Оқулыққа электронды қосымшамен жұмыс жасау.

Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.

Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.

Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де оқушыларды тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау – тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)-оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.

Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:

1. Кванттау принципi: Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.

2. Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.

§ Тоериялық ядро;

§ Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;

§ Мысалдар;

§ Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;

§ Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;

§ Бақылау жұмысы;

§ Контекстiк анықтама;

§ Тарихи түсiнiктемелер;

3. Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.

4.Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.

5.Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.

6.Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек

7.Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.

8.Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.

57. Шашыратқыш, құйғыш құралдарымен жұмыс.Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым құралдар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады. Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады. Paint графикалық редакторының құралдарымен жұмыс жасау әдістемесін қарастырайық. Құралдар тақтасы қарапайым суретшінің құралдарының жиынына ұқсас болып келеді. Мұндағы әрбір құралдың қызметіне тоқталайық. Құралдар тақтасының төменгі жағындағы терезедегі дақ түрлеріне сәйкес жасайды. Шашыратқыш аспабын бейнелеудің нақты формасы қажет емес жағдайларда, яғни түтін, бұлттар, ағаштар және т.б. салуда пайдаланған тиімді. ҚұйғышСуреттің тұйық контурына негізгі түсті құяды. Егер де контур тұйық болмаса, онда барлық бос аймаққа құяды.

Ақиқат және жалған.

Логика элементтері: ақиқат және жалған. Мысалы: Ашылып тұрған кітапты туралы «кітап жабық тұр» деп айтылса, онда бұл жалған.

Оқушыларға мына тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін анықта деген тапсырма беруге болады.

Тапсырма:

1. Түн жарымда күн шығады.

2. 2 + 2 = 4

3. Аптада 6 күн бар.

4. Компьютерден тышқан қашып кетті.

Оқушыларға логикалық есептер беруге болады.

1. Екі ат 40 км жүгірді. Әрқайсысы қанша километр жүгірді?

2. Аруна мен Сара апалы-сіңлілілер. Арунаның үш ағасы бар. Ал Сараның да үш ағасы бар. Отбасында қанша бала бар?

Пікірді теріске шығару дегеніміз – бұл бірінші айтылған пікірге мағынасы жағынан қарама-қарсы басқа пікір.

Сондықтан «Бізде кейде жаңбыр жаумайды» пікірі «теріске шығару» бола алмайды, өйткені олардың екеуі де ақиқат: жаңбыр кейде жауады, кейде жаумайды. «Бізде жаңбыр ешқашан жаумайды» теріс пікір болады.

Пікірді теріске шығару үшін сөздердің екі тобын қолдану керек:

1) кейде, кейбір;

2) әрқашан, ешқашан, барлығы, ешкім.

Егер пікірде бірінші топтың сөздері болса, пікірді теріске шығару үшін ол екінші топтың қарсы мағыналы сөзімен ауыстырылады.

Мысалы, бірінші топтың сөздерін екінші топтың сөздеріне ауыстырып көрейік. «Кейде адам өлең айтады» - «Адам ешқашан өлең айтпайды», «айтады» етістігі теріске шығарылып, «кейде» сөзін «ешқашан» сөзіне ауыстырды.

Керісінше, екінші топтың сөздерін бірінші топтың сөздеріне ауыстыру. «Барлық құстар ұшады» - «Жоқ, олардың бәрі бірдей ұшпайды» немесе «Кейбір құстар ұшпайды», мұнда «емес» мағынасындағы теріске шығару «барлық» сөзінен өтіп, оны «кейбір» сөзіне ауыстырды да, етістікті теріске шығарды.

Заңдылықтар.

Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.

«Заңдылық», «заң», «принцип» ұғымдары және олардың арасындағы байланыс. Оқыту теориясы мен практикасын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады. Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды. Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. Педагогикалық принцип нормативті түрде заңның мәнін сипаттайды. Ол тиісті жағдайларда оқытуды дұрысырақ ұйымдастырудың жолын анықтайды. Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдаудың теориялық негізі болып табылады. Жеке алғанда, заңдылықтар мұғалімдер үшін тікелей нұсқаулар бере алмайды. Принциптер анықталған заңдылықтарды бейнелей отырып, іс-әрекет кағидаларын категориялар ретінде тұжырымдайды, оқу үдерісін ұйымдастыруда бастапқы бағдар рөлін атқарады. Оқыту заңдылықтары оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейді, ал олардың негізінде анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал — оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.

1. Оқыту заңдылықтары және олардың жіктелуі. Дидактиканың міндеттерінің бірі — оқыту заңдылыктарын анықтау болып табылады. Оқыту заңдылыктарын анықтау оқытудың педагогикалық тұжырымдамасын құрайтын стратегиялық идеяларды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде анықталған идеялар:
— оқыту мен тәрбиелеудің рухани бай, жалпы адами кұндылыктар мен моральды меңгерген, жан-жақты жэне үйлесімді дамыған, жемісті жэне өнімді іс-әрекетке қабілетті дербес тұлғаны қалыптастыруға багыттылығы;
— тұлғаны қалыптастырудың басты шарты ретінде оқу-танымдық, ізденістік, шыгармашылық іс-эрекеттерді ұйымдастыру бірлігі;
— окытуды тэрбиенің арнайы тэсілі ретінде қарастыруды талап ететін оқыту мен тэрбиенің органикалық бірлігі, сондай-ақ оған да-мытушы жэне тәрбиелеуші сипат беру;
— мазмүнды, эдістерді, қүралдарды оңтайландыру, уақыт пен күшті аз жүмсап, ең көп тиімділік алып келетін эдістерді таңдап алуға бағытталу.
Оқыту үдерісіне қатысты заңдылықтар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

2. Сыртқы заңдылықтар оқытудың элеуметтік-экономикалық, саяси ситуациялармен, мәдениет деңгейімен, белгілі бір типтегі тұлғаға деген қоғам қажеттілігімен жэне білім беру деңгейлерімен байланыстылығын сипаттайды. Ал ішкі заңдылықтар оқыту үдерісінің мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары арасындағы байланыстарға қатысты анықталады. Басқаша айтқанда, бұл сабақ беру, оқу және оқып-үйренетін материал арасындағы байланыстар. Сонымен бірге оқыту үдерісінде байқалатын заңдылықтарды жалпы және нақты заңдылықтар деп те бөлуге болады. Өз эрекетімен жүйені толық қамтитын заңдылықтар — жалпы, ал тек жүйенің жекелеген компоненттеріне қатысты заңдылықтар жеке, нақты болып табылады.

