Рметті Әзілхан аға!

Сіздің Құдай қосқан қосағыңыз, өмірдегі тірегіңіз аяулы Халима апамыздың қазасының артының қайырын берсін. Ешқашан да орны толмас асыл жанның алдынан жарылқасын. Бұл ауыр қайғыңызға мен де шын жүректен ортақпын. Болған іске болаттай берік бол демекші, Жаратқанның ісіне,Тағдырдың салғанына мойынұсынбасқа не шара бар?! Қайраттанып, бекініп, қасіретке көп бой алдыра бермей, сабырлы, мықты болуыңызды сұраймын.

Жақсы аты, өнегесі өлмейтін абзал жанның көрмеген қызығын, жасамаған жасын балаларыңызға, ұрпақтарыңызға берсін. Үмітпен өмір сүріп, алдағы күндерден жақсылықтар күткен игі жан жарыңыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жаннатта болсын.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ

ФАКС-ХАТ

Бішкектен.

Алматы. Әзілхан Нұршайықовтың жанұясына.

Әдебиетіміздің үлкен бәйтерегі Әзілхан аға, Әз аға, басыңызға түскен қайғыға шын жүректен шыққан көңіл айтуымды қабыл алғайсыз. Халима жеңгеміз Сіздің сүйікті жарыңыз болуы арқылы ұлтымыздың ұлағатты аналарының деңгейіне көтерілген аяулы жан еді. Газеттен бүгін ғана көрдім. Жақында Алматыға барғанда үйге кіріп шығармын.

Зайыбыңыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, пейіште нұры шалқығай. Бұдан былай жанұяңызда тек қана жақсылық салтанат құрсын деп тілеймін!

Зор құрметпен, Мұхтар ШАХАНОВ

Қазақстан Республикасының

Қырғыз Республикасындағы

төтенше және өкілетті елшісі.

ХАТ

Ардақты Әзілхан!

Жан жарың Халиманың соңғы мекеніне апарып салғандарыңды Зәуреш пен Нәргүлден естіп, мұңға батып қалдым.

Балалардың анасынан айырылып қалуы қасіретті, қайғылы ғой. Қасіретіңе көңіл айтып жеңілдеткім келіп отыр. Өз жағдайым оңалар деймін.

Өкінішті өзекті өртеген қайғыңа ортақпын. Алла жар болсын.

Халиманың жаназасына, шын көңілмен қатысты деп біл! Екі-үш күнде көрісіп қалармыз. Берік бол, бауырым!

Жаппар ағаң. (Ж.Өмірбеков)

28-шілде, 2001 ж.

ХАТ

Айналайын, Әз аға!

Суық хабарды Жәпкеңе келген Зәуреш апайдан естідім. Күтпеген күйік. Қалай көңіл айтуды да білмеймін. Көңілімді өзіңіз білесіз. Мықты бола көріңіз, ағатай. Мен де он шақты күн 2-қардиологияда жатырмын.

Бала-шағалардың қызығын ұзағырақ көре тұрыңыз.

ЕСЛӘМ. (Е. Зікібаев).

28.07.2001 ж.

ФАКС-ХАТ

480072,

Алматы қаласы,

Құрманғазы көшесі,

90 үй, пәтер 28.

Әзілхан Нұршайықовқа

Тас төбемізден мұздай су құйғандай хабар жетті.

Аса қадірлі, қимас, абзал аналардың алғы легіндегі ару жеңгеміз, Әз аға өзіңіздің сонау жан берісіп, жан алысқан қанды майданда тізе қоса бірге жүріп, Ұлы жеңісті шындатқан қадірлі қосағыңыз, бейбіт өмірде де адал дос, деніңіздің саулығына сенімді сүйеу, ел сүйсініп, құмарта оқитын том-том шығармаларыңызға тұрақты демеуші тірегіңіз болған Халима апамыз бұл пәни дүниеден өтіпті.

Құрметті Әзеке! Сізге орны толмас осынау қазаңызды қайғыра бөлісіп, шын ықыласты көңіл айтамыз.

