СӨж орындау бойынша Әдістемелік нҰсҚаулар
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ | Тақырыптар атауы | әдебиет- тер | Сағат саны | Қолданылатын көрнекі құрал және техникалық құралдар (қамтамасыз ету) | ||||||||||||
дәр. | сем. | СОӨЖ (ауд.)+ СОӨЖ (ауд.тыс | СӨЖ | |||||||||||||
Тіл және тіл туралы ғылым | ||||||||||||||||
1. | Тіл жəне тіл туралы ғылым. Тіл білімінің нысаны жəне пəні, ғылымдар жүйесінде алатын орны. | Н:1,2,3 Қ:2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, кестелер мультимедиялық кешен | |||||||||
2. | Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы. | Н:1,2 Қ:2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, кестелер мультимедиялық кешен | |||||||||
Фонетикалық процестер | ||||||||||||||||
3. | Фонетика. | Н:1,3 Қ:6,7 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, кестелер мультимедиялық кешен | |||||||||
4. | Фонема. Екпін және оның түрлері. Үндестік заңы. | Н:1,3 Қ:5,6 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, кестелер | |||||||||
5. | Орфография және орфоэпия. | Н:1,3 Қ:1,2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | Мультимедиялық кешен, презентациялар, кестелер | |||||||||
Лексикология және оның салалары | ||||||||||||||||
6. | Тіл білімінің лексикология саласы жəне оның қарасыратын объектісі – сөз. | Н:1,2 Қ:4,5,6 | 1 с. | 2 с. | 1с.+3с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
7. | Тілдің сөздік құрамы. Фразеология. | Н:1,2,3 Қ:2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+3с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
Грамматика және оның салалары | ||||||||||||||||
8. | Лексикография . | Н:1,2 Қ:2,3,5 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
9. | Тілдің грамматика саласы. | Н:1,2 Қ:2,3,5 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
Грамматикалық мағына берудің тəсілдері мен амалдары. | Н:1,2 Қ:2,3,5 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | ||||||||||
11. | Грамматикалық категория. Сөз таптары. | Н:1,2,3 Қ:2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
12. | Синтаксис мәселелері. | Н:1,2 Қ:1,2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
13. | Жазу және оның даму кезеңдері. | Н:1,3 Қ:1,2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
14. | Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. | Н:1,4 Қ:1,2,3 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
15. | Тілдердің генеалогиялық классификациясы 1. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы. 2. Тілдік туыстық. | Н:1,2 Қ:14,21,35 | 1 с. | 2 с. | 1с.+2с. | 3с. | презентациялар, мультимедиялық кешен кестелер | |||||||||
Барлығы: | ||||||||||||||||
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Дәріс сабақтары
Апта | Тақырыбы | Мазмұны |
1. | Тіл жəне тіл туралы ғылым. Тіл білімінің нысаны жəне пəні, ғылымдар жүйесінде алатын орны. | Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мəселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі — жалпы адам баласы тілінің шығуы, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің) шығуы туралы мəселе. Бұл екі мəселені бір-бірімен шатастырмаған жөн. Адамзат тілінің шығуы сонау көне заманға, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы кейінгі дəуірлерде болған нəрсе. |
2. | Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы. | Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мəселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы"(1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған жəне оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған. |
3. | Фонетика. | Фонетика (грекше phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетика – зерттейтiн объектiсi жағынан қарастыратын мәселесi жағынан да тiл бiлiмiнiң басқа бөлiмдерiнен ерекшеленiп тұрады. |
4. | Фонема. Екпін және оның түрлері. Үндестік заңы. | Фонема – тіл дыбыстарының мағына айқындайтын кезеңін қарастырады десек, тіл дыбыстары мағына айқындау жағынан дауыстылар біріне – бірі (жуанды – жіңішкелі болып) қарама – қарсы қойылады. Олай болса, ғалым І.Кеңесбаев фонология заңдылықтарын тап басып, тани білген. |
