Сабақтың тақырыбы: Құрама есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар
Жоспар
1.Құрама есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар
1.Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі – оқушының байқау көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекілік әдісі.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім-мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Көрнекілік үрдісі мұғалімнің шығармашылығының ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, оны сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Оқыту процесінде есеп шығаруды көрнекі құралдар әр түрлі мақсаттармен пайдаланылады: Жаңа материалды таныстыруға дайындық жұмысы, жаңа материалмен таныстыру үшін, оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгендігін тексеру үшін.
Құрама есептермен таныстыруға дайындық жұмысы құрама есептің жай есептен негізгі айырмашылығын оқушылардың түсінуіне көмектесуі тиіс. Ол үшін құрама есепті таныстырудың дайындық кезеңіне оқыту мен көрнекі құралдар пайдалану әдістемесін көрсетейік.
Құрама есептерде жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе берілетін білімдерді нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланылады. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациалау қызметін атқарады. Мысалы, есептің шығару жолын балаларың іздеп табуына көмектесе отырып, мұғалім есепке схемалық сурет немесе чертеж салады; Есептің әдісін түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті жазуларды жазып көрсетеді т.с.с. Мұнда түсініктемесінің өз мәнін көрнекі құралмен істелетін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, иллюстрациялау, көрнекі құралды дер кезінде пайдалану маңызды. Есептеуде есептер шығаруда қозғалысты айқын көрсетіп отыру керек. Мысалы, қосу-жылжытып қосу қою, азайту- жылжытып алып қою т.б. түсініктемені суретпен сызбамен және тақтаға математикалық жазулармен жазып көрсете отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп қоймай, сонымен бірге жұмыс жәптеріне орындау үлгісін де көрсетеді, мысалы дәптерге сызба мен шешуін қалай орналастыру керектігін, әріптердің көмегімен периметрді (ауданды) қалай белгілеу керектігін т.б. көрсетеді. Сондықтан сызбалар мен жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды әдемелеп орналастыру және олар барлық балаларға жақсы көрінетін баяу жағын қадағалап отыру қажет.
Жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері мен біліктерін бекітуде көрнекі құралмен істелетін жұмысты, оқушылардың өздері алып көрсетіп, іс-әрекеттеріне тиісті түсініктемелерді беріп отыратындай етіп (қосуды өткенде нәрселер жиындарын біріктіріп, шыбықтарды пайдаланып, тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды модельдеуді т.с.с.) ұйымдастыру керек. Материалдың игерілуі мұндай жағдайда да едәуір жоғарылайды, өйткені жұмысқа түрліше анализаторлар (көру, қозғалту, сөйлеу, есту) қатысады. Мұнда балалар тек математикалық білімдерді ғана меңгеріп қоймай, көрнекі құралдарды өздігінен пайдалану білігін де игереді. Мұғалім балалардың көрнекі құралдарды өзіндік жұмыста пайдалануын мейлінше мадақтап отыруы керек.
Білімдер мен біліктерді бекіту кезеңінде алуан түрлі жаттығулар үшін анықтағыш кестелер, ауызша есептеу кестелері, суреттер, схемалар, балалардың есептер құрастыруына қажетті сызбалар кең түрде қолданылады. Өлшеу қалыптастыру үшін сызба өлшеу аспаптары пайдаланып, сызуға және өлшеуге берілген жаттығулар еңгізіледі. Көрнекі түрде қабылдағанды модельдеу, сурет салу, сөбен сипаттау жолымен суреттен көрсетуді қолдану ұсынылады.
Көрнекі құралдарды кейде оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін де пайдаланылады мысалы, көрнекі құралдар арқылы берілген есеп шартынан есеп құрастыру т.б. жатады. Таратылып берілген дидактикалық материалды пайдаланып, геометриялық мазмұнда есептерде көп бұрыш ауданын және периметрін табуды т.б. білетін-білмейтіндері тексеріледі. Кейде берілген көрнекі құралдардан есеп түрлерін ажырата білуде тапсырмалар ұсынуға болады.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты сабаққа көрнекі материалды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып табылады (қажетінше, шамадан тыс емес). Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді.
Көрнекі құралдар – бұл мұғалімнің сабақты құнарлы өту үшін бірінші орындағы көмекші болып есептеледі. Көрнекі құралдар арқылы түсіндірілген сабақ әрдайым баланың санасында көпке дейін немесе мәңгі қалады.
