Бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдарын талдау.

Информатика сабағын тартымды да мағыналы етіп өткізу үшін мұғалім сабақта қолданылатын оқу құрал - жабдықтардың қызметі мен атқаратын функциясын толық меңгеріп, оның не үшін керектігін ажыратып, қажет жағдайда қолдана алатындай дәрежеде болғаны дұрыс. Енді осы айтылған оқу құрал жабдықтарға толығырақ сипаттама берелік:

1. Қабырғалық кесте - оқу құралының дәстүрлі түрі. Оны дидактикалық функциясына қарай информатиканы оқытуда шартты түрде анықтамалықжәне жұмысшы деп бөлуге болады.

а) анықтамалық кесте оқушылар жұмыс істеу барысында еске сақтайтын формулалар, сондай-ақ есте сақтауды қажет етпейтін, бірақ оқушылармен жаппай жұмыс істеуге қолданылатын материалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға кестені дұрыс пайдалана алуды үйретуі тиіс. Ол кестенің қанша уақыт ілінетіндігін мұғалім өзі шешеді.

ә) жұмысшы кестелер саны көп (көлемі үлкен) есептерді жаппай шешуді ұйымдастыру кезінде қолданылады. Кейбір кестелердің бір бөлігі анықтамалық, ал екінші жағы жұмысшы болуы мүмкін. Мұғалім жұмысшы кестені пайдалана отырып, сабақ өту барысында қосымша тапсырмалар да құрастырады. Жұмысшы кесте - жаттығулар топтамасын орындауға мүмкіндік беріп, уақыт үнемдейді. Нәтижеде білімді көтеруге септігін тигізеді. Бірақ, кестені әр сабаққа арнап жасаудың да қажеті жоқ, себебі кесте неғұрлым көп болса, оны сақтау және керектісін таңдап алу қиын соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда диафильмдер мен диапозитивтер қолдануға тура келеді.

2. Транспарант – графопроектор көмегімен экранға проекциялауға арналған, типографикалық және фотографиялық тәсілмен орындалған, сондай-ақ бір немесе бірнеше таспаға фломастермен дайындалған объект. Мысалы, геометриялық фигураны таспаға фломастермен салып, оның проекциясын түсіруге болады. Диапроекторлардың “Этюд”, “Свет-4”, “Экран” және т.б. түрлері кең қолданылады.

3. Графопроектор – сабақ өтуде жиі қолданылатын демонстрациялық техникалық құралдың бір түрі. Қазіргі кезде оның “Код-1”, “Лех-3”(ПХР), “Полилюкс” (ГДР) және “Лектор-2000” т.б. түрлері жиі пайдаланылады. Графопроектор диапроекциялық құрылғыға жатады. Экранға қағаздағы жазылған объект тура (төңкерілмей) түсіріледі.

4. Эпидипроектор – экранда өлшемі 50х50мм, 85х85 мм, 85х105 мм және 90х120 мм, 150х150 мм объектілерді алуға мүмкіндік береді. Оның “ЭПД-1”, “ЭПД-455” және “ЭП-1” түрлері кездеседі.

5. Киноэкран – диапозитив, диафильм кадрлері, кинофильм және т.б. оқу құралындағы бейнені проекциялауға арналған жазық бет.

6. Магнитофон – магнитті таспаға дыбысты жазу және дыбысты шығаруға арналған құрылғы.

7. Кинопроекция – белгілі бір жиіліктегі тізбектес фильм кадрларының тез кезектесіп ауысып тұратын экранда үлкейтілген бейнесін алу үрдісін айтады. Кинопроектордың “Русь” және “Волна” түрлері баршылық.

8. Теледидар – қозғалатын бейнелер қозғалмайтын объектілерді радиотолқын немесе толқын желілері арқылы электр сигналдар көмегімен қашыққа тарату (видеомагнитофонды қолдану).

9. Диафильм (грекше – арқылы және латынша - таспа) деп бір-бірімен сюжетті байланысқан, бір таспада орындалған позитивті бейнеленген фотографиялық жүйелерді айтады.

10. Диапозитив (грекше – арқылы және латынша – “оң”) деп позитивті фотобейнені айтады. Соңғы жылдары информатиканы оқытуда бұлар кең түрде қолданылған. Кезінде информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлер көптеген көрнекі құралдар дайындаған еді. Диафильм мен диапозитивтің қажеттілігі мұғалімге материалды, суретті, сызбаны және мәтінді т.б. алдын-ала қолдануға дайындап қоюдан туды [3].

11. Компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы. Кез-келген ЭЕМ негізгі үш бөлімнен тұрады.

1) Монитор – ақпаратты бейнелейтін құрылғы, сондай-ақ экранда кескіндерді, геометриялық фигураларды көрнекті түрде бейнелеп, кей кезде өз осінен айналдырып, әртүрлі жағдайларға келтіріп көрсетуге болады;

2) Жүйелік блок – компютер жұмысын басқаратын құрылғы және ақпаратты сақтауға арналған, қажет кезде пайдалана беруге болады;

3) Пернелік тақта – ақпаратты енгізуге арналған құрылғы;

Оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқу құралының өзіне тән дидактикалық функциясы, мүмкіндіктері, өзінің педагогикалық және техникалық қолдану шекаралары бар болғандықтан, оқу құрал жабдықтарын қолданудың тиімді жолы оларды кешендік түрде қолдану болып отыр. Мысалы, мұғалім сабақты магнитофон көмегімен информатикалық диктанттан бастап, кино үзінді көрсетуі мүмкін.Содан кейін жаңа материалды баяндауды диафильмді көрсете отырып түсіндіреді, сабақты бекітуде диапозитивті қолданды. Енді оқушыларға баспа негізді дәптерде тапсырмалар мен жаттығуларды орындатып, өзіндік жұмыс істеуі үшін кеспе таратып берсін. Содан кейін ЭВМ-ді қолданады. Компьютердң сабақта орнымен, әрі уақытымен көрнекі құрал ретінде қолдану кезінде оқу танымдық үрдіс тиімділігін арттырары даусыз.

Ендеше жаңа қоғамға, жаңа технологияға, техникаға тез бейімделгіш адамды дайындау, оқыту әдісін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру болып табылады. Кейде көптеген мұғалімдер мен әдіскерлерге компьютер жаңа құрал болып көрінетіндігі белгілі. Біз мұнда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың жалпы мәселелерін, оның экрандық, дидактикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді басты назарда ұстадық. Информатиканы оқытуда компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет-ақ. Мұндай әдістемелік құралдарды дайындау көптеген мектеп информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлердің және ғылыми қызметкерлердің әлі де болса көп уақыт бірлесіп жұмыс істеуін керек етеді.

Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі.

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі

Жуырда кезекті мәселе болып оқушылардың «компьютерлік сауаттылығы» саналады, ал қазір оқушының «ақпараттық мәдениетін» қалыптастыру туралы сөз шығарып жатыр. Жетекші мамандар бұл ұғымдарға әр түрлі анықтама береді, дәлірек айтсақ оқушының білімін әр түрлі толықтырып отырады. Бастауыш сыныптарға келетін болсақ, менің ойымша, компьютерлік сауаттылық негіздерін оқыту туралы айтқан жөн болады.

Бастауыш мектепте информатика пәнінің пропедевтикалық курсының негізгі мақсаттарын қысқаша былай көрсетуге болады:

- компьютерлік сауаттылық бастамасын қалыптастыру;

- логикалық ойлауды дамыту;

- тапсырмаларды нәтижесіне жету үшін жүйелік әдістемені және алгоритмдік дағдыларды дамыту;

- қарапайым компьютерлік дағдыларды қалыптастыру (компьютермен, ақпараттық технологиялар ортасындағы қарапайым ұғымдармен танысу ).

Бастауыш мектепте барлық оқыту үрдісінде қалыптасқан компьютерлік сауаттылықтың мәнін анықтаған кезде Информатика пәнімен ғана шектелуге болмайды екенін түсінген жөн. Керісінше, бұл мәселені барлық мектеп пәндерін, сыныптан тыс жұмыстарын қосып ата-аналар көмегін барынша көп қатыстырып шешу керек.

Информатиканы жаппай оқыту бастамасында алгоритмдер негізі жоғарғы сыныптарда қалыптасты. Қазіргі уақытта ойлаудың алгоритмдік стилін қалыптастыруға бағытталған жұмысты бастауыш сыныптарда бастаған лайықты екені көрінеді, себебі, жоғарғы сынып оқушыларында ойлау стилі қалыптасқан, демек, жаңа ойлау формасын үйрену оларға қиынға түседі.

