Педагогикалық іс-әрекеттің құндылықты аспектілері
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған
46.Кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияның рөлі Білім беру субъектілерінің кәсіби құ-зыреттілігіне қол жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кәсібилік – ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өзбетінше және жау-апты әрекет жасауға мүмкіндік беретін бел-гілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудиция-ның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте мін-деттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кә-сіби дайындығы және қабілеті. Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
47.Педагогикалық өзара қызметте ауызша қатынас құралдары. Педагогикалық қарым-қатынас– бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен ??? тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді.Әңгімелесу кезінде эмоционалдық қозу деңгейінің үлкен мәні бар. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді ?? жиі қолданады.Ауызша сөйлеудің екінші түрі – монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы,баяндама және т.с.с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен жүйелілікпенбаяндалуын талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т.с.с.) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары.
49.Педагог- шығармашылықпен өзін -өзі дамытушы тұлға.Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.
Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.
Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.
Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
50. Мұғалім іс - әрекетінің салдарын болжай алу. Педагогикалық іс-әрекет адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік. Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады.
52.Педагогикалық іс әрекетті жобалау. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. едагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау – білім алушы мен оқытушының болашақ іс-әрекетттерінің негізгі бөлшектерін алдын ала даярлау. Педагогикалық жобалау педагогтің маңызды ұйымдастырушылық, гностикалық (білім алушылармен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативтік функцияларының қатарына жатады. Мұнда білім алушылармен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады. Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және нәтижелерін болжаудан тұрады. Жобалармен жұмыс істеу білім алушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері де өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Жобалау іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін берілуі; кең спектрлі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс. Біз «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында жеке тұлғаға жан-жақты білім берудің және тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологиялардың өнімді қолданылуы мен енгізілуін нақты мақсат етіп көздеуде. 53.Педагог мамандығына мотивациялық құндылықты қатынас. Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.Педагогикалық әрекет мотивациясы, адам мінез-құлқы мен әрекетінің мотивациясы сияқты күрделі және аз зерттелген проблемалардың бірі болып табылады. Педагогикалық мамандық таңдау мотиві мен педагогикалық әрекет мотивациясының өзара байланысы жөніндегі арнайы зерттеулер жоқ деуге болады.
мұғалім қатты күш-жігермен, ұмтылыспен жұмыс істеп, нәтижесін көреді, ал екіншісінде - өзін-өзі қинап, ауыр жұмыс істеп, еш Белгілі бір мотивке байланысты педагогикалық мамандықты таңдау көбінесе оқу мотивіне байланысты болып келеді. Мотивтердің жетекші (доминантты) және ситуативті (мотив-стимул), сыртқы және ішкі болып бөлінуі болашақ мұғалімдерге оқу, ал жұмыс істейтін мұғалімдерге олардың іс-әрекетін болжау мақсатқа бағытталған ұмтылыс түрінде беріледі. Іс-әрекет мақсаты мен мотиві бұл жерде сәйкес келеді. Кейбір ситуациялар күштеп мақсатқа бағытталады, онда мақсат пен мотив сай келмейді. Бұл жағдайда педагогикалық іс-әрекет мақсатына мұғалім немқұрайды қарайды .
Бірінші ситуацияда нәтиже шығармайды. Бірақ педагогикалық іс-әрекет күрделі болып табылғандықтан, күші, әлеуметтік мәні, жеке бастық сипаттамасы бойынша бірнеше мотивтер арқылы пайда болады. Педагог жоғары нәтижеге жету үшін жақсы жұмыс істеуі қажет, сонымен қатар өзінің қажеттілігін де қанағаттандыру керек (әріптестерінің қуануы, моральды және материалды мадақтау және т.б.).
55.Қарым-қатынас стильдеріПедагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады. Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр.