас бостандығынан айыру орнынан шыққан әлі де қылмыс жасайды-ау және басқалардың да қылмыс жасауына себепші болады-ау деген күмән тудыратын адамдармен жүргізілетін алдын алу шарасы болып табылады.
Әкімшілік қадағалаудың мақсаты – заңмен белгіленген құқықтық шектеу қойылған бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу. Әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыру орнынан босатылған ересек адамдар үшін қолданылуы мүмкін.
Әкімшілік қадағалау институты ҚР-ның 1996 жылғы 15-шілдедегі «Бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалу туралы» Заңымен реттеледі.
ҚР ҚАК 179-бабы әкімшілік қадағалау құқықтық институтының қажет екендігін анықтай отырып және оны былайша анықтайды, бас бостандығынан айыру орнынан босатылған, аса қауіпті қайталап жасаған қылмысы үшін, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазаларын өтеуші немесе қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотталған адамдарға, егер олардың жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқы өздерінің түзелу жолына қасақана түскісі келмейтіндігін және қоғам үшін қауіпті болып қала беретіндігін дәлелдесе, әкімшілік қадағалау тағайындалады. ҚР 1996 жылғы 15-шілдедегі «Бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалу туралы» Заңының 2-бабы әкімшілік қадағалау жасалатын адамдардың төмендегіше тізімін береді:
а) сотпен аса қауіпті қайталап қылмыс жасаушы деп танылған адам;
б) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам; қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотталған, жазасын өтеу кезінде мінез-құлқы өздерінің түзелу жолына қасақана түскісі келмейтін және қоғам үшін қауіпті болып қала беретін адам;
в) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам; қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотталған, жазасын өтегеннен немесе шартты-мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін ішкі істер органдарының ескертулеріне құлақ аспай, қоғамдық тәртіп пен құқықты үнемі бұзатын немесе өзге де құқық бұзушы адам;
Жоғарыда аталған заңға сәйкес әкімішілік қадағалау жасау үшін төмендегілер негіз болады:
1) Заңның 2-бабының «а» тармақшасында көрсетілген аса қауіпті қылмысты қайталап жасаушы деп танылған адамға қатысты заңды күшіне енген соттың үкімі;
2) Заңның 2-бабының «б» тармақшасында көрсетілген адамға қатысты түзеу мекемесінің материалдары;
3) Заңның 2-бабының «в» тармақшасында көрсетілген адамға қатысты ішкі істер органдарының материалдары;
«А» және «б» тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыру орнынан босатылған кезде, ал «в» тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша бас бостандығынан айыру орнынан босатылған күннен бастам үш күннен кешіктірілмей тағайындалады.
«А» және «б» тармақшаларында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде мүзеу мекемесі орналасқан жердегі сотқа күні бұрын әкімшілік қадағалау тағайындалатыны туралы материалдар жіберіледі.
Түзеу мекемесінің әкімшілігі қадағалау тағайындау туралы ұсыныспен бірге сотқа босатылған сотталған адамның, әкімшілік өкілінің, сондай-ақ, егер босатылған адам өтініш білдіретін болса адвокаттың келуін қамтамсыз етеді.
Судья, әкімшілік қадағалау туралы өтініш білдірген әкімшіліктің өтініші мен сот мекемесіне келген адамның түсініктемесін тыңдағаннан кейін шешім қабылдап, кеңесу бөлмесінде қаулыны жария етеді.
Әкімшілік қадағалау тағайындау туралы қаулы орындалу үшін әкімшілік қадағалау жөнінде ұсыныс еткен адамға қатысы бар түзеу мекемесінің бастығына ғана жіберіледі. Өз кезегінде, мұндай қаулыны қабылдап алған мекеме әкімшілігі сотталған адамды босату жөніндегі құжаттарды жасау кезінде әкімшілік қадағлау жүргізілетіндігі жөніндегі құжаттарды да жасайды. Босатылғандығы туралы анықтама қағазында тиісті жазбаларды толтырып, белгі соғады, босатылған адамнан белгіленген ережелерді сақтау жауапкершілігі туралы қолхат береді.
Әкімшілік қадағалау 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде төмендегі құқықтық шектеулер бойынша тағайындалады:
а) ішкі істер органдары белгілеген уақыт ішінде тұрғын-жайдан кетіп қалуға тыйым салу;
б) қаланың, ауданның белгілі бір орындарында болуға, сондай-ақ қадағалау жүргізетін ішкі істер органның рұқсатынсыз қаланың, ауданның шегінен шығуға тыйым салу;
в) жергілікті ішкі істер органына айына бір реттен төрт ретке дейін міндетті түрде келіп, тіркеліп отыру.
Мұндай құқықтық шектеу босатылған адамның өмір сүру салтына, үйі мен тұрғын орнындағы мінез-құлқына, қадағаланушының тұлғасын сипаттайтын басқа да міндеттемелеріне байланысты толық көлемінде немесе ішінара қолданылуы мүмкін. Жоғарыда аталған Заңның 9-бабына сәйкес, түзеу мекемесінің әкімшілігі қадағаланушы адамды босатар алдында ішкі істер органына соттың қадағалу тағайындау туралы қаулысын жібереді және оның тұрғылықты жеріне қашан баратынын хабарлайды.
