Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

СИЛЛАБУС

Патологиялық анатомия - 1 бойынша

Пән коды РА – 12209

Мам андық 051301 «Жалпы медицина»

Дәрістер 18 сағат

Тәжірибелік сағаттар 54 сағат

СӨЖ 36 сағат Емтихан ІV

Барлығы 108 сағат

Курс 2

Семестр ІV

Астана, 2012 ж.

Силлабус 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген

Құрастырғандар:

1.Манекенова К.Б. – «Астана медицина университеті» АҚ патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

2.Досмамбетова Ж.Қ. - «Астана медицина университеті» АҚ патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті

Силлабус «Астана медицина университеті» АҚ 051301 «Жалпы медицина»

мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж. № ___хаттама

Каф. меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж. № ___хаттама

Каф. меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж. № ___хаттама

Каф. меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

1.7 КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ:

1. Манекенова Кенжеқыз Боранбаевна, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, ғылыми атағы – профессор.

Жоғары квалификациялық категориялы патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 28 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Сот-морфологиялық зерттеулер», «Жасушалық трансплантация».

2. Омаров Талғат Маратович, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 10 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Жасушалық трансплантация».

3. Смайлова Гульзира Құлыбековна, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 10 жыл

Қазақ тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Плацентология»

4. Дүкенбаева Бибажар Абаевна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 15 жыл

Қазақ тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Кенеттен дамыған өлімнің морфологиясы»

5. Досмамбетова Жанара Құдайбергеновна,патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 9 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері.

«Токсикоманиялық заттар мен никотиннің бірлескен токсикалық әсері кезіндегі бүйректердің патоморфологиясы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.

6. Попова Марина Романовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 9 жыл

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология»

«Уран кені шаңының ингаляциялық әсері кезіндегі кардио –респираторлық жүйенің патоморфологиясы (эксперименталды зерттеу)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.

7. Сулейменова Айгүл Жолдасовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 4 жыл

8. Перадзе Манана Николозовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 3 жыл

9. Сакипова Айнагүл Қанапияновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 2 жыл

1.8 БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:

Астана қаласы

Сары-Арка көшесі 33

«АМУ» АҚ

Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554

Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» негізінде өткізіледі.

1.9. ПӘН САЯСАТЫ:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.

2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі студенттің ұстазбен қөзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар ақылы түрде өтеледі.

3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде ақылы түрде өтейді.

4. Университеттің мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда ( аудитория столы, орындықтар, макрорпрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.

5. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СҰӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.

Айып шаралары:

1. Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені үшін және әр

бір жіберген тәжірибелік сабақтар үшін қорытынды рейтинг балы 1% пайызға төмендетіледі.

2. Егер студентттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан

кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді.

3. Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.

КІРІСПЕ

Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Ол медицинаның теориясымен қатар клиникалық тәжірибеге де қызмет атқарады, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық пәндер қатарына жатады.

Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми маңызы жасуша мен жасушааралық заттың патологиясын, стереотиптік патологиялық процестер мен аурулардың даму заңдылықтарын зерттеудег орнынан ақ айқын байқалады. Мәне, тап осы мәселелер, яғнм адамның жалпы патологиясы, патологиялық анатомия -1 немесе патологиялық анатомияның жалпы бөлімі деп аталатын пәннің мазмұны болып табылады.

Патологиялық анатомия гистология мен биохимияның, қалыпты физиология мен адам анатомиясының, физика мен математиканың, және информатиканың әр кездегі жетістіктері негізінде дамуда. Патологиялық анатомия клиникалық пәндердің іргетасы деп те аталады, себебі жалпы патологиялық процестердің негізі игерілмесе, аурудың нақты түрінің бейнесін, ақыры мен оның өте күрделі жүйе болып табылатын микроорганизмге әсерін дұрыс пайымдау да мүмкін емес.

ПӘННІҢ МАҚСАТЫ

Студенттерге барлық ауруларға ортақ стереотиптік жалпы патологиялық процестердің құрылымдық негізі, дамуының морфогенздік механизмдері, классификациясы, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, аөыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы, олардың жас шамасына байланысты ерекшеліктері ескерілген мағлұматты игерту.

Наши рекомендации