Йымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу».

Перпективалық жоспар

Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу».

Тақырыбы Оқу қызметінің бағдарламалық мазмұны Сағат саны
Өзім туралы білгім келеді Өзі және өзінің жағдайы, көңіл көйі туралы түсініктерін кеңейту.Өзінің дене мүшелерінің кейбір қызметтерін (бас, құлақ, ауыз, тіл, тіс, қол,аяқ) түсінуге үйрену. Өзіне деген сенімділігін нығайтып құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызу.
Адам- тіршілік иесі Өзіңнің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, қолы, аяқтары, тері және шаш қабаты, көздерімен шаштарының әртүрлілігі) қарап ажырата білуге үйрету.
Менің отбасым Балалардың өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, олардың ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы білу, түсіну.
Қош келдің, Жаңа жыл! Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету, оны өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту.
Балабақша бөлмесі Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, ас үй, кір жуатын т.б. бөлмелермен таныстыру. Әр бөлмедегі жұмыс туралы, оған қажетті құрал саймандардың атын, неден жасалғандығын айту, көрсету, түсіндіру. Балабақша ішінде орналасқан бөлмелермен кабинеттерді салыстыруға үйрету. Қайда? Кім? Қандай? Не істейді? Сұрақтарына дұрыс жауап беру.
  Аналар мерекесі Мерекені өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу. Аналар мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету.  
Наурыз – көктем мерекесі Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының Жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурыз көже, ұлттық ойын түрлері т.б. туралы айту.
  Ғарышқа сапар Адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік беру. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу іскерліктерін жетілдіру.
Мен тұратын қала(ауыл) Өз мекен жайлары мен тұрғылықты қаласының атын білуі. Қаланың сәулетті орындарына саяхат жасау. Өзі тұратын қаланың сәулеті, мәдениет орындары тураы түсінік беру.
  Барлығы:   9 сағ

йымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Тобы :

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеумет»

ҰОҚ: Қоршаған орта

Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді

Мақсаты: Өзі және өзінің жағдайы , көңіл күйі туралы түсініктерін кеңейту.Өзінің дене мүшелері олардың атқаратын қызметі туралы түсініп айтып беруге үйрету.Өзіне деген сенімділігін нығайтып,құрметі мен дербестігін аттыру.Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.Өзіне -өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,құрастыруға арналған қағаздан қиылған дене мүшелерінің бөліктері,сырты матамен қапталып,әртүрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар,қарағай бүрі т.б. әр балаға ішіне су құйылған және құм,күріш,бұршақ,ұн,тары т.б. дәнді дақылдар салынған үрленбеген шарлар.

Әдіс тәсілдері: сөздік ,көрнекілік,ойын,практикалық.