Соттың әкімшілік қадағалу тағайындау немесе оны ұзарту туралы қаулысы, немесе құқықтық шектеу көлемінің өзгертілуі қадағаланушы қол қою арқылы хабарланады.
Әкімшілік қадағалау тағайындалған адамдарды тіркеу мен есебін жүргізуді ҚР Ішкі істер министрлігінің белгілеген тәртібі бойынша аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік қадағалауды жүзеге асыруда төмендегідей міндеттер мен құқықтарға ие болады:
1) қадағланушылардың тәртібін тұрғылықты жері бойынша үнемі бақылап отыру;
2) қадағаланушылар тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзушылықты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүделлеріне нұқсан келтіруді ескертіп және болдырмау;
3) әкімшілік қадағалау тәртібін бұзған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша хаттама толтырып және оны қарау үшін сотқа жіберу;
4) жұмыс істейтін орындары әкімшіліктерінен, ұйымдарынан, тұратын жерінен, сондай-ақ басқа да азаматтардан қадағаланушының тәртібі туралы сұрап, біліп отыру;
5) қадағаланушыларды ішкі істер органдары бөліміне шақырып алып, туған-туыстарының қатысуымен әңгіме өткізу;
6) әкімшілік қадағалау ережелерін орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктеме талап ету;
7) тәртібі мен белгіленген құқықтық шектеулерді сақтауын тексеру мақсатында тәуліктің кез келген уақытысында қадағаланушының тұрғын-жайына кіру.
Бұл жерде заңмен қарастырылмаған өзге жағдайларда қарау мен тінту жүргізуге жол берілмейді. Әкімшілік қадағалау төмендегі негіздерге байланысты тоқтатылуы мүмкін:
- мерзімінің аяқталуы бойынша;
- қадағаланушы түзелу жолына нақ түскен болса және тұратын жері мен жұмыс орнынан жақсы мінездеме берілген жағдайда, мерзімінен бұрын;
- қадағаланушыдан соттылығы алынып тасталған немесе жойылған жағдайда;
- қадағаланушының арнаулы түзеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілуіне байланысты;
- қадағаланушының бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
- қадағаланушының қайтыс болуына байланысты.
Соттың немесе ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағаланушыға қолын қойғызып алу арқылы таныстырылады. Заңның 16 және 17-баптары қадағланушылардың төмендегідей құқықтары мен міндеттерін белгілейді:
- сотта әкімшілік қадағалау мен құқықтық шектеулер тағайындау туралы материалдармен танысуға;
- түсініктеме беруге, дәлелдемелер келтіруге;
- қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату, құқықтық шектеуді жою, тұрғылықты жерінен басқа жерге барып келу жөнінде өтініш білдіруге;
- ішкі істер органдарында әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулымен танысуға құқылы;
- өзіне қатысты тағайындалған құқықтық шектеулерді сақтауға;
- ішкі істер органының шақыртуы бойынша белгіленген мерзімінде келуге, әкімшілік қадағалау ережелерін атқаруға байланысты ауызша және жазбаша түсініктеме беруге;
- тәулік ішінде ішкі істер бөліміне өзінің тұрғын орнын ауыстыруы, жеке басының және қызмет бабының ісімен әкімшілік қаладан немесе ауданнан басқа жерге баратындығы жөнінде хабарлауға;
- ішкі істер бөлімінің рұқсатымен басқа елді мекенге барып, онда бір тәуліктен аса уақыт болатын жағдайда сол жердегі ішкі істер бөлімінде тіркелуге міндетті.
Әкімшілік қадағалу тағайындалған адам қадағалау ережелерін немесе белгіленген құқықтық шектеу тәртібін бұзған жағдайда ҚР заңнамаларымен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚР «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңына сәйкес, ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққандар мен бостандықта бұрыннан жүргендерге қатысты әкімшілік қадағалау тағайындау туралы сотқа материалдар түсіруге құқылы, бірақ ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін, үш жылдың ішінде ондай адам ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын үнемі бұзатын болса ғана жүзеге асырылады.
Мұндай адамдардың тізімі Заңның 2-бабының «в» тармақшасында келтірілген, олардың қатарына мыналар жатады:
- ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққандар;
- екі және одан да көп рет қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан адамдар;
- ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын үнемі бұзатын және өзге де құқық бұзушылық жасайтын жазасын өтеуді шартты-мерзімінен бұрын босатылғандар.
Әкімшілік қадағалау ішкі істер бөлімінің дәлелді өтініштеріне сәйкес соттың қаулысымен әрбір 6 ай сайын ұзартылады, бірақ ол екі жылдан аспауы тиіс. Ұзартылған әкімшілік қадағалау құжаттары бастапқыда көрсетілгендей толтырылып, жасалады.
Сөйтіп, әкімшілік қадағалау ең маңызды алдын алу және ескерту шаралары болып саналады және ол қатаң түрде Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Лекция.