Олай болса, осы ережелерді нақты мысалдарда қолданып көрейік.
А. Зерттеу мақсатын тұжырымдаудың үлгісі
Зерттеудің мақсаты - математиканы оқытуды жетілдірудің тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде тексеру,теоретикалық дәйектеу, талдау, математиканы оқытудың нысандары мен әдістеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын қалыптастыру және оқушылардың үзіліссіз математикаға дайындықтың сабақтастығын қамтамасыз ететін әдістер мен нысандар жүйесін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері :
Оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру кезінде оқушылардың математикалық дайындығының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.
Орта мектептерде математиканы оқытудың сабақтастығын жүзеге асырудың теоретикалық және тәжірибелік негіздерін айқындау.
Мектеп және жоғарғы оқу орындарының төменғі курстарына математика оқытудағы сабақтастықтың педагогикалық жүйесі концепциясын құру мен сәйкестеу.
Здіксіз математикалық дайындықтың міндеттерін орындау үшін математиканы оқытудың сабақтастығын жүзеге асырудың деңгейлері мен қызметтерін, сипатын анықтау.
5. Орта мектеп және жоғарғы оқу орындарының бірінші курсына
математиканы оқытудың мазмүны, нысаны мен әдістеріндегі
сабақтастықтың дидактикалық шарттарын анықтау мен дәлелдеу.6. Математиканы оқытудағы сабақтастықты жүзеге асыру технологиясын дайындау және орта мектеп пен бірінші курс шеңберіңде тәжірибе аркылы тексеру (А.М. Мубараков)
2) Зерттеудің мақсаты - студенттердің методологиялық мәдениетін қалыптастыру шарттарын айқындау жэне педагогиканы оқыту процесінде оларды кұру әдістерін белгілеу. Зерттеудің міндеттері :
Теория мен тэжірибе жүзінде болашақ педагогтың методологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің жағдайын анықтау.
Методологиялык мәдениет » ұғымының мәнін ашу және оның бүгінгі таңдағы жоғарғы оқу орындарының түлектеріндегі жағдайын сипаттау.
Педагогикалық жоғарғы оқу орын студенттерінің медологиялық мәдениетін калыптастырудың шарттарын дайындау.
Тәжірибе-сынақ жұмысы барысында осы шарттарды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
5. Болашақ мұғалімдердің методологиялық мәдениетін
калыптастыру методикасын кұру және педагогикалық жоғарғы оқу
орындарының оқытушылары үшін нұсқаулар ұсыну.(
Е.В.Бережнева)
Б. Сәтті қорғалған мына диссертациялардың мақсаты мен міндетін жазыңыз және зерттеудің осындай ғылыми ақпарат компоненттер тұжырымына қойылатын талаптармен
байланыстырыңыз:
«Жоғарғы оқу орындарындағы студенттер контигентін қалыптастырудың ақпараттық моделінің теоретикалық-методологиялық негіздері » (Т. О. Балықбаев ) ;
« Қызметтегі сәттіліктің методологиясы педагогикалық категория ретінде » (А. К. Рысбаева);
«Жоғары мектеп аясында этномэдениет субъектісін қалыптастыру» (Г.К. Тлеужанова) ;
Университеттік білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби қызметін маңызын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» (А.А. Болатбаева); В. Төмендегі зерттеулердің мақсатын құрыңыз.
