Лекция ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

• орта қабілеттіліктен жоғары;

• тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

• шығармашылықтың жоғары деңгейі.

Заманауи түсінік

Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ сипаттамаларды көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.

Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуальдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға жетіп қалуы, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін.

Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік аффективке және т.б.) көбірек жатады, ал талант түрлі саладағы неғұрлым жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол көптеген құзыретті субъектілердің аздаған санына ғана тиесілі болып қалады.

Орытынды

• Қазіргі уақытта дарынды және таланттыларды моноаспектілік аясында (мысалы, жоғары IQ) қарастырудан бас тартып, көпаспектілік пайдасына қарайауысу үрдісі қалыптасуда, ол ерекше қабілеттердің кең ауқымынкөздейді.

• Қабілет пен қасиетке қатысын анықтайтын мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды құрамы болып табылады.

• Бағдарламаның рәсімі мен мазмұнын анықтау мультимәдени келешектің тең дәрежесін қамтуға тиіс.

• Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері тұрғысынан қарастырылады.

• Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.

• Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету неғұрлым маңызды.

• Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көпаспектілі тәжірибе қажет.

Наши рекомендации