Ардақты Халимаңыздың алды пейіш, арты кеніш болғай.

Сіздің өзіңізге жақсы денсаулық, ұзақ өмір, жемісті шығармашылық тілейміз.

Балаларыңыз бақытты болсын!

Т. ТӨРЕБЕКОВ — Жамбыл облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қаласының құрметті азаматы.

 У. ӘЛІМХОДЖАЕВ — майдангер, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Б. ЖАҢАБАЕВ — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Т. ДҮЙСЕБАЕВ — кинорежиссер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Ә. ӘМЗЕҰЛЫ — Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының бастығы.

Тараз қаласы.

31.07.2001 ж.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Қарауыл, ШҚО Алматы.

Әзілхан Нұршайықовқа.

Халиманың қазасын аза тұтудамыз жамылуда.

Сүйдім.

КӘМЕН.(К.Оразалин)

ЖЕДЕЛХАТ

Семейден. 4.08.2001 ж.

Алматы. Нұршайықовтарға.

Қымбатты Халима апамыздың қазасын Семей газетінен оқып, қатты қамықтық Иманды болсын.

Әз аға, сізге, балаларыңызға қуат, саулық тілейміз. Анамыздың жайдары бейнесі жүрегімізде.

Бауырларыңыз Клара, Медеу (Сәрсекеевтер)

ЖЕДЕЛХАТ

Семейден. 4.08.2001 ж.

Алматы. Нұршайықовтарға.

 Ардақты Әз аға! Халима апайдың дүниеден қайтқанын естіп, қайғыңызға ортақ екенімізді білдіріп отырмыз. Сіз ғана емес,

сізді қастер тұтатын барша тілеулес адамдардың қабырғасын қайыстырған қаза болды. Құдай қуат берсін дейміз.

"Абай " журналының қаламгерлері атынан

Рысхан МҰСАҰЛЫ.

ЖЕДЕЛХАТ

Семейден. 30.07.2001 ж.

Алматы. Нұршайықов Әзілхан ағаға.

Құрметті Әзілхан аға, Халимадай асыл анамыздың қазасына қатты қайғырып, көңіл айтамыз. Анамызға Алла иман байлығын берсін.

"Семей таңы" газетінің ұжымы атынан

Бас редактор Риза МОЛДАШЕВА.

ЖЕДЕЛХАТ

Семейден. 8.08.2001 ж.

Алматы. Нұршайықовқа.

Егіздің сыңарындай еркелеп ғұмыр кешкен асыл жарыңыз Халиманың бақилыққа аттанғанын естіп, қайғыңызды бөлісіп, көңіл айтамыз. Берік болыңыз. Сабырлылығыңыз тірек болсын.

Нәсен мен Раушан СЕНБАЕВТАР.

Хафиз бен Қамал MAТАЕВТАР:

ЖЕДЕЛХАТ

Талдықорғаннан. 2.08.2001 ж.

Алматы. Нұршайықов Әзілханға.

Қадірлі жеңгеміз Халиманың орны толмас қазасына қатты қайғырып, шын жүрегімізден көңіл айтамыз.

Әдемі мен Жәдігер ШАЙХИНДЕР.

Ғибадат пен Аманғали ШЕГІРОВТЕР.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Шымкенттен. 31.07.2001 ж.

Алматы. Нұршайықов Әзілханға.

Адами қасиетіңізді құдірет көрген өмірлік айнымас жан серігіңіз Халиманың қайтыс болуына байланысты көз жасымызды төгіп, қайғыра отырып, көңіл айтамыз.

Қапира мен Әсет ТІЛЕУКЕЕВТАР.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Семейден. 30.07.2001 ж.

Алматы. Нұршайықовтарға.

Қайғыңызға ортақпыз. Жеңгеміздің жаны жәннатта болсын.

ЕРСӘЛІМОВТЕР отбасы.

(Балташ ЕРСӘЛІМОВ).

ЖЕДЕЛ ХАТ

Атырау. 06.08.2001 ж.

Алматы. Нұршайықов Әзілханға.