« Педагогикалық біліктілікті дамытушы фактор ретінде ғылыми білімнің құндылығына қарай мүғалімнің бағдар алуы»;
« Білім берудің кредиттік жүйесін енгізу барысында жоғарғы оку орындарында синэнергетикалық ортаны жобалау»;
« Гимназия окушыларын ғылыми-зерттеу қызметіне баулу»; « Білім берудің жаңа парадигмасының қьізмет ету кезінде оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуы»;
«Педагогикалық акмеология дербес оқу пәні ретінде»; ■ «Үздіксіз педагогикалық білім беру барысында жоғарғы оқу орын оқытушыларының ғылыми-зерттеушілік қызметі теориясының дамуы»;
«Педагогикалық квалиметрияның методологиялық және теоретикалық негіздері»;
«Жоғарғы оқу орнында ақпараттық технологиялар негізінде креативті білім беру ортасын жобалау»;
«Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы оқытушы қызметінің сапалық көрсеткіші ретінде»;
Г. Мына тақырыптар бойынша педагогикалық зерттеуге қажетті міндеттер жүйесін құрып көріңіз:
«Болашақ оқытушыларды валеологиялық жұмысқа дайындау жүйесі»;
«Қазіргі заман жағдайы бойынша жоғары сынып оқушыларының толеранттылығын қалыптастырудағы дебаттық технология»;
«Жоғарғы оқу орындарының болашақ оқытушыларын кәсіби қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыру»;
«Болашақ инженер-педагогтың креативті мәдениетін қалыптастыру»;
«Тарихи-педагогикалық зерттеудің негізгі базасы: мәні мен құрылымы»;
«Мектеп оқытушысының инновациялық-дидактикалық қызметін басқару»;
«20-21 ғ.ғ. аралығында жалпы және этникалық педагогиканың методологиялық негізінің дамуы»;
«Мамандық дәрежесін жоғарылату жүйесінде оқытушылардың этнопедагогикалық біліктілігІн қалыптастыру»;
«Білім беру процесінде оқушылардың негізгі біліктілігін қалыптастыру»;
«Жоғары кәсіби білім берудің мазмұнын жобалаудың теоретикалық-методологиялық негіздері»;
«Зерттеу гипотезасы дидактика саласындағы ғылыми білімді дамыту әдісі ретінде (тәрбиелеу,басқару теориялары, т.б.)»
Нақты бір педагогикалық зерттеудің гылыми ақпаратында оның әдістамалық негізін сипаттау маңызды орын алады. Бірақта, диссертацияның мәтінінде педагогикалық фактті, құбылысты, үрдісті немесе педагогикалық жүйені құрастыруды талдауда қолданылатын әдістамалық әдістер мен принциптер тек сөз арасында ғана ескеріледі. Көптеген диссертациялық жұмыстарда әдістамалық және теориялык негіздерді бірге сипаттайды, осыдан барып ненің әдістамаға жататынын, ненің теорияға жататынын нақтылау қиын. Ізденушілер өздерінің зерттеулерінің әдістамалык негізін құрастырғанда көп жағдайда философиялық психологиялық теорияларды, диссертацияның тақырыбын түгендеп шығады.
Осы тұста әдіснамаға анықтама беру керек. В.В. Краевскийдің пікірі бойынша, осы ғылым саласында көп жылғы талқылаулар, пікірталастар мен нақты зерттеулердің арқасында мынандай ұғым қалыптасты: педагогиканың әдіснамасы бұл педагогикалық теорияның құрымы мен негізі туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістер үрдісінің білімдер жүйесі, педагогикалык болмысты, сондай-ақ зерттеу жұмысының сапасын бағалалау және бағдарламаларын, қисындары мен әдістерін негіздеуді және білім алу қызметінің жүйесін көрсетеді.
Педагогика әдістамасының пәні ретінде педагогикалық болмыспен оның педагогика ғылымындағы көрінісі арасындағы байланысы көрсетіледі (3,169). Бүгінгі таңда ғалымдар маңызды көптеген мынандай сұрақтарға жауап іздеуде: педагогика әдіснамасымен айналысу дегеніміз не? онымен кім айналысуы керек? педагогикалык зерттеуді қалай әдістамамен қамтамасыз ету керек? педагогикалық зерттеу құрылымында ғылымнан практикаға өту жолдарын қалай іске асыруға болады?
Біздің ойымызша, зерттеуді әдістамалық қамтамасыз ету белгілі бір білімдер жиынтығын, яғни жалпы философилық, сонымен қатар зерттеудің бағдарламасын, оның қисыны мен әдістерін, сонымен қатар ғылыми жұмыстың сапасын бағалауды негіздейтін педагогика саласын колдануды білдіреді.
Бұл білімдер зерттеудің әдістамалық рефлексия үрдісінде жүйеленеді және ықпалдасады (П.В. Лепин жэне т.б.). Сондықтан, зерттеудің әдістамалық негізін анықтауда ізденуші жалпы философиялық әдістамаға, жалпы ғылыми әдістама мен зерттеу әдістамасының нәтижесіне сүйенеді. Кеңірек тоқталып өтелік. Философиялық әдістама, яғни ғылымның деңгейлік құрылысы мен танымның жалпы үрдістері педагогика ғылымдарының ұғымдық ақпараттарына сай конструктивті-сыни қызметін, педагогикалық зерттеудің құрылымы мен мазмүнының, олардың әдістамалық іргетасының бара-бар болуын, педагогикалык зерттедің нәтижесін әлемдік көзкарастар атқарады.