Ылыми мәтінді тану және қабылдау.
Мәтін – өзіндік ерекшеліктерге, заңдылықтарға ие аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
Профессор А.Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік мәтіндердің абзацтарға тән функционалды-мағыналық топтарының статистикалық ерекшеліктерін анықтаса, А.И.Тілембекова ғылыми-техникалық мәтіндердің лингвопрагматикалық құрылымын айқындауға үлесін қосты. Ғылыми тіл құрылымын анықтап, ғылыми мәтіннің стилистикасын қарастыруда ғалым С.Әлісжановтың еңбегі ерекше аталады. Алайда ғылыми мәтіннің барлық ауқымды жақтарын тануда, негізгі ұғымдары мен өзіне тән ерекшеліктерін түсінуде, коммуникативтік құрылымын айқындауда бұл еңбектердің аздық етері сөзсіз. Сондықтан ғылыми мәтіндердің құрылымын, өзіне тән ерекшеліктерін, әдеби тілге қызмет етуін зерттеу тілші-ғалымдарға жүктелген алдағы уақыттың үлкен еншісі деп түсінеміз.
Кез-келген мәтін белгілі бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған ақпардан тұрады. Мәтін тіл жүйесі ішінен синтаксистің ең жоғарғы бірлігі ретінде орын алады және мағыналық, коммуникативті, номинативті, структуралы сипаттарымен түсіндіріледі.
Ғылыми мәтін де өз қабылдаушысын (адресатын) тапқанда ғана жұртшылықпен (социум) қабылданады. Сөйтіп қана ғылыми мәтін өзінің зерттеу сипаты жағынан генетикалық байланыстағы көптеген тұтас мәтіндермен қоян-қолтық араласады, солармен бір мәнмәтінге (контекске) енеді, соның бір элементі ретінде қалыптасады
Мәтінді қабылдау арқылы оқырман өзінің парасаты мен эмоциялық жігерлі қасиеттерін дамытып, өзіндік эстетикалық, этикалық пози- цияларын айқындай түседі. Ойлауға, сезінуге, толғануға тән қасиеттерін жетілдіреді. Осыған байланысты орыс ғалымдары көркем мәтінің психологиялық жағына баса назар аударып, ерте кезден бастап зерттеу нысандарына ай- налдырған. Жалпы, орыс тіл біліміндегі мәтін- нің көркемдік айшықтарын психолингвистика тұрғысынан бағалауға көптеген ғалымдар ең- бек етті. Олар көркем мәтінді лингвистика және психикалық жақтан ғылыми түрде зерт- теудің қажеттілігін т‰сінді. Демек, психолин- гвистиканың негізгі қызметі - адамның сөй- леу механизимінің құрылысы мен әрекетін белгілі бір мөлшердегі тіл құрылысының көз- қарасы негізінде қарастыру
Психологиялық-педагогикалық диагностика
Психодиагностика ең алғаш дүниеге келген жері- Греция. VIII-ғасырдан бастап психиканың мәселелерді зерттеу барысында көптеген ғалымдар жұмыс жасады. XVIII ғасырда дүниеге танымды жақтаған кейбір буржуазиялық көзқарасты насихаттап келген.
Ал «Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады- деді. Психология дамуына себепші осы болды.
Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді: теориялық және практикалық
Диагностика -дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.
Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.
Педагогикалық дигностика-педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.
Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:
1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).
2. Болжау.
3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:
4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.
5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).
6. Конструктивті.
Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.
Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады ( мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау). Осыған байланысты әлеуметтiк әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.
Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие дигностикасы-тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.
Студенттердің болашақ кәсіби қызметтерін меңгеру мақсатында оқушылардың тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру арқылы төмендегідей міндеттер туындады:
- оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасу факторларымен танысу;
- мектептегі оқушылардың жан-жақты қалыптасу мәселелерін зерттеуді студенттің игеруі;
- оқушылардың дүниетаным, таным үрдістерінің, танымдық қызығушылықтарының қалыптасу жолдарын анықтау диагностикалық жұмыстар жүргізуі.
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы: жас психологиясы,Патопсихология,Алегрофренопсихология,Типлопсихология,Арнаулы психология
34.Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты.Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады. Ұстаздық қызметтің ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушыныңөзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
35.Педагогикалық қолдау түсінігі мен принциптерінің мәні. Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы. Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады. Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Педагогикалық қолдау инттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);шығармашылық дарындылықты қолдаудан;қабілетті айқындау мен дамытудан;қауіпті топтағы балаларды қолдаудан тұрады.«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді. Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін: Тәрбие табиғат бейнелігі – балаға, табиғат бөлшегінедей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым – қатынаста, шығармашылықта. Тәрбие мәдениет бейнелігі - «білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде». Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті – білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді. Жеке – тұлғалық тәсіл – бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу – тәрбие ұрдісінің белсенді субъект ретінде танытады.
