Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық көзқарастары.
Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.
Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.
Өзінің педагогикалық көзқарастарын Локк «Тәрбие туралы ойлар»(1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» педагогикалық еңбектерінде жан-жақты талдады.
Локк дене жазалауына қарсы болды,ол «құлдық тәртіп құлдық мінезді жасайды», - деп жазды, шектен шыққан тәртіпсіздік жасаған жағдайда ғана дене жағынан жазалауды қолданды.
Жан-Жак Руссо (1712-1778) Женевада, қолөнерші сағат жөндеушінің отбасында дүниеге келеді.Жүйелі білім алған жоқ, бірақ әрқашан да білімін жетілдіруге ұмтылған.
Еңбектері: 1758 жылы «Мораль туралы хаттар», осы жылы «Юлия немесе жаңа Элоиза», 1760 жылы «Қоғамдық шарт» және 1762 жылы «Эмиль,немесе Тәрбие туралы».
1762 жылы Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.
Руссо тәрбиеленушінің өмірін төрт кезеңге бөлді: 1-ші кезең-туғаннан бастап 2 жасқа дейін, тіл шыққанға дейін.Бұл кезеңде баланың денсаулығы мен дене дамуына қамқорлық жасау керек. 2-ші кезең-2 жастан 12 жасқа дейін.Бұл кезеңде баланың сыртқы сезімдерін, дерексіз ұғымдарын дамыту керек.12 жасқа дейін адамгершілік тәрбие ең бастысы. 3-ші кезең-12 жастан 15 жасқа дейін-ой тәрбиесі,білімнің пайдасын басшылыққа алу керек. 4-ші кезең-15 жастан 17 жасқа дейін-«дауылдар мен құмарлық»кезеңі-жас адамның адамгершілік бейнесі қалыптасып қалған кезең.
К.А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын “Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.
Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
Мектептік білімнің даму тенденциялары және оқу мекемелерінің жаңа түрлері (типтері). (Педагог филантроптардың оқу-тәрбие мекемелері).
Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық үрдістер білім беруді және мектептегі оқу үрдісін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үрдістерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады, олар:
- «Білім - үйрену»парадигмасының «білім - қалыптасу»парадигмасына ауысуы.
- Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.
- Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
- Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
- Үйрену диверсификациясы Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты. Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады.
- Ғаламданудың бүкiләлемдiк үрдістерімен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап тұжырымдар және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде білімгерлермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.