Құрметті Әз аға! Біздің асыл апайымыз, сіздің сүйікті жұбыңыз Халиманың қайтыс болуына орай шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыңызға ортақпыз, Әз Аға, Өзіңізге Бір Алла күш, қуат берсін. Халима апайдың иманын нәсіп етсін, топырағы торқа бол сын.

Өтебай БИСЕНҒАЛИҰЛЫ.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Ақтаудан. 27.07.2001 ж.

Алматы. Нұршайықовтарға.

Аса құрметті Әз аға!

Біздер "Маңғыстау мұнай газ" мекемесінің бір топ азаматтары жазушы Нұршайықовтың романтикаға толы ғажайып кітаптарынан нәр алып өскен Ұрпақ, Сіздің басыңызға түскен ауыр қайғыға көңіл айтамыз. Осындай қазалы күндерде біздерді қасыңызда деп ойлаңыз. Анамыздың жанын жәннаттан орын бере гөр деп Аллатағалаға жалындық.

"Маңғыстаумұнайгаз " ААҚ-ның әлеуметтік мәселелер

жөніндегі бөлімінің қызметкерлері.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Ақтау. 27.07.2001 ж.

Алматы, Құрманғазы, 90, кв.28.

Нуршаиховой Жаннат Азильхановне.

Примите наши искренние соболезнования по поводу тяжелой утраты — кончины вашей мамы.

Коллектив ТОО "Мунайтелеком"

ЖЕДЕЛ ХАТ

Ақтау. 27.07.2001.

Алматы, Құрманғазы, 90, 28-пәтер.

С. Халиуллинге.

Құрметті Серік Сафиұлы!

Құрметті Жаннат Әзілханқызы!

Ананы жоғалтудан ауыр қайғы болуы мүмкін бе?! Сіздердің бастарыңызға түскен ауыр қайғыға ортақпыз. Аталарымыз қайғы бөліссе жеңілденер деген екен. Шын жүректен қайғыларыңа ортақтаса отырып, Алла-тағаладан анамыздың жайын жәннаттан бере гөр деп жалынамыз.

"Маңғыстау мұнай газдың "

әлеуметтік мәселелері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері.

ЖЕДЕЛХАТ

Ақтау. Срочная. 27.07.2001.

Алматы, Курманғазы, 90 кв.28.

Уважаемая Жаннат Азильхановна!

Уважаемый Серик Сафиевич!

Примите наши глубокие соболезнования в связи с постигшем Вас горем — безвременной кончиной Вашей метери Халимы Калиакпаровны.

Крепитесь.

На протяжении всей жизни Халима Калиакпаровна была единомышленником, соратником замечательного писателя современности Азильхана Нуршаихова, вырастила достойных детей, которыми все мы гордимся.

С Уважением, КРЫМКУЛОВ С.Е.

ГИЛЛЕРА.А.

МИРОШНИКОВ В.Я.

РАХИМБАЕВА Б. Г.

Руководство ОАО "Мангистаумунайгаз".

Ақтау, 27июля 2001 г.

ЖЕДЕЛХАТ

Ақтау. Тығыз түрде.

Алматы. Нұршайықова Жаннат Әзілхан қызына.

ЖШС "Нефтестрой" ұжымы Жаннат Әзілхан қызына және оның отбасы, ағайын-тумаларына аналары Халиманың қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

ЖШС "нефтестрой " директоры – А.А. САҒЫНДЫҚОВ.

АШЫҚ ХАТ

Алматы. Нұршайықовқа.

Қымбатты Әзілхан! Сен де қайғылысың, сенімен қоса мен де қайғылымын. Сен дүниеде теңдесі жоқ жақсы әйелден, жаныңның жартысындай болған жан жарың Халимадан айрылдың. Мен балалар үйі мен интернатта жетімдік шерін бірге тартқан, соғыс кезіндегі әскери өмірдің ауыр жүгін бірге арқалаған жан бауырым, досым, қамқоршым Халимадан айырылдым. Жан жолдасым Кәрмұхан қазасынан кейін басыма түскен ең ауыр қайғы осы болды. Қайғырдым. Жыладым. Көндім. Басқа қолымнан не келеді? Енді Сен берік бол. Халиманың қасиетті атын тарихта қалдыр.

