Бiлiм бөлімдері : Өзін өзі тану. Мақсаты:түсініктерін кеңейту

Taқыpыбы: МЕН ӘДЕПТІ БАЛАМЫН

Мақсаты:түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

- жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

- әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:«әдеп», «әдептілік» туралы

Әдепті бала жақсы бала

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Көшелерден біз өткен Ата көрсем, Жақын кеп Сәлем берем ізетпен: «Ассалаумағалейкум!», - деп Алдан әже жолықса, Бөгелемін әдейілеп: Сәлемдесем сол тұста: «Есенсіз бе, әжей», - деп. Кім кезіксе көшеде «Аға, тәте, көкеге, «Сәлеметсіз бе!», - деймін. Педагог балаларды әліппе дәптерде берілген картаның келесі аялдамасын әдемілеп боятып, суреттің мазмұнын ашып, әдептілік әлеміне шақырып, онда ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, адал, еңбекқор балалар туралы әңгімелесетінін айтады.   Балалар ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір-бірімен амандасады
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу Педагог «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, әңгімелесу жүргізеді. • Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер? • Әдепті балалар қандай болады? • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әдепті сөздер - сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с. Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады. Әдептілік - адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобұста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата-анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады.Өзіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді. Дәйексөз Педагог балаларға «Әдепті бала - жаңсы бала»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Ғажайып сөздер • Біз - әдепті, сыпайы баламыз. • Әдепті бала - жақсы бала. - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Ойын "Әдепті сөздер" Балалар шеңберге отырып, допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады. - Рақмет. - Сәлем! - Қалың қалай? - Сәлеметсіз бе? - Амансыз ба? - Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын! - Кешіріңіз! Өтінемін. - Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше! Шығармашылық жұмыс «Әдептілік ережелері» Педагог балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырып, бөлменің көрнекті жеріне іліп қояды. Әдептілік ережелері • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. • Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. • Ескертусіз үйден, балабақшадан кетіп қалмайды.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Жүректен жүрекке Педагог балалардың есте сақтауларын дамыту мақса-тында Ө.Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өле-ңін қимылмен қайталатады. Бұл өлеңнің мәтіні шаттық шең-берінде берілген.    

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:әдептілік туралы.

Tүciнiгi:жағымды қарым-қатынас дағдыларын

Kөpceтe бiлyi: Сыпайы бола біледі.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Бiлiм бөлімдері : Өзін өзі тану.

Наши рекомендации