3. Оқытудың жалпы заңдылықтары:
1. Оқыту мақсаттарының заңдылығы
Окытудың мақсаты: а) қоғамның даму деңгейі мен қаркынына; б) қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне; в) педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне байланысты.
2. Оқыту мазмұнының заңдылығы
Оқыту мазмұны (білім беру): а) қоғамдық қажеттіліктер мен оқыту мақсаттарына; б) әлеуметтік және ғылыми-техникалык прогресс қарқынына; в) оқушылардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне; г) оқыту теориясы мен практикасын дамыту деңгейіне; д) оқу мекемелерінің материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
3. Оқыту сапасының заңдылығы
Окытудың әрбір кезеңінің тиімділігі: а) алдыңғы кезең өнімділігі мен онда қол жеткізген нэтижелерге; б) оқып-үйренетін материал сипаты мен көлеміне; в) оқытушылардың ұйымдастыру-педагогикалық әсерлеріне; г) оқушылардың өзара даярлығына; д) оқыту уақытына байланысты.
4. Окыту әдістерінің заңдылығы
Дидактикалық эдістердің тиімділігі: а) әдістерді қолдану білімдері мен дағдыларына; б) оқыту мақсаттарына; в) оқыту мазмұнына; г) оқушы жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне; е) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге; ж) оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты.
5. Оқытуды басқару заңдылығы
Окыту өнімділігі: а) кері байланыстың қаркындылығына; б) түзетуші әсерлердің негізділігіне байланысты.
6. Оқытуды ынталандыру заңдылығы
Окыту өнімділігі: а) оқытудың ішкі стимулдарына (мотивтеріне); б) сыртқы (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) стимулдарға байланысты.

4. Ал жекелеген нақты заңдылықтар оқу үдерісінің жекелеген компоненттеріне қарай анықталады.
1. Дидактикалық компоненттер
Құрамы: оқыту мақсаты, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, тәсілдері.
Дидактикалық заңдылықтар:
— окыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқыту ұзақтығына тура пропорционал;
— берілген көлемдегі білім, біліктердің меңгерілу тиімділігі мұғалім тудырған оқу ситуациясы сипатына байланысты т.с.с.
2. Гносеологиялық компоненттер оқушылардың мұғалім жетекшілігімен объективті шындықты, табиғат пен қоғамды және өзіне қатысты фактілер мен заңдарды танып-білуі аспектісімен анықталады
Гносеологиялық заңдылықтар:
— оқыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың оки білуіне тура пропорционал;
— окушылардың ақыл-ойының дамуы меңгерілген өзара байланысты білім, білік, жасампаздық іс-әрекет тәжірибесі көлеміне тура пропорционал (И.Я. Лернер) т.с.с.
3. Психологиялық компонент оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетінің ішкі психикалық жағына басымырак қатысты.
Психологиялық заңдылықтар:
— оқыту өнімділігі (белгілі бір шекте) оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызыгушылықтарына тура пропорционал;
— нақты оқу материалын меңгеру нәтижесі оқушылардың нақты білім, біліктерді меңгеруі қабілеттілігіне, олардың жекелеген бейімділіктеріне байланысты.
4. Кибернетикалық аспект оқу үдерісіндегі әр түрлі байланыстарды, ақпараттар ағынын, ең бастысы — акпараттарды меңгеруін басқаруды бейнелейді.
Кибернетикалық заңдылықтар:
— оқыту тиімділігі (белгілі бір шекте) кері байланыс жиілігі мен көлеміне тура пропорционал;
— білім сапасы бақылаудың тиімділігіне байланысты.
5. Әлеуметтік компонент оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы қатынастарды қамтиды. Мұнда әлеуметтік өзара байланыстар -бағыттылық, оқытудың әлеуметтік маңыздылығы т.с.с. бейнеленеді.
Әлеуметтік заңдылықтар:
— индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын барлық баска индивидтердің дамуымен байланысты;
— дидактогения (мұғалімнің оқушыларға дөрекі қатынасы) тұтастай алғанда әрбір оқушының, сыныптың, жекелей алғанда жеке оқушының оқыту тиімділігін томендетеді.
6. Ұйымдастыру компоненті оқу үдерісін интеллектуалдық еңбек аспектісінде бейнелейді. Оған: оку үдерісін және мұғалім еңбегін ұйымдастыру, материалдык-техникалық жабдықтау, ынталандыру, өнімділік, рентабельділік мәселелері жатады және т.с.с.

5. Ұйымдастыру заңдылықтары:
— оқыту тиімділігі ұйымдастыруға байланысты. Тек оқушыларда оқуға қажеттілікті дамытып, танымдық қызығушылықты қалыптастыратын, қанағаттану сезіміне жеткізетін, танымдық белсенділігін ынталандыратын ұйымдастыру ғана дұрыс.
— окыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне тура пропорционал т.с.с.

Наши рекомендации