Екеуіңнің ескі достарың Хантай ЕЛУБАЕВ.

Павлодар.

27.07.2001 ж.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Павлодар. 27.07.2001.

Алматы. Нуршаихову Азильхану.

Примите искреннее соболезнование по поводу кончины горячо любимой Вами Халимы.

САДВОКАСОВЫ.

ХАТ

Құрметті Әзілхан аға!

Сіздің сүйікті жарыңыз әрі сенімді серігіңіз Халима апаның өмірден өткендігі жөнінде 4.08.2001 ж. күнгі "Оңтүстік Қазақстан" газетінен оқып естідік.

Біз Шаяндық Шырақбай ініңіз бен қарындасыңыз Айман екеуміз қайғыңызға ортақ екенімізді білдіріп көңіл айтамыз.

Сіз кезінде жастарға тәрбиелік мәні зор бірнеше туындылар берген атақты жазушысыз.

"Ақиқат пен аңыз" атты роман диалог арқылы қазақ халқының аяулы ұлы , халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы еліміздің кешегі Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерен ерлігін дүние жүзіне паш еткен азаматысыз. Қысқасы, сіз қазақ халқына керек жансыз. Сондықтан да алдағы кезде денсаулығыңыз мықты болсын.

Қазақ халқы үшін аман жүруіңізді біз тілейміз.

Сәлеммен ініңіз Шырақбай БАЙҒОНҰЛЫ.

7.08.2001 ж.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Семейден. 27.07.2001.

Алматы. Әзілхан Нұршайықовқа.

Сен екеуміздің достығымызға тура алпыс жыл толып еді. Халима, Хантай төртеуміздің достығымыз елу төрт жылға жетіпті. Осы жарты ғасыр бойына достығымызға кір жұқтырмаған, қылау түсірмеген асыл Халима алыс сапарға аттаныпты. Хантай жылады, мен іштей егілдім. Амал не?

Енді өзің аман бол. Балалар ғұмырлы болсын.

Екеуіңнің ескі достарың

Хантай мен Мұқан Омарбаевтар.

ЖЕДЕЛХАТ

Шымкенттен. 27.07.2001 ж.

Алматы. Әзекең Нұршайықовқа.

Біздің жанымызды жалғастырып, өмірімізді жақсартып келе қатқан екі адам бар еді. Оның бірі өз қарындасыңыз, менің жарым Рәтәй болса, екіншісі биік парасатты жеңгеміз Халима апай еді.Сіз бен бізді ол екеуінен ажал айырды. Қайғырайық, бірақ қажымайық. Жылайық, бірақ, жығылмайық. Елге ес, балаларға бас болып жүре берейік.

Аман болыңыз.

Сіздің дос-іні әрі күйеу балаңыз Нұрмахан,

жиендеріңіз: Бақыт, Нұржан, Бақмағамбет, Әділ, Болат

ӘЖІМЕТОВТЕР.

ЖЕДЕЛХАТ

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төлеби ауылы.

Алматы. Нұршайықовқа.

Қадірлі Әзеке!

Баспасөзден асыл жеңгеміз Халиманың бақи болған хабарын оқып, қатты күйзелдік. Халекеңнің алды пейіш болсын. Сізге мойымас жігер, қуат тілейміз.

Шайқұл, Жұмабек ОРЫНБАЕВТАР.

ФАКС-ХАТ

Алматы, факс 69-62-13, Қазақстан Жазушылар одағы.

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа.

Қадірлі Әзеке!

Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінің басқармасы, жамбылдық қаламгерлер атынан жан жарыңыз, балаларыңыздың анасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Халима апайдың қайтыс болуына байланысты Сіздің қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтады. Мұндай кезеңде Өзіңізді берік ұстап, балаларға медеу бола біліңіз.

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,

Бахтияр ӘБДІЛДӘҰЛЫ, Елен ӘЛІМЖАН.

