Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.

Информатиканы оқыту үрдісінде математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулу, дене шынықтыру пәндерімен пәнаралық байланыстар орындалады.

Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күштілігінен көрінеді. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары алгоритм, функция, тағы басқада математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.

Информатиканың физика, химия пәндеріне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (латын тілінен exspermentum-тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар секілді қарастырылады. Оның жан-жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге байланысты әдістерді физика пәнінде алып қолдануға болады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқана басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
• Жалпы теориялыьқ білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтықерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.

Тұжырымдама.

Тұжырымдама

• Тұжырымдама-(лат.coneptio-тікелей байланыстырушы немесе қисынды аңдай) олардың көмегімен адам ойы кез-келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы (жүйесі).

• Тұжырымдар бүкіл адамзат мәдинетінің теориялық бөлімін құрайды. Мысылы жалпы жаһандану процесі және оның әртүрлі құрамдас бөліктері (экологиялық, ақпараттық, коммуникациялық, энергетикалық, жалпы мәдени, этикалық, психологиялық және т.б. Теориялық зерттеу пәніне айналды ).

22. Бастауыш мектепте Информатика пәнін оқытудың жалпы мақсаты қазіргі қоғам өмірінде информатика ғылым ретінде, оның ғылыми жүйедегі орны мен ролін ескере отырып анықталады. Жалпы мектепте сипатталатын негізгі мақсаттар информатика пәні аймағында оқушылардың білім беруіне қалай қатысты екенің қарастырамыз.

Информатика пәнін мектепте оқытудың білім беру және дамыту мақсаты ол – әрбір оқушыға информатика ғылыми бойынша, оған алмасу үрдісі туралы ұғымды, ақпаратты беру және қолдануды еңгізе отырып, негізгі алғашқы білімін беру, осының негізінде қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінде ақпараттың үрдісі қалай қалыптасқанын, сонымен қатар қазіргі қоғамның дамуында ақпараттық технологияның және есептеуіш техниканың ролін оқушыларға түсіндіру. Мектеп курсындағы информатика пәні оқушыларды базалық және іскерлікпен қамтамсыз етуге шақырады, ол алған білімді берік және түсінікті меңгері үшін және мектепте оқылатын басқа ғылыми негіздер үшін керек. Информатика пәні аймағындағы білімді меңгеру оған сәйкес келетін іскерлік пен дағдыны қабылдау сияқты келесідегідей өзіндік қасиеттерді қалыптастыруға үндейді: оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамыту, олардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.

23.Ақпараттық технологиялар курсын оқытып-үйретудің әдістемесі. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?

Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.

Екішіден,компьютерде жұмыс істеу дағдысы бармұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.

Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлықкомпакт-дискілер болуы қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі сабақ
  ақпаратты беру   оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы
  жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады   мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады
  оқушымен кері байланыс   түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.   ағымдық бақылау

Наши рекомендации