Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз.
Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Бұны әлеуметтік өлшем әдісі деп атайды. Бұл тарихи жағдайдағы эксперименттің бір түрі. Мұнда адамның жеке бас ерекшеліктері мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Жүргізілу технологиясы. Қолданылатын негізгі тәсіл – өзара таңдаудың әр-түрлі формалары зерттеудің барысында зерттелетін адам өз пікірін жасырмай айтуы керек (не ұжым мүшелері қалағанын). Ол үшін әдісті табиғи жағдайда жүргізеді. Ол үшін жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Әр сұраққа қатаң зерттеу жұмысын жүргізгенде социограммалық кесте, карта жасалады. Осы картаға түскен таңдау санының қорытындысына қарай топ ішінде кімнің беделі жоғары немесе кімнің төмен себебін анықтап топтағы баламен әр-түрлі жұмыстар жүргізуге болады.
41. «Нейроленгвистикалық бағдарламалар. (НЛП). НЛБ қолданылу техникасын жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
«Нейроленгвистикалық бағдарламалар. (НЛП). НЛБ қолданылу техникасын жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
Бұл психотерапияның бағыты жаңадан пайда болған 20 ғасырдаң 70 жылдары.Ф.Периза және Верджиния Саттер және Милтон Эриксон зерттеулерін өңдеп Ричерд Бэндлер және джон Гриндердің еңбектерінде. Адамдар әлемді сезім мүшелері арқылы қабылдайды және сенсорлар жүйесі арқылы. Психологтардың ойларынша біз әлемді тек тіл арқылы қабылдаймыз, бұл даулы мәселе өйткені біз әлемді сенсорлы формада да қабылдаймыз визуалды және кинестетикалық түрде.Бұл репрезентацияланған жұйе адам бойында басым болуы мүмкін. Егерсіз істеген ісіңізді ылғи істесеңіз онда соңында алып жүрген нәтиже аласыз. Егер сіздің істеп жүргеніңіз істелмесе онда сіз баса амал қолданыңыз.Бұл позиция НЛБ-ні бихивияристермен біріктіреді,бірақ тек дағдымен ғана жұмыс істемейді ол ішкі реакция анықтамайтын ақпаратты өңдейтін жүйемен жұмыс істейді бұл оны когнетивті терапиямен жақындатады , бірақ НЛБ тек ой мен ғана жұмыс істемейді ол барлық ақпаратты өңдейтін жұйемен жұмыс істейді оны тренинг кезінде трансқа кіргізу кезінде жүзеге асады.НЛБ-да трансқа енгізу әдісін М.Эриксонның дерективті емес гипноз әдісінен алынған. Раппорт орнату – бұл басқа адамның «би» ырғағына ілесе алу, оның дене қозғалысының ығына зейін қоя және сыйластықпен ену. Бұл раппорттағы екі адам моделі арасындағы көпірдің жойылуына жәрдемдеседі. Ығына ілесу – бұл басқа адам қозғалысын көшірмелеу емес. Қол қозғалысына әлсіз саусақ қозғалысымен, дене қозғалысына –бастың қозғалысы арқылы ілесуге болады. Бұл «қиылысқан бейнелеу» деп аталады. Адамдар бір-біріне ұқсас болғанда, бір-біріне ұнайды. Адамның дем алысының ығына ілесу раппортты орнатудың ең күшті тәсілі болып табылады. Аталғандардың барлығы раппорттың негізгі элементтері. Мұны меңгергісі келген әркімнің раппортқа енудің өзіндік тәжірибесі болуы керек. Басқа адамдардың және өзіңнің раппортқа қалай енетініңді бақылау қажет. Сонда адамда раппортқа енуге байланысты таңдау болады. Сонымен, раппорт – бұл вербалды хабарласу айналасындағы жалпы контекст. Егер коммуникация мәні оның туғызатын реакциясымен айқындалса, ал раппортты құру – реакцияларды туғыза алу қабілеттілігі болып табылады.
42. Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-қүлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласүлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді. Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді.Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу; қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;үндестік пен күшті сезіну.Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар.
43. Жобалау әдісіне мысал келтіріңіз
Жобалау әдісіне мысал келтіріңіз
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді. әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады. Жобалау арқылы студенттің интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Студенттер өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша кәсіби сөйлеуіне, табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында қазақша сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу студенттің өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол. Жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент қазақ тілін оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса, оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады. Қазақша кәсіби сөйлеуге үйрену процесінің негізгі сипаты тілді аутентті тілдік контексте табиғи түрде меңгеруге жақындайды. Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты. Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:І. Мақсат қою;ІІ. Жоспарлау;ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдауІV. Орындау;V. Бағдарламаны қорғау. Жобалау жұмысының міндеті:І кезең.Бір немесе бірнеше мәселенің тақырыбын анықтау, жұмыс тобын құру;ІІ кезеңМәселені талдау, жоспар құру;ІІІ кезең.Қабылдағанжобаны талдау. Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау.ІVкезең.Қажетті ақпараттарды іздеу. Жобаны жүзеге асыру.Vкезең.Жобаның қорытындысын ұсыну. Қорытындыны бағалау. Жоба бойынша студенттердің әрекеті:І кезең– ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.ІІ кезең -тапсырманы жүйелейді.ІІІ кезең- жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды;ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.ІV кезең- ақпаратпен жұмыс істейді;ұсыныстарды талдайды;зерттеу жүргізеді;жобаны рәсімдейді.V кезең– жобасын қорғайды;әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады. Қорыта келе айтарымыз, жобалау әдісі кәсіби сөйлеуге үйрену үшін және оны дамыта отырып, кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қоса жүргізілетін пайдалы әдістің бірі.
44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол арқылы музыка жағдайын емдеу болып саналады. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Әр түрлі психикалық бұзылуларды музыка арқылы емдеу шет елде екінші дүниежүзілік соғысатн кейін кең етек ала бастады. Бір-біріне бағынбайтын екі ағым қалыптасты: американдық және шведтік мектептер. Оқушылардың бойында агрессияны төмендету, сонымен қатар құрдастарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында және оқушының сөйлеуінде кездесетін бұзылыстарды түзетуде де музыка терапияны қолдану тиімді нәтиже көрсетететінін зерттеулер дәлелдеген. Мысалы еуропалық психотерапевттердің жүргізген зерттеулердің бірі «Барабандар» деп аталатын музыка терапиясында мектеп оқушыларының бойында қазіргі күні жиі кездесетін агрессины төмендету көзделген болатын. Зерттеудің қорытындылары көрсеткендей бұл терапиядан кейін оқушыларлдың агрессиялылығы төмендеп сыныптастары мен қоршаған ортасын деген қарым-қатынасының жақсарғаны байқалған. Ал сөйлеуінде дефектісі бар, немесе психологиялық күйзелісте жүрген оқушыларға әлемдік классикалық өнер туандыларымен музыка терапия жүргізу де нәтижесін көрсетеді. Оған мысалы ретінде Моцарт (Моцарт эффектісі) , Бах, Клод Дебюси және т.б. композиторлардың туындылары жоғары бағаланады.