ЖЕДЕЛХАТ

Богень, ВКО. 06.09.2001.

Сочувствуем Вашей ничем невосполнимой боли – утраты дорогой, любимой бесценной Халимы апай. Желаем здоровья, покоя в семье.

Молдахмет, Сара АРЫСТАНХАНОВЫ.

ФАКС-ХАТ

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа.

Аса қадірлі Әзілхан аға!

Менің атыма жолдаған жеделхатыңызды және марқұм Халима апамыздың қолтаңбасы жазылған кітапты179 таптырып алдым. Сізге аса ризашылығымызды білдіре отырып, қадірлі Әзілхан аға, Деніңіздің сау болып, ғұмырлы өмір кешуіңізге тілектеспін. Халима апамыздың жаны жәннатта болсын, жасамаған жасын ұрпағына берсін.

Әрқашан Сіздің саушылығыңызды тілеп, құрметпен

"Семей таңы" газетінің Бас редакторы Р. МОЛДАШЕВА

17.08.2001 жыл.

Семей қаласы.

ЖЕДЕЛ ХАТ

Семей. 10.08.2001.

Алматы. Нұршайықовтарға.

Аса қадірлі Әзілхан аға!

Орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Апамыздың топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Аман болыңыз. Халыққа айтарыңыз мол ғой. Ұрпағыңыз аман болсын. Алдағы өмір баршаңызға махаббат, қызыққа мол жылдар әкелсін.

Ыстық ықыласпен, Mұхан Омарбаев

ағаның көршілері Мұхтарғазы ТӨЛЕУТАЕВТЫҢ жанұясы.

ЖЕДЕЛХАТ

Семейден. 27.07.2001.

Алматы. Нағашымыз Нұршайықов Әзілханға.

Халима тәтеміз қапысыз қамқоршы еді. Жұртқа жақсылық. Жасауға тырысатын. Ол кісіден айырылып қалғанымызға қатты қиналдық.

Бүгінгі кешкі пойызбен Алматыға шығамыз. Халима тәтемізге топырақ салуға тырысамыз.

Жиендерің: Майра мен Серғазы САРБАЕВТАР.

ЖЕДЕЛХАТ

Георгиевка, ШҚО.

Алматы. Нұршайықовтарға.

Айналайын, алтын тәтеміз Халима Ақбұзау ауылына түскен келіндердің ең сүйіктісі, ең өнерлісі, ең өнегелісі болған еді. Сол қалпында өмірден озды. Топырағы торқа болсын.

Сіз біздің ауылға ғана емес, бүкіл елге керексіз. Сондықтан сіз аман болыңыз. Бауырларымыз Жанар, Жаннат, Арнұр, Жаннұрлар аман болсын. Олардың тәтеміз көре алмай кеткен қызығын Сіз көріңіз.

Ініңіз Қалидолла мен келіңіз Бикен АҚТАНЕАЛИЕВТЕР.

11.08.2001.

ФАКС-ХАТ180

Алматы. Нұршайықовтар отбасына.

Біздер, мойынқұмдықтар, қазақтың қабырғалы қаламгері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың жұбайы қайтыс болуына байланысты үлкен қайғыларыңызға ортақтаса, көңіл айтамыз.

Тамаша сөз зергері, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес болып қосылған талай шырайлы шығармалардың авторы Әзекен Мойынқұм еліне қадірлі, қастерлі жан еді.

Себебі, ол үнемі біздің ауданмен тығыз байланыста болды.

Мойынқұм жеріне талай рет келіп, оның еңбекті сүйген ерлері жайында мақалалар мен очерктер жазды. Әсіресе, Әзекең ауданды ұзақ жыл басқарған Айтбай Назарбеков пен екі мәрте еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевпен достас, әрі сыйлас еді.

Үлкен жазушы, тамаша адам Әзілхан Нұршайықовтың есімі мойынқұмдықтардың есінде де ұзақ сақталады.

Мойынқұм ауданының ӘКІМШІЛІГІ.

Жамбыл облысы. 37.07.2001 ж.

Наши рекомендации