5. | Графика. Орфография және орфоэпия. | Қазақ тiлiнде графика, орфография және орфоэпия мәселелерi аз зерттелген. Соның кγрделiсi -- графика. Графиканың негiзгi зерттейтiн мәселесi тiлдiң алфавитiндегi әрiптердiң құрамы болып табылады. Тiл дыбыстары жазуда графикалық таңба әрiптермен бөлiнедi. Сөз құрамында айтылатын тiл дыбыстарының жазба тiлде қағаз бетiне тγсiп жазылуы және оған орай оқылу γшiн олардың белгiлi бiр тiлдегi фонемаларды және олардың тiркесiп белгiлеу тәсiлдерiнiң жиынтығы дегендi бiлдiредi. |
6. | Тіл білімінің лексикология саласы жəне оның қарасыратын объектісі – сөз. | Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері (тұрақтылығы, сөзжасамға негіз болатындығы, жалпыхалықтығы), сөздік құрамда алатын орны, сөздік құраммен арақатынасы, бір – біріне ауысып отыратындығы. Сөздік құрамның зерттелу жайы.Сөздік құрамның тарихи арналары. |
7. | Тілдің сөздік құрамы. Фразеология. | Қазақ тілі сөздік құрамының актив жəне пассив қабаттары. Актив қабатқа – күнделікті жиі қолдланатын дағдылы сөздер, пассив қабатқа – көнерген сөздер, кең тарамаған неологизмдер, диалектизмдер, кəсіби сөздер, жеке мамандықтарға тəн термин сөздердің жататындығы. Сөздердің актив, пассив қабаттарға бөлінуінің шарттылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер. |
8. | Лексикография . | Бұл — гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын); деген сөздерінен алынып біріктіріліп, тіл ғылымында бір тілдің сөз байлығын, тілдеп бар, қолданылып жүрген сөздерді жинастырып, жүйеге келтіріп, сөздік етіп бастырып шығару деген грамматикалық термин ретінде қолданылады. |
9. | Тілдің грамматика саласы. | Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен синтаксис арқылы іске асады. Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас -грамматикалық қатынас. |
10. | Грамматикалық мағына берудің тəсілдері мен амалдары. | Грамматикалық мағыналар тіл-тілде əр түрлі грамматикалық тəсілдер арқылы беріледі. Ол тəсілдер мыналар: 1) аффиксация тəсілі, 2) ішкі флексия тəсілі, 3) қосарлану тəсілі, 4) көмекші сөздер тəсілі 5)сөздердің орын тəртібі тəсілі, 6) екпін тəсілі, 7) интонация тəсілі. |
11. | Грамматикалық категория. Сөз таптары. | Грамматикалық категория грамматикалық мағынамен, грамматикалық формамен тығыз байланысты. Өйткені, біріншіден, мағына грамматикалық категорияның элементі ретінде өмір сүреді, соның кұрамына кіреді. Екіншіден, қандай да бір граммакалық категория болсын, ол кемінде екі түрлі формада көрінуі мүмкін. Мысалы, бір ғана септіктің формасы өздігінен септік формасын кұрай алмайды. |
12. | Синтаксис мәселелері. | Синтаксис – гректің құрау, біріктіру деген мағынаны білдіретін сөз. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Синтаксистің негізгі объектісі – сөйлем. Сөйлемнің біршама аяқталған ойды білдіретіндігі, өзара байланысты екі не онан да көп сөздерден және сөз тіркесінен құралатындығы анықталады. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі. |
13. | Жазу және оның даму кезеңдері. | Жазудың өмірде атқаратын рөлі зор. Оның да шығу, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ал ауызекі сөйлеу тілі туралы мұны айта алмайсың. Өйткені сөйлесу жүзбе-жүз кездескенде ғана болатын нəрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та "сөйлесе" беруге болады. Жазусыз мəдениет атаулыны, өркениет атаулыны көзге елестету қиын. |
14. | Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. | Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі тұрлі мәселені бір-бірімен ажыратып алу керек. Бірі — жалпы адам баласы тілінің шығуы, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің) шығуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір-бірімен шатастырмаған жөн. Адамзат тілінің шығуы сонау көне заманға, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы кейінгі дәуірлерде болған нәрсе. |
