Танымдық іс-әрекеттің дамуы
1) Сенсорлық тәрбие
Көлемі, формасы, түсі бойынша бағдар алуды, заттарды тұтастай қабылдауды дамыту.
Көлемі:
- екі-үш затты көлемі бойынша іріктеп алуды үйрету: үлкен, кішкентай, өте кішкентай;
- заттардың суреті бойынша Көлемді формаларды ажыратуды және сәйкестендіруді үйрету: алмаларды дорбаға үш-төрт көлем есебімен тығып қою.
Форма:
- сенсорлық тапсырмаларды орындау кезінде жасап көру әдісін қолдану: әртүрлі формаларды тесіктерге салу, басқа формалар ішінен әртүрлі формаларды бөліп алу - «мұнара жасайық», «жол жасау үшін кірпіштер», дорбадан сөз бойынша әртүрлі формаларды ал (шариктер, кубиктер, кірпіштер);
- түсті ажыртауды және онымен заттарды сәйкестендіруді үйрету (сары балапан, жасыл-қияр, қызыл-алма, көк-кубик және т.б.).
Тұтастай қабылдау:
- 2-3 бөлікке қиылған суретті қайта құруды үйрету, тактильді қабылдау арқылы заттардың қасиеттері және сапаларын ажырата алуды қалыптастыру: (қатты-жұмсақ, суық-жылы);
- сөздер бойынша заттарды алуды үйрету «кубиктерді ал», «шарды ал».
Естіп қабылдау:
- жақын адамдарын дауысы бойынша ажыратуды үйрету: «Кім шақырғанын тап», дыбыс еліктеуі бойынша жануарлар және құстарды ажыратуды үйрету: «Кімнің дауысы?»- сауысқан, көкек, ит, қой және т.с.с, сәйкес келетін ойыншық немесе суретті таңдап алу.
Көрнекі-бейнелі ойлаудың қалыптасуы:
- баланы шешілу жолын табуды қажет ететін жағдаймен таныстыру, қолымен затты немесе ойыншықты ала алмаған жағдайда, қосымша құралдарды іздеу қажет болғанда (таяқ, қалақша және т.с.с.), «арбаны ал» (әртүрлі аяқтары бар таяқшаны қолдану), «балықты ал» (ұзындығы әртүрлі қармақтарды қолдану);
- заттың бейнесі бар суретті табу – бейнеленген сюжеттің құралы: Сурет салу үшін ұл балаға не қажет?, Қуыршақты сүйрету үшін қыз балаға не қажет?;
3) Қоршаған ортамен таныстыру:
- баланы табиғат құбылыстары туралы көзқарастарын анықтау: қыста қар жауады, жазда күн ыстық, жаңбыр жауады, жел соғады;
- үй жануарлары және дала жануарлары туралы көзқарас қалыптастыру; үй жануарлары: ит, мысық, сиыр, жылқы (басы, денесі, құйрығы, көздері, құлақтары, аузы, тұмсығы); олардың төлімен таныстыру (итте-күшік, сиырда-бұзау, жылқыда-құлын), дала жануарлары: аю, қасқыр, қоян, түлкі, тиын және т.с.с.;
- жемістер және көкөністермен таныстыру; көкөністер: сәбіз, сарымсақ, қырық қабат, қияр, қызанақ, картоп. Жемістер: алма, алмұрт, лимон, банан, апельсин, мандарин.
- тірі табиғат заттарын ажыратуды үйрету: гүлдер, жемістер, ағаштар, саңырауқұлақтар, шишкалар;
- құстармен таныстыру: сауысқан, торғай, көгершін, үйрек, қаздар, әтеш және т.с.с.;
- адамдардың қимылы, қозғалысы бар суреттерді көрсетуді үйрету: «Аға қай жерді кітап оқып отыр, көрсетші?», «Бала қай жерде шана теуіп жүр, көрсетші?» және т.с.с.
- Серуенде қозғалыстар және ойын әрекеттерін дамытуды жалғастыру: қыста қармен ойнау, жазда құмды қайта сеуіп, одан бір нәрсе қалау және т.с.с.
3) Сандық көзқарастар қалыптастыру:
- еліктеу, үлгі бойынша 1, 2 затты топтың ішінен бөліп алуды үйрету, 1, 2 заттың санын саусақтардың санымен сәйкестендіру - «неше?» сұрағына жауап беру;
- дене және беттің бір және жұпты бөлшектерін көрсету (бір мұрын, бір ауыз, екі аяқ, екі қол, екі көз);
- 2-3 шеңберінде санау операцияларын орындауды үйрету;
- әртүрлі анализаторлармен қабылданған көпше сандарды қайта санаусыз сәйкестендіруді үйрету (мысалы, үстелде неше матрешка болса, сонша рет қол шапалақтау қажет екендігін үйрету, әрбір заттың алдында бір рет шапалақтауды үйрету).
Тілдің дамуы.
1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:
- еріндерін күлімсіреп созу, оларды созу, ауызын кеңінен ашу және тістерін көрсету және т.б.;
- аузында тілін белгілі қалыпты қимылсыз ұстап тұру (5 дейін санау), «кесе» жасау, тілмен ернін сағат тілі және оған қарсы жалау және т.б.;
- ауа жолын дамыту: жеңіл заттарға үрлеу-мата, шариктер, көбелектер және т.с.с.
2) Айтылған сөздің мағынасын түсінуді дамыту
- Сөздік нұсқау бойынша әрекеттерді орындауды үйрету: « Тәтең қайда, көрсет? Ол міне! Тәтеңнің көздері қайда? Міне олар!, Тәтеңнің қолдары қайда? Міне олар!».
- 1-2-3 әрекеттен тұратын сөздік нұсқау бойынша тапсырмаларды орындау: Машинаны ал. Машинаны алып, Ваняға бер.
- Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастардан тұрады тапсырмаларды сөздік нұсқау бойынша орындау: үстінде, астында, үшін. Мысалы: Машинаны столдың үстіне қой. Қуыршақты тауып ал, ол шкафта және т.с.с.
- Ересектің артынан қарапайым дыбыстарды, буындарды және сөздерді қайталау.
- Әртүрлі сөздердің буындық құрамын дарадан күрделіге қарай нақтылау, жаттығуды ойын әрекеттерімен орындау, шапалақтау, балғамен тықылдату.
- Буындар және сөздерді айтылуы бойынша жекелендіру, тірі және жансыз табиғат дыбыстарын тыңдау, дыбысқа еліктеу арқылы өлең айту, көңілді, тыныштандыратын өлеңдер; балаға және ойыншықтарға қарап тақпақ айту, тақпақ және өлеңдерде жетпей тұрған буындар және сөздерді айтуға ынталандыру (мысалы, қуыршақты еденге түсіріп алды).
3) Белсенді сөздік қордың қалыптасуы
- Бетке артикуляциялық массаж жасау (саусақтармен, ысқышпен).
- Ерін қимылдарына еліктеуді үйрету «по-пу-пы», «мо-мы», «то-ты-ту», «до-ды».
- Күлімсіреу- трубка жасау (еліктей отырып қайталау), тілін тығып қою - ол міне, тіл жоқ, тілмен тықылдату.
- Дыбысқа еліктеуге және сөзді айтуға үйрету (балада сурет, немесе ойыншық болады).
- Айтылған бір буындарды бекіту: «Да-да-да! Ба-ба-ба! Ма-ма-ма! Па-па-па-па!».
- Айтылған дыбысқа еліктеулерді бекіту «гав-гав, му-му, мяу-мяу, пи-пи» және т.с.с.
- Дара сөздерді айтуға үйрету: Маша, Даша, Петя, Аня, тұр, қағып ал, әне, міне, өлең айт.
- Өз қажеттіліктерін нақты жағдайда бір сөзбен айтуға үйрету «Апай, бер!», «Ана, серуендеуге барайық», «Жүр, ұйықтайық».
- Тілге зат есімдер, етістік, сын есімдерді қосу арқылы сөздік қорын байыту.
- Заттар мен суреттерді көрсету кезінде ересектердің қарапайым сұрақтарына жауап беруге үйрету: «Бұл не? - бұл үй, Мынау не? - бұл стол және т.б.
- Иллюстрацияға сүйене отырып, таныс ертегілерді ересек адаммен бірлесе отырып айтуға үйрету: «Кім мяу деді?», «Бауырсақ», «Үш аю» және т.б.
- Баланы өз бетінше сұрақ қоюға итермелеу: Апай, бұл не ? Сенің сөмкеңде не бар ?