Іс әрекет кезеңдері Педагогтың іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Жетекші сұрақтар арқылы төменгі үлгідей әңгіме жүргізу: -Балалар,біз бүгін өзіміз туралы әңгімелесеміз. -Әйгерім,сенің қасында тұрған кім? -Қалай ойлайсын,Ұлан ұл бала ма, әлде қыз бала ма? -Дастан,сен кімнің қасында отырсың? -Балжан,ұл бала ма,қыз бала ма? Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтын дығын,нені жақсы көретіндігін, немен айналысқанды ұнататындық тарын,қандай киім киетіндерін сұрайды. Осыдан кейін балаларға өздеріне таныс өлең жолдарын айтып,сергіту жаттығуын жасауды ұсынады. Ұл,қыз болып бір жолда, Иықтасып жүреміз. Қиындықта қол ұшын Береріне сенеміз.   Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді:     Балалар өлең жолдырын айтып,өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,ұл қыз бала туралы біледі екенсіңдер.Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Педагог балаларға адамның дене мүшелері бас, мойын,қол, аяқтары туралы сұрақтар қояды. -Балалар,сендердің үйлеріңе үлкен айна барма? -Сендер сол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші,не байқадыңдар? -Жарайсыңдар,балалар,енді алдарыңда тұрған суреттерге назар аударыңдаршы.Бұл қағаздан қиылған қуршақтың дене бөліктері.Қазір сол бөліктерді құрстырамыз.Ол үшін бастарыңды алдыға,артқа,оңға,солға қозғалтып көтеріңдерші,қозғала ма? -Демек, басты не қозғалып тұр? -Яғни,біздің басымыз мойында орналасқан екен.Олай болса басты мойынға орналастырамыз. -Енді,мен қазір допты лақтырамын,сендер қағып алуға тырысыңдар(педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,бірақ лақтырмайды). Сендер допты қағып алу үшін не істедіңдер? Яғни қол бізге не үшін керек екен?   -Енді қолдарыңды созып,жинап көріңдерші,не байқадыңдар?   -Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді алыңдар. -Дәптерді ұстап тұрау үшін не қажет екен? -Саусақ қайда орналасқан? -Ал қолымыз қайда орналасқан? -Олай болса сопақша пішінге қолды орналастырыңдар. -Енді нені орналастырамыз? -Аяқ адамға не үшін керек? -Міне,балалар біз қуыршақтың дене мүшелерін құрастырдық.Бір бірле ріңнің құрастырған бейнелеріне қараңдаршы,айырмашылық бар ма? -Жарайсыңдар,балалар қалай ойлайсыңдар қуыршақты толық құрастырып болдық па? -Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне байланыс ты сурет саласыңдар.Педагог ауыз, мұрын,құлақ туралы жұмбақтар жасырады.Мысалы Көреді бәрін өзгенің , Көре алмайды өздерін.Ол не? Балалар өздерінің дене мүшелеріне байланысты қойған сұрақтарына жауап береді. -     Жұмбақтың жауабына қарай өздері құрастырған қуыршақтың бейнесіне көз,мұрын,ауыз,құлақтың суретін салады.
  -Міне балалар сендер қуыршақтың бейнесін құрастырып та болдың дар.Қурыршақты құрастыру үшін денесіне қандай жансыз бөлшек терді орналастырдыңыздар? -Бас,қол,аяқтыбір сөзбен қалай айтуға болады екен? Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерің,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап қорытындылайды. Педагог дене мүшелері туралы қосымша ақпараттар бере отырып зерттеу жүргізетіндігін айтады. -Кәне,көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар. Мен не істеп жатырмын? -Ал енді көздеріңді ашыңдар да, үстелдің үстінде жатқан заттарды атап беріңдерші? -Оны қалай білдіңдер? -Демек,көз,балалар,кқру үшін керек екен. -Енді құлақтарыңды жауып,маған қараңдар.Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін.Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып бересіңдер. -Не себепті естімей қалдыңдар? -Демек,құлақтың қызметі қандай екен? -Жарайсыңдар, балалар тағы да бір зерттеу жұмысымыз қалды.Бұл зерттеуді жүргізу үшін сендер алдарыңда тұрған заттарды пайдаланасындар (әр балаға бір бірден сырты матамен қапталып әртүрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар,қарағай жаңғағы т.б. сипап сезуге арналған заттар беріледі ). "Сыңарын тап"ойыны Ойын шарты бойынша әр балаға ішіне су құйылған және құм,күріш, бұршақ,ұн,тары т.б. дәнді дақылдар салынған үрленбеген шарлар бері леді.Мысалы,екі көк түсті шар берілсе біреуінің ішіне су құйылал ды.Дәл сондай шарлар келесі үстел дің үстінде бірнеше шарлар дың ішінде орналасады.Ішіне құм салын ған шарды алған бала дәл сондай ішіне құм салынған көк түсті шарды алу тиіс. Сергіту сәті. Ал балалар тұрмайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. Педагогауа,жер,ағаш,гүл,қоян,бара бан, қораз маймыл т.б. сөздерді айтады. Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.Тапсырманы орындап болғаннан кейін педагог балалар дың назарын өзіне аударып, қуа нып,ашуланып,ренжіп тұрған бала лардың әрекеті туралы түсіндіріл ген бейнефильм немесе суретті слайд көрсетіп балалардың көңіл күйіне байланысты сұрақтар қояды. -Аружан не істеп тұр? -Не үшін қуанып тұр?   -Әйгерімнің көңіл күйі қандай? -Әйгерім не себепті ашуланды? -Әйгерімнің көңіл күйін көтеру үшін не істер едіңдер?   Педагог балаларға адамдардың әртүрлі көңіл күйде болатындығы ,не үшін ашуланып,қуанатындығы, ренжитіні туралы қосымша түсіндіреді.   Балалар құлақтарын жауып,педагогке қарайды.   Балалар педагогтың оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдар ойластырып жасайды.   Дәптерде берілген тапсырманы орындайды     Балалар өздерінің пікірлерін айтады.     Сергіту сәтін орындайды.   Дәптермен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерін немен айналысқандарын ,не үйренгендерін сұрайды. Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып,дәптердегі таңбаларға белгілейді.Дене мүшелерінің қажеттілігі қызметі туралы айтады.

Күтілетін нәтиже:

жасайды:адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметін;

түсінеді:өз дене мүшелерінің(бас,мойын, қол, аяқ, көз, құлақ)атқаратын қызметін біледі;

қолданады: өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.

Наши рекомендации