37.Педагог маманығына мотивациялық-құндылықты қатынас. Мотивация – субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттың іс-әрекетін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.Мотивация құрылымынан 4 компонентті бөліп алуға болады-іс-әрекетке қанағаттану;-іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;-іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;- жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру.Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік факторлардың бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді. Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.Ынталандырушы мотивтік факторлардың екінші түрі организм белсенділігінің бағыттылығын анықтайды.Ынталандырушы мотивтік факторлардың үшінші түрі – бұл эмоциялар, сезімдер және бағдар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді. Негізгі құндылықтар: 1.Акмеологиялық - кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі. 2.Мәдениеттілік - маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.3.Тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі
38. Педагогикалық шеберліктің компоненттері. Педагогикалық ғылымда педагогикалық шеберліктің мәнін түсіну үшін бірнеше түсініктер қалыптасқан. Бір ғалымдар бұл интуиция мен білімнің, шынайы ғылыми беделді басшылықтың қосындысы деп есептейді, ол педагогикалық қиындықты жеңуге қабілетті, бала жанының жағдайын түсінуге көмектеседі. Педагогикалық шеберлікке педагогикалық білім, интуициялармен қатар, педагогикалық техника саласындағы біліктер жатады, бұл тәрбиешіге энергияны аз жұмсап, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Осы тәсілді басшылыққа алған кезде мұғалім шеберлігі қол жеткен табыстар шеңберінен тыс шығуды ойластырады. Педагогикалық шеберлік арнайы білімдерден, сол сияқты білік, дағдылардан тұрады, педагог қашанда жеке сұрақтарын шешкенімен, ол үнемі ұйымдастырушы, тәлімгер және педагогикалық әрекеттің шебері болып табылады. Осыдан барып, педагог шеберлігінде төрт жеке бөліктерді атап өтуге болады: балалар қызметін ұжымдық және жекелей ұйымдастыру шеберлігі; сендіру шеберлігі; білімді беру және қызмет тәжірибесін қалыптастыру шеберлігі; ең соңында, педагогикалық техниканы игеру шеберлігі. Шынайы педагогикалық қызметте бұл шеберлік түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірімен астасып жатыр және бірін-бірі өзара күшейтеді. Тұлғаға бағытталған тәсіл тұрғысынан педагогикалық шеберлік жүйе ретінде қарастырылады. Н. Н. Тарасевич педагогикалық шеберлік кәсіптік қызметті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға ерекшелігінің кешені ретінде қарастырылады, маңыздылардың қатарына мұғалім тұлғасының гуманистік бағыттылығын, оның кәсіптік білімін, педагогикалық қабілетін және педагогикалық техникасын жатқызады. Барлық төрт элемент педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өзіндік даму тән (тек сыртқы жағдайдың ықпалынан өсу ғана емес). Педагогикалық шеберліктің өзіндік дамуының негізі ретінде тұлғаның білімі мен бағыттылығының қосындысын атауға болады, оның жетістіктерінің маңызды шарты- қабілеттері, тұтастықты, бағыттылықтың байланысын және нәтижелілікті әкелетін нәрсе педагогикалық техника саласындағы біліктер болып табылады.. Қарастырылған тәсілдердегі кейбір айырмашылықтарға қарамастан педагогикалық шеберліктің құрылымында жалпы педагогикалық техника ерекше орын алады. Бұл білік, дағдылардың жиынтығы, олар жалпы жеке оқушылар мен ұжымға педагогикалық ықпал ету әдістерінің жүйесін тиімді қолдану үшін қажет: тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста дұрыс стильді және бағытты таңдай білу, олардың зейінін басқара білу, аяқ алысын сезіне білу, басқару дағдылары мен оқушылардың іс-әрекетіне деген өз көзқарасыңды көрсете білу және т. б.Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты. А. С. Макаренко: «Мен тек «бері кел» деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын»,- деп жазған болатын. А. С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз. Егер педагогикалық техниканың көптеген білік, дағдыларын бір топқа біріктіретін болсақ, онда мұғалім шеберлігінің бұл маңызды компонентінің құрылымы төмендегі жалпы біліктерімен сипатталады: сөз саптау білігі, бет әлпетінің өзгеруі және пантомималық өзгеруінің айқындылығы, өзінің психикалық жағдайын басқара білуі және эмоцианалдық-шығармашылық жағдайын қолдай білуі, актерлік-режиссерлік біліктер, осының барлығы тәрбиеленушілердің ойына, сезіміне әсер етуіне, дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін бере білуге мүмкіндік береді.