15. | Тілдердің генеалогиялық классификациясы 1. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы. 2. Тілдік туыстық. | Дүние жүзінде шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дəрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері. Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екшшісі -шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. |
Семинар сабақтары
Апта | Тақырыбы | Мазмұны |
1. | Тіл жəне тіл туралы ғылым. Тіл білімінің нысаны жəне пəні, ғылымдар жүйесінде алатын орны. | 1. Тілдің шығуы мен дамуы туралы əр түрлі көзқарастар 2. Тілдің қызметі мен қоғамдық мəні. 3. Тіл білімі, түрлері жəне оның салалары. 4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы (əдебиет, тарих, жағырапия, логика, психология, медицина, физиология, философия, кибернетика, т.б.) |
2. | Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы. | 1. Тілдің таңбалық сипаты. 2. Тілдің құрылымдық жəне жүйелілік қасиеттері. 3. Синхрония мен диахрония. |
3. | Фонетика. | 1.Фонетика жəне оның салалары (жеке жəне жалпы, теориялық, практикалық, эксперименталдық). 2.Дыбыстау мүшелері жəне олардың қызметі. 3.Тіл дыбыстары, олардың түрлері (дауысты, дауыссыз, дифтонгтар, дифтонгоидтар). 4. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық тұрғыдан мінездемесі. |
4. | Фонема. Екпін және оның түрлері. Үндестік заңы. | 1. Фонема. 2. Екпін және оның түрлері. 3. Үндестік заңы, түрлері. 4. Фонетикалық заңдылықтар. |
5. | Графика. Орфография және орфоэпия. | 1. Графика 2. Орфография 3. Орфоэпия |
6. | Тіл білімінің лексикология саласы жəне оның қарасыратын объектісі – сөз. | 1.Лексикологияның салалары. 2.Сөз, оған тəн белгілер. 3.Сөздің лексикалық мағыналарының типтері (номинативті, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты). 4.Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тəсілдері. 5.Табу сөздер мен эвфемизмдер, десфемизм. |
7. | Тілдің сөздік құрамы. Фразеология. | 1.Сөздік қор мен сөздік құрам, оның толығуы мен дамуы. 2.Кірме сөздер, олардың ену жолдары. 3.Арнаулы лексика. Термин жəне терминология. 4.Диалект сөздер. 5. Фразеологиялық оралым және оған тән белгілер. |
8. | Лексикография . |
|
9. | Тілдің грамматика саласы. | 1. Грамматика жəне оның салалары. 2. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері (морфема, сөз формасы, сөз тіркесі жəне сөйлем) 3. Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі. |
10. | Грамматикалық мағына берудің тəсілдері мен амалдары. | 1.Аффикасация тəсілдері. 2.Ішкі флексия тəсілі. 3.Қосарлану тəсілі. 4.Бірігу тəсілі. 5.Көмекші сөздер тəсілі. 6.Сөздердің орын тəртібі. 7.Екпін жəне интонация тəсілдері. |
11. | Грамматикалық категория. Сөз таптары. | 1.Грамматикалық категориялар туралы түсінік. 2.Грамматикалық категориялардың түрлері. 3.Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы. |
12. | Синтаксис мәселелері. | 1.Синтаксис туралы жалпы түсінік 2.Синтаксистің салалары 3.Сөз тіркестері, байланысу формалары, байланысу тәсілдері. 4.Сөйлем, оның түрлері. 5.Синтаксис жүйесіндегі зерттеу әдістері |
13. | Жазу және оның даму кезеңдері. | 1.Жазу жəне жазба тілі. 2.Жазудың шығуы жəне оның даму кезеңдері. |
14. | Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. |
|
15. | Тілдердің генеалогиялық классификациясы 1. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы. 2. Тілдік туыстық. | 1.Əлем тілдері жəне оларды топтастыру. 2.Тілдердің генеологиялық топтастырылулары (флективті, агглюнативті, полисинтетикалық, даралаушы типтер). |
СОӨЖ ТАПСЫРМАСЫ
аптасы | тақырыбы | әдебиеттер | Тапсырма мазмұны |
1. | Тілдің шығу тарихы. Тілдің шығуы туралы əр түрлі теориялар | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3,4 | Конспект жазу. |
2. | 1. Тіл–ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. 2.Тіл – ойды жарыққа шығару құралы. 3.Тіл функциялары (қызметтері). | Н: 1,2,4,5,8 Қ:5,6 | Реферат жазу. |
3. | 1.Жазу таңбалары жəне олардың түрлері. 2.Жазу типтері. 3.Қазіргі əлемдегі алфавиттік жазу түрлері. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3,4 | Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін саралаған ғалымдардың ой-пікірлері рефераттар |