Енді осы құрама есептер шығаруда қолданылатын көрнекіліктер түрлерін қарастырайық.
Құрама кері және өзара кері есептермен таныстыру.
«Бірінші шебер 23 қамшы, ал екіншісі 2 қамшы артық өрді. Екі шебер неше қамшы өрді?». Есеп шартын көрнекілікпен көрсетейік:
«Екі шебер 48 қамшы өрді. Оның біреуі 23 қамшы өрді. Екінші шебер біріншіге қарағанда неше қамшы артық өрді?»
Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Кері есептер болып табылады ма? Неліктен?
23 + (23 + 2) = 48 (қ.) (48 – 23) – 23 = 2 (қ.)
25 25
Барлық талаптар орындалады: мазмұны ұқсас (қамшы өретін шеберлер); сандары ұқсас (23, 25, 2, 48); бір есептің шарты (белгілі) екіншісінің сұрағы (белгісіз) болады және керісінше, ендеше бұл есептер кері есептер [34].
Есептің шарты мен сұрағын өзгертудің мүмкін нұсқаларына қарай, яғни берілген деректер мен ізделінді қанша болса, сонша бірнеше өзара кері есептер құрастыруға болады: жоғарыдағы есепте екі дерек (23 және 2) және екі ізделінді, яғни барлығы 4, демек, 4 өзара кері есептер құрастыруға болады, мұнда біз екеу құрастырдық, енді екеу құрастырамыз:
«Бір шебер 25 қамшы, ал екіншісі одан 2 қамшы кем өрді. Екі шебер неше қамшы өрді?»
«Екі шебер 48 қамшы өрді. Оның біреуі 25 қамшы өрді. Бірінші шебер екіншіге қарағанда неше қамшы кем өрді?»
Мысалы, Бақта 4 алмұрт ағашы және одан 4 есе артық алма ағашы өсіп тұр. Бақта барлығы қанша жеміс ағашы өсіп тұр?
Алмұрт – 4
Алма – 4 есе артық.
Шешуі: 4 · 4 =16
4+16=20
Жа у а б ы: 20 жеміс ағашы.
Берілген есепке кері есеп құрастыру. Бақта 16 алма ағашы өсіп тұр. Одан 4 есе кем алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақта барлығы жеміс ағашы өсіп тұр?
Алма – 16
Алмұрт – 4 есе кем.
Шешуі: 16 : 4 = 4
16+4 =20
Жауабы: 20 жеміс ағашы.
График түрінде иллюстрациялау.
Графиктер – бұл «кесінді» түріндегі иллюстрация, сондықтан шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы қатынастар берілген есептерді графикпен иллюстрацияланған жеңіл.
Мысалы: «Бір бумада 15 м мата болды. Алдымен 5 метр, содан соң 4 метр сатылды. Бумада неше метр мата қалды?»
Графиктік модель жағдаяттарды нақты түсінуге, деректер мен ізделінді арасындағы байланыстың құрылымын анық көрсетуге ықпал етеді, яғни есептің шешу жолын жорамалдайды, әр түрлі тәсілмен есептің шешуін өрнек арқылы жазуға оқушыларды үйретеді.
I. 15 – 5 – 4 = 6 (м)
II. 15 - (5 + 4) = 6 (м)
Осы берілген есепке кері есеп құрастырайық.
Есеп шартын график түрінде көрсету белгілі мен белгісіз арасындағы байланысты анық көруге үйретеді және есеп шешуін өрнек арқылы жазуға оқушыларды үйретеді.
Берілген есепке кері есеп құрастырылып көрнекілік арқылы көрсетейік.
«Бір мектептен жарысқа екінші мектептен қарағанда 2 есе кем, ал екінші мектептен 36 бала қатысты. Барлығы неше бала жарысқа қатысты?»
36 + (36 : 2) = 54
Сызба түрінде иллюстрациялау.
Қозғалысқа берілген есепті сызба түрінде иллюстрациялау өте қолайлы, оның үстіне сызба қозғалмалы болуы мүмкін, оны өз кезегінде өзара кері есептерді құрастыру мен шығаруда қолдану жақсы. Есеп шартын көрнекілік бойынша көрсетейік.
30 км / сағ 3 сағ 20 км / сағ
30 км/сағ ? сағ 20 км/сағ
Сызбаларды оқушылардың көзінше тіпті өздерін қатыстыра отырып, есепті талдаумен қатар құрастырған жөн.