Баланың болашақтағы оқуының және өмірінің дамуына әсер ететін рефлексия сияқты психикалық үрдіс төменгі оқушы жасына ең қолайлы болып келеді, оның ішкі іс-әрекет жоспары алгоритмдік ойлау стилінің қалыптасуының негізі болады. Егер де біз бұл уақыт аралығын жіберіп алсақ, онда ересек жасында бұл сапаларды дамыту қиынға түседі, ал кейбір кезде мүмкін де емес.

Мектептегі информатика курсының мазмұнын 2 диалектикалық қарама-қайшылықта болатын негізгі факторға болуге болады.

1) Ғылымилығы және тәжрибелігі. Информатика оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымынан шығу керек (демек, қазіргі кездегі ғылымның жағдайына қайшы болмау керек); пән оқылып өткен соң оқушыларда фундаментальді білім болу керек, ол оқушыларды әр түрлі сферадағы кәсіби іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ету керек.

2) Қолайлы және жалпы білім берілуі. Оқу пәніндегі мағлұмат оқушылардың көбіне ұғынықты болу керек, ақыл-ойының даму деңгейіне, бар біліміне, біліктілігіне, дағдысына сай болу керек. Осыдан басқа информатика курсының мазмұнының құрамына информатика ғылымының бөлімдерінен сәйкес келетін жалпы мағыналы, жалпы мәдениетті, жалпы білім беретін мағлұматтар кіру керек.

Басқаша айтқанда, мектептегі информатика курсы бір жағынан қазіргі кезге сай келіп және күрделі болып келе жатқан ғылым және тәжірибе талаптарына сай болу керек. Бұл екі талаптың қосылуы күрделі әдістемелік міндет болып табылады.

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың мазмұны барлық тақырыптарды қамтитын төрт негізгі бағыт аумағында қалыптасты:

1) Көзқарастық (кілтті сөз – ақпарат). Мұнда ақпарат және ақпарат үрдістері ұғымдары қарастырылады (өңдеу, сақтау және ақпаратты беру). Нәтижесінде оқушыларда өмірдің ақпараттық мәні қалыптасу керек, ақпараттық үрдісін танып және талдай білу керек.

2) Тәжірибелік (кілтті сөз – компьютер). Мұнда компьютер туралы ұғым дербес компьютерлік машина ретінде қалыптасады, ЭЕТ әр түрлі қолданулы қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.

3) Алгоритмдік (кілттік сөз – алгоритм, орындалу, бағдарлама). Мұнда алгоритм ұғымы, алгоритмді және алгоритмдік есептерді сабаққа қолдану қарастырылады. Нәтижесінде алгоритм, оны жазу және орындау түрлері туралы түсінік қалыптасады.

4) Зерттеу (кілттік сөз – шығармашылық). Мазмұны мен әдістемесі шығармашылық, зерттеу сапаларының қалыптасуына мақсатталған.

Орта мектепте барлық пәндерден оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру негізгі форма және әдіс болып саналады. Мектептегі сабақ оқытудың сынып-сабақ жүйесінің негізін құрайды, оның сипатталу белгісі болып:

- оқушылардың оқу тобының тұрақты құрамы;

- әр сыныпта рқытудың мазмұнын анықтау;

- оқушылар жұмысының жеке және ұжымдық формаларын үйлестіру;

- мұғалімнің жетекші рөлі;

- оқушылардың білімін жүйелік тексеру және бағалау.

Оқу үрдісінің сынып-сабақ жүйесі, атақты чех педагогі Я.А. Каменскийден (1592-1670) шыққан, мектептегі құрылымдық ұйымдастырудың негізі болады. Бар тәжірибеге қарағанда ЭЕТН курсын өткізгеннен кейін информатика негіздерін оқыту курсы дидактикалық тәжрибені мұрағат етеді.

Олар – сабақ жүйесі, үй жұмысы, зертханалық жұмыс, бақылау жұмыстары және тағы басқалар. Осының барлығы информатика сабағында да қолданылады.