4. | 1.Орфоэпиялық норма. 2.Айтылу нормасының бұзылуы. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3,4 | Реферат |
5. | 1.Сөздің лексикалық мағыналарының түрлері (омомним,синоним, антоним) жасалу жолдары 2.Сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы. 3.Көпмағыналы сөздер. | Н:1,2,4,5,8 Қ:1,2 | Баяндама |
6. | 1.Тілдегі сөз типтері (мəнді сөздер, есімдіктер, сан есімдер, көмекші сөздер, одағай сөздер). 2.Омоним мен полисемияның айырмашылығы. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:1,2,4 | Баяндама |
7. | 1. Актив жəне пассив лексика. 2. Бейтарап лексика. 3. Кітаби лексика. 4. Əдеби тіл лексикасы жəне диалектілік лексика. | Н:1,3 Қ:4 | Реферат |
8. | 1.Лексикография. 2.Сөздіктердің типтері мен түрлері. 3.Түркі халықтарына ортақ сөздер. 4.Академиялық, энциклопедиялық сөздіктер. 5.Түсіндірме сөздіктер. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:4 | Баяндама |
9. | 1.Лексикалық жəне грамматикалық мағыналардың арақатысы. 2.Деривациялық жəне реляциялық мағына. 3.Өзге тілдердегі аффикстердің түрлері. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:4,5,2 | Реферат |
10. | Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтактистік тұтастықтары. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3 | Баяндама |
11. | Етістікке тəн категориялар: жақ, шақ, рай, етіс. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3 | Реферат |
12. | 1.Сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы: субстантивтену, адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану, вербалдану. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3 | Баяндама |
13. | Сөздердің байланысу тəсілдері. | Н: 1,2,4,5,8 Қ:2,3 | Реферат |
14. | Сөйлемнің хабарлау мақсатына қарай түрлері: хабарлы, лепті, сұраулы. | Н:1,2,3 Қ:1,2 | Баяндама |
15. | Тілдерді зерттеудің салыстырмалы əдісі: а) Тілдерді генеологиялық жағынан топтастыруда салыстырмалы – тарихи əдістің алатын орны. ə) Тілдерді типологиялық жағынан топтастыруда салыстырмалы –типологиялық əдістің алатын орны. | Н:1,2 Қ:7,2,5 | Реферат |
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Бекітемін»
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі
----------------------- Қанапина С.Ғ.
«21» маусым 2016 ж. №10 хаттама
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
СӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Мамандық: 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
5В011200 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Қайта бекітілгені туралы мәлімет
№ | Оқу жылы | Нұсқаулықтағы өзгерістер туралы мәліметтер | Қайта бекіту туралы кафедра отырысының күні мен хаттамасының № | Кафедра меңгерушісінің қолы |
СӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру үшін пән бойынша СӨЖ жұмыстары жүргізіледі, бұл жұмыс түрі алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді.
Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.
Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Оның тапсырмалары топтық немесе жеке түрде беріледі. Нәтижесі презентациялық жоба қорғау, пікірталас, ауызша сұрақ-жауап, шығарманы ауызша немесе жазбаша түрде талдау түрінде тексеріледі.
Студенттерге пән бойынша әр түрлі тақырыптарға байланысты арнаулы өзіндік жұмыстар тапсырылады. Ол мәселелерге жазбаша түрде қажетті талдау жасалып, теориялық тұрғыда дәлелдемелер бергізуге студенттерді дағдыландырады. Белгілі бір теориялық материалды толық меңгерту мақсатында оқытушы ғылыми еңбектерге талдау жасатады. Бұл ретте студент өзіне берілген тапсырмаға сәйкес ғылыми еңбекке шолу жасап, қажетті мағлұматтармен танысқаннан кейін ұсынылған тақырып жайында қысқаша түсінік жазып, реферат тапсырады немесе ауызша пікір алмасады.
Пән бойынша көп істелінетін өздік жұмыстың бір түрі - көркем шығарма компоненттеріне талдау жасау, яғни туындының тақырыбы мен идеясын тану, жанрлық сипатын ажырату, тіліне поэтикалық талдау жасау болып табылады. Осы жұмыстарды орындау барысында студент шығармашылық жұмыстармен де айналысуы керек.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