Бірнеше жыл бұрын педагогтардың негізгі күші, бастауыш сыныптар үшін де бағдарламаны, кітаптарды және оқыту – әдістемелік құралдарды құруға бағытталды, ал бүгінгі күнде оқытудың ұйымдастыру формасына және құралдардың өзгеруіне көп көңіл бөлінеді. Оқыту үрдісіне компьютерді көп қолдануына және компьютермен жұмыс істеудің жағымсыз салдарын өтеуіне байланысты төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесін дайындау туралы сұрақ өте өзекті.

Төменгі сыныпта қолданылатын оқытудың әдістері мен формалары 1-4-сынып оқушылардың психикалық, физикалық және ақыл-ойын дамытатын негіздерін ескеріп отыру керек.

Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:

- диалог;

- ойын әдістемелері;

- ақпараттық минуттар;

- эвристикалық әдістер.

Халықтық әлеуметтік құрамын және сәйкесінше әлеуметтік аймақтық ақпараттану деңгейін ескере отырып нәтижелі оқытудың құрылу қажеттілігі ақпараттық минутка сияқты оқыту формасын тудырады. Психикалық қаынастың даму қажеттілігі сабаққа диалог сияқты оқыту формасын енгізеді: «оқушы-оқушы», «оқушы-оқытушы».

Әр білім жемісті қалыптасу үшін бұл ең біріншіден оқушылардың бұл білімді алу ынтасына байланысты. Оқу үрдісінің қалыптасуы оқу формасымен тікелей байланысты.

Психологияда оқыту мативі екі жолда дамиды екені дәлелденген:

- оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы;

- оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.

Жұмыстың топтық формасын қолдану өтіліп жатқан пәнге қызығушылықты арттырады екені психологиялық әдебиеттерде көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда ұйымдастыру лайықты, демек, топтың қалыптасуы дәлелдік үрдісте құрылу керек: егер пәнге бейтарап қарайтын балаларды пәнді жақсы көретін балалармен біріктірсе, біріккен жұмыс нәтижесінде біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бастауыш сыныптарда балаларды топқа бөлген кезде балалардың топ құрылысына деген тілегін ескеру керек. Бұл жаста «жақсы», «мейірімді», «күшті»сипаттамалары бала ойында «пәнді біледі», «өте жақсы оқиды», «ұқыпты» дегенмен салыстырады.

Оқыту құралдар жүйесінің құрамына кітап, оқу және әдістемелік мағлұматтар, компьютерге арналған бағдарламалық қамсыздандырумен қатар компьютердің өзі де кіреді, ол мұғалім қойған оқу мақсатына жету үщін комплексті ортаны құрайды.

Бағдарламалық қамсыздандыру информатиканы оқыту құралдар жүйесінің айрақша компонетасы болып келеді, ал оған минимальды керек терім ретінде КЕТ құрамды бөлігі болу керек. Педагогикалық-эргономикалық шартқа сәйкес информатика кабинетінде қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру (ПҚ) төменде көрсетілгендей болу керек:

- Жүйелік ПҚ (операциондық жүйе, операциондық қабықшалар, жүйелік ПҚ, резерфті көшіру және ақпаратты қалпына келтірудің антивирустік ортасы және т.б.);

- Базалық ақпараттық технологияны ПҚ (мәтіндік редактор, электрондық кестелер, МҚБЖ, компьютерлік графика жүйесі және компьютерлік презинтацияларды дайындау жүйесі және т.б.);

- Жалпыға арналған құралдарды ПҚ;

- Оқуға арналған ПҚ.

Оқушылардың ЭЕТ үздіксіз жұмыс істеу уақыты келесіден аспау керек:

- бірінші сынып оқушыларына (алты жаста)-10 мин;

- екі-бес сынып оқушыларына – 15 мин;

- алты-жеті сынып оқушыларына – 20 мин;

- сегіз-тоғыз сынып оқушыларына – 25 мин;

- 10-11 сынып оқушыларына – 30 мин;

Бірінші тарауда көрсетілген ЭЕТ жұмыс істегеннен кейін көзге арналған жаттығулар өткізілуі керек, ал әр сабақтан кейін үзіліс кезінде физикалық жаттығулар орындалу керек.

Бастауыш мектепте қолданылатын оқытудың әдістері мен формалары бірінші-төртінші сынып оқушыларының психикалық, физикалық және ақыл-ойының дамуын әрқашанда ескеріп отыру керек